|
|||
Сот сараптамасының құзыреті мен өкілеттігі: құқықтары мен міндеттері.1.Сот сараптамасының құзыреті мен өкілеттігі: құқықтары мен міндеттері. Сот сараптамасын: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарын; 2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының сот сараптамасы органдарын, оның ішінде өздерінің функцияларына сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамаларды жүргізу жатқызылған денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық ұйымдарын қамтитын сот сараптамасының мемлекеттік ұйымдарының жүйесі жүзеге асырады. Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары: 1. Сот сараптамасы органының басшысы: 1) егер: сот сараптамасын жүргізу үшін ұсынылған материалдар заң талаптарына сәйкес келмесе; осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сот сарапшысы болмаса; сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген, сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы қажетті сот-сараптамалық зерттеу жүргізуге мүмкіндік бермесе, тиісті дәлелдерді көрсете отырып, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды орындамастан және зерттеуге ұсынылған объектілерді сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) қайтаруға; 2) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға; 3) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында шет мемлекеттің сот сарапшысын тарту туралы өтініш жасауға; 4) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында сот сараптамасы ісін жүргізу мерзімін ұзарту туралы дәлелді өтініш жасауға құқылы. Сот сараптамасы органы басшысының заңмен көзделген өзге құқықтары да болады. 2. Сот сараптамасы органының басшысы: 1) сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті зерттеу объектілерін дербес талап етуге; 2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) келісімінсіз оны жүргізуге тартуға 3) сот сарапшысына нақты сот сараптамасы бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқау беруге құқылы емес. Сот сараптамасы органы басшысының міндеттері Сот сараптамасы органының басшысы: Сот сарапшысының құқықтары: 1. Сот сарапшысының: 1) сот сараптамасының нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға; 2) қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге; 3) қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырыстарына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сот сараптамасының нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; 4) өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты оларға енгізілуге жататын ескертулер жасауға; 5) сараптаманы тағайындаған органның келiсiмi бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыретi шегiнде қорытынды беруге; 6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға, одан бас тартуды мәлімдеуге; 7) сот сараптамасын жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) және істі жүргізуге қатысатын өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттеріне шағым жасауға; 8) сот сараптасын жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар. Сот сарапшысының заңмен көзделген өзге құқықтары да болады. Сот сарапшысы:
|
|||
|