|
|||
ылмыстық істер бойынша сот сараптамасын тағайындаудың негізі мен тәртібі.2.Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасын тағайындаудың негізі мен тәртібі. Сараптаманы бірінші сатыдағы сотта тағайындаудың қажетгілігі істі алдын ала тындау барысында да, сондай-ақ тікелей басты сот талқылауында да анықталуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы «Кылмыстык іс бойынша сот сараптамасы туралы» №16 Нормативтік қаулысының 4-тармағына сәйкес істі алдын ала тыңдау барысында сараптама тағайындау дәлелдемелерді бағалаумен байланыссыз, ал оны жүргізу ҚІЖК-нің 241-бабына сәйкес міндетті болғанда, тараптардың өтініші бойынша сот сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады. Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде судья өзінің бастамасы немесе процеске қатысушылардың өтініштері бойынша басты сот талқылауында сараптаманы тағайындау қажеттілігі туралы мәселені шешеді. Егер алдын ала тергеу барысында арнаулы ғылыми білімді пайдаланумен зерттеуді қажет ететін мән-жайларды анықтау үшін сараптама жүргізілмеген болса, онда сотта сараптаманы тағайындау және басты сот отырысына сараптама жүргізу тапсырылатын хабардар адамды шақыру туралы шешім қабылданады. Тиісті әрекеттердің мүмкіндігі ҚІЖК-нің 302-бабы 2-бөлігі 4),6) тармақтарынан көрінеді. Сотта сараптаманы тағайындау ҚІЖК-нің 354-бабы талаптарын ескере отырып ҚІЖК-нін 32-тарауында баяндалған ережелер бойынша жүзеге асырылады. Басты сот талқылауы барысының дәйектілігінен шыға отырып, ең алдымен, осы істі жүргізуге бұрын қатыспаған хабардар адамды сарапшы етіп тағайындау туралы мәселені шешіп алу керек, өйткені ҚІЖК-нің 341-бабына сәйкес сарапшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру сот тергеуінін және тиісінше сотта сараптаманы тағайындаудың алдында болуы керек. Төрағалык етуші сараптаманы кімге тапсыратындығын хабарлады десек, содан кейін осы аталған адамға қарсылык білдіру және өз-өзіне қарсылық білдіру жөнінде өтініш болмаған кезде, сот іс бойынша адамды сарапшы ретінде тарту туралы қаулы шығарады. Мұндай қаулы соттын кеңесу бөлмесіне кетпей-ақ шығарылуы мүмкін. Әрі карай сарапшыға оның іс жүргізу өкілеттігі түсіндіріледі, оған ҚК-нің 352-бабы бойынша көрінеу жалған қорытынды берудің қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертіледі. Соттергеуін жүргізу кезінде сарапшыға дәлелдемелерді зерттеуге қатысу құқығы берілген. Сарапшы сот отырысында төрағалық етушінің рұқсатымен сараптама мәніне қатысты мән-жайларды зерттеуге қатысуға: жауап алынатын адамдарға сұрақ беруге, қылмыстық істін материалдарымен танысуға, сараптама мәніне қатысты барлық сот іс-әрекеттеріне қатысуға құқығы бар (ҚІЖК-нің 354-бабы 4-6). Сарапшының дәлелдемелерді зерттеуге қатысуы ол жүргізетін сараптаманың негізіне салынатын алғашкы мәліметтердің барынша толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар. Төрағалық етуші сарапшының барлық аталған құқықтарының сақталуын және онын сот тергеуінде белсенді қатысуын қамтамасыз етуі керек, өйткені дәл осыдан сарапшылық зерттеудің объективтілігі, толықтығы мен негізділігі көрінетін болады. Дәлелдемелерді зерттеуге сарапшының қатысуы белсенді және мақсатқа лайық болуы керек. Сонымен бірге, оның дәлелдемелерді қабылдау түсінігінің бағыттылығы оны сараптама тақырыбына жатпайтын эпизодтарды қарау уақтысында, сот тергеуіне қатыспауға мүмкіндік береді. Сарапшы сот тергеуіне қатыса отырып, өзінің арнаулы ғылыми білім шеңберінен шықпауы, құқықтық сипаттағы сұрақтарды қоймауы керек. Сотта сараптама жүргізудің практикасы сарапшының іс мән-жайларын зерттеуге қатысуы, негізінде, заттай дәлелдемелер мен кұжаттарды және сот отырысында жауап алынатын адамдарға қойылатын сұрақтарды қарауға қатысуы арқылы іске асырылатындығын айғақтайды. Сарапшының қоятын сұрақтарының бағыттылығының жалпы ұксастығы кезінде олар жүргізілетін