Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сот сараптамасының мемлекеттік реестрі.



3.Сот сараптамасының мемлекеттік реестрі.

Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сондай-ақ сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиялары бар адамдар туралы мәліметтер мақсаттарын және қалыптастырылу мен пайдаланылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. ҚР «Сот сараптамасы» туралы Заңның 12-бабының 3-тармағында / 3. Біржолғы тәртіппен сараптама жүргізу: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот сараптамалары түрлерінің тізбесінде көзделмеген сот сараптамасы тағайындалған;2) осы Заңның 49-бабына сәйкес шет мемлекеттің маманы сарапшы ретінде тартылған;3) сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын, сондай-ақ сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын тиісті мамандықтағы барлық сот сарапшыларының бас тартулары қанағаттандырылған не сот сараптамасы органы тұтастай сот сараптамасын жүргізуден дәлелді түрде шеттетілген жағдайларда тапсырылуы мүмкін./ көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам) оны жүргізуді Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне ол туралы мәліметтер енгiзiлген сот сарапшысына тапсырады.

 

Дәріс №9. Тақырып: Сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негізі

1.Сараптамалық зерттеу әдістемесінің түсінігі және оны сот сараптамасын жүргізу кезінде жүзеге асыру.

2.Сараптамалық зерттеу кезеңдері.

 

1. Сараптамалық зерттеу әдістемесінің түсінігі және оны сот сараптамасын жүргізу кезінде жүзеге асыру.

Сарапшылық зерттеу – күрделі шығармашылық процесс, онда ғылым мен техника жетістіктерін білу, қазіргі тиімді зерттеу әдістемелерін меңгеру, сарапшының білік – дағдысы іске асырылады.

Сот сараптамасының әрбір тегі мен түрлеріне тән белгілер зерттеу әдістерінен тұратын сарапшылық зерттеудің тиісті әдістемесі болып табылады.

Сот – сарапшылық зерттеу әдісі – бұл сарапшының алдына қойылған сұрақты шешу үшін деректерді алудың логикалық және аспапты операциялар (тәсілдер, амалдар) жүйесі.

Сот – сарапшылық зерттеу әдістемесі – сараптамалардың белгілі бір тегі, түрі тақырыбына жататын нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы обьектілерін оқып – зерттеу кезінде қолданылатын әдістемелер (амалдар, техникалық құралдар) жүйесі.

Сот – сарапшылық зерттеудің әдістемесі сарапшылық міндеттерді шешуге бағдарланған болғандықтан, оның өзіндік ерекшелігі сараптаманың тақырыбы мен обьектілерінің ерекшеліктерімен есептеледі.

Сот сараптамасында пайдаланылатын әдістер, көбінде, жаратылыс және техникалық ғылымдардан алынған және сараптаманың міндеттерімен обьетілерінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес түрлендірілген.Олар іске асыру нысандары – амалдар, техникалық жабдықтар бойынша жалпы ғылыми әдістерінен елеулі айырмашылығы болады.

Сарапшылық зерттеу дәлелдеудің элементі болғандықтан, тиісті әдістер ҚІЖК – нің 129- бабы 3-бөлігінде көзделген сипаттамаларға сәйкес, олар:

1. заңмен тікелей көзделген немесе оның нормалары мен принциптеріне қарама – қайшы келмейтін;

2. ғылыми орныққан;

3. қылмыстық іс бойынша жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін;

4. қауіпсіз болуы керек.

Сот – сарапшылық зерттеу әдістерін қолданудың нәтижелері барлық процеске қатысушылар үшін анық және көрнекті болуы керек.

Сараптама тағайындау процесінде сараптамалардың әр түрлі кластарын, тектері мен түрлерінің әдістерін әзірлеу деңгейлерін ескерген маңызды, ол үшін сарапшылық зерттеу мүмкіндіктері жөнінде алдын ала кеңестер өткізу керек.

Сот сараптамасының жаңа әдістермен баюы бірнеше нұсқаны көздейді. Заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде сот ісін жүргізуден тыс басқа ғылымдарда ұқсастығы бар проблемалық жағдайлар жиі пайда болғандықтан, сарапшылық практикаға өзге ғылыми міндеттерді шешу үшін әзірленген әдісре кеңінен енгізіледі.

Шешілетін міндеттің өзіндік ерекшеліктері басқа ғылымдарда қолданыстағы әдістерді тек түрін өзгерте және оларды толықтыра пайдалануға мүмкіндік беретін болса, сарапшылық практикаға жаңа әдістерді енгізудің екінші жолы да қолданыс табады. Мұнда әдістің модификациясы құрылады. Мысал ретінде биологиялық обьектілердің термикалық сипаттамаларын зерттеу әдісі негізінде жасалған сұйық кристалл индикаторларын пайдалану әдісін әзірлеуді келтіