Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәріс №7. Тақырып: Сот сараптамасы және процесске қатысушылардың процессуалдық жағдайы.



Дәріс №7. Тақырып: Сот сараптамасы және процесске қатысушылардың процессуалдық жағдайы.  

1.Процесске қатысушылардың процессуалдық жағдайы мен сараптама жүргізу жалпы мәселелері

2.Сараптама жүргізу кезінде сезікті мен айыпталушылардың және куәнің құқықтары мен міндеттері

1.Процесске қатысушылардың процессуалдық жағдайы мен сараптама жүргізу жалпы мәселелері

Сараптама сарапшы арнайы ғылыми бiлiмдер негiзiнде жүргiзетiн iс материалдарын зерттеу нәтижесiнде iс үшiн маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкiн жағдайда тағайындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы өзге адамдардың мұндай бiлiмiнiң болуы қылмыстық iстi жүргiзушi адамды тиiстi жағдайларда сарапшы тағайындау қажеттiлiгiнен босатпайды.241-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау Егер iс бойынша:

1) өлiмнiң себептерiн, денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;

2) iс үшiн маңызды болып, бiрақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе күмән туғызғанда сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;

3) ақыл-есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық iс жүргiзуде өз құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау қабiлетi жөнiнде күмән туғанда сезiктiнiң, айыпталушының психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн;

3-1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасаған айыпталушының психикалық жай-күйiн;

4) iс үшiн маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар беру қабiлетiне күмән туған жағдайда жәбiрленушiнiң, куәнiң психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн анықтау қажет болғанда;

5) iстiң өзге мән-жайы басқа дәлелдермен дәл анықталмайтын болса, сараптаманы тағайындау мен жүргiзу мiндеттi болады.

 Қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындау қажет деп тани отырып, бұл туралы қаулы шығарады, онда: сараптама тағайын­даған органның атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптаманың түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпа­рат, сондай-ақ көрсетілген объектілерді зерттеу барысында толық немесе ішінара жою, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгерту мүмкіндігіне рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Қылмыстық процесті жүргізуші орган­­ның сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және өз құзыретіне жататын орган­дар­дың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.

 Істе ревизия, тексеру актілерінің, ведом­стволық инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ іс жүргізу әрекеттері барысында мамандар жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша жасалған ресми құжаттардың болуы нақ сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Сараптама өздерінің немесе өздеріне берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылардың бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өзінің немесе өзіне беріле­тін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушы қылмыстық процесті жүргізуші органға, өз пікірі бойынша, сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін адамды (адамдарды) атайды. Бұл ретте, шешілуі өзіне ұсынылған мәселелер қылмыстық іске немесе сот сарапта­масының нысанасына жатпайтын жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындаудан бас тартуға құқылы емес. Бастамасы бойынша сараптама тағайын­далып отырған процеске қатысушы сараптамалық зерттеу объектілері ретінде заттарды, құжаттарды ұсына алады. Қылмыстық процесті жүргізуші орган дәлелді қаулысымен оларды мұндай объектілердің қатарынан алып тастауға құқылы. Қылмыстық процесті жүргізуші орган ұсы­нылған мәселелерді қарап, олардың қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтындарын қабылдамайды, сарапшыдан бас тартуға негіздердің бар-жоғын анықтайды, содан кейін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады. Сараптама жүргізуге байланысты шығыс­тарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының ережелері бойынша жүргізіледі. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, егер сараптама жүргізу кезінде олардың қатысуы міндетті деп танылса, сезіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні сарапшыға жеткізуді қамтамасыз етеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.