сараптама түрлеріне байланысты белгілі бір шенберде түрленуі мүмкін. Іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін, төрағалық етуші сарапшыға жазбаша түрде сұрақ беруді ұсынады. Қойылған сұрақтар жария етілуге және олар бойынша сот талқылауына қатысушылардың пікірлері тыңдалуға тиіс. Тараптар сарапшылық зерттеу объектісі ретінде заттарды, құжаттарды ұсынуға құқылы. Оларды мұндайлардың қатарынан шығарғанда, сот дәлелді қаулы шығаруға міндетті (ҚІЖК-нің 354-бабы 5,6-6.). Сарапшы тиісті әдістеменің, қажетті алғашқы мәліметтердің, өзінің ғылыми құзыретінің болмауы себептеріне байланысты шешудің мүмкіндігі жоқ сұрақтарға соттың және өзге қатысушылардың назарын аудара отырып, ұсынылған мәселелерді талқылауға қатысуы керек. Әрі қарай сот сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады, төрағалық етуші оны жария етеді және көшірмесін, сондай-ақ зерттелінетін объектіні сарапшыға тапсырады. Алдағы сарапшылық зерттеудің қиындығын ескеріп, сот тараптардың пікірлерін тыңдап болып, тексеру жүргізу үшін қажетті уақытқа сот отырысын кейінге қалдыруға құқылы. Сот сараптамасы тікелей сотта, сондай-ақ сарапшылық зерттеуді жүзеге асыруға қажетті жағдайлар бар өзге де жерлерде жүргізілуі мүмкін. Зерттеу жүргізу нәтижелері бойынша сарапшы қорытындыны жазбаша түрде береді және оны сот мәжілісінде жария етеді, содан кейін одан жауап алу ҚК-нің 355-бабында көзделген ережелер бойынша жүргізілуі мүмкін. Сарапшының қорытындысы іске тігіледі. Сотта сараптаманы өткізу оның алдын ала тергеуде жүргізілмеген және сотпен алғашқы реттағайындалған жағдайларда ғана емес, сонымен бірге сараптама алдын ала тергеу сатысында жүргізілген кезде де жеке өзіндік іс жүргізу әрекеті болып табылады. Осыған қарағанда, сотта жүргізілетін сараптама әрдайым негізгі және бастапқы болады. Сотта негізгі немесе бастапқы сараптамаларды жүргізгеннен кейін қосымша және қайталама сараптамалар тағайындалуы мүмкін, оны ҚІЖК-нің 354-бабы 10-бөлігінің мазмұнынан көруге болады, соған сәйкес ҚІЖК-нің 255-бабында көзделген жағдайларда сот талқылауында сараптаманы жүргізуге сәйкес, сот қосымша немесе қайталама сараптама тағайындауға құқылы. Іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу барысында қорытынды берген сарапшы сотқа шақырылған жағдайда, сот қорытындыны жария еткен соң, егер ол күмән келтірмесе, сараптама тағайындамауға және сарапшыдан жауап алумен шектелуге құқылы (ҚІЖК-нің 354-бабы 11-6.). Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңы апелляциялық сатыда сараптама тағайындаудың мүмкіндігін қарастырады, ол ҚІЖК-нің 410-бабы 1-бөлігінде көрінеді. Тиісті мәселелер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы «Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы» № 16 Нормативтік қаулысында түсіндірілген. Апелляциялық сатыдағы сот тараптардың өтініші немесе өз бастамашылығы бойынша, егер іс бойынша: сотталушының ақыл-есінің дұрыстығына немесе қылмыстық іс жүргізуде әз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілетіне күмән туғанда, оның психикалык жай-күйін; іс үшін маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар беру қабілетіне күмән туған жағдайда, жәбірленушінің, куәнін психикалық жай-күйін анықтау қажет болғанда сот-психиатриялық сараптама тағайындауға құқылы. Егер істегі бар және сот отырысында зерттеуді қажет етпейтін қосымша ұсынылған материалдар бойынша сараптама жүргізу мүмкін болған жағдайларда ғана апелляциялық сатыдағы сот өзге сараптама тағайындауы мүмкін. Егер апелляциялық тәртіпте істі қарау кезінде сарапшылық зерттеу қажет деп анықталса, бірақ оны жүргізу үшін бір мән-жайларды анықтау немесе қосымша материалдар, сарапшылық зерттеу объектілерін жинау талап етілсе, онда мұндай жағдайларда сот актісін қайтарғаннан кейін тек бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауы кезінде сараптама тағайындалуы мүмкін.
|
|||
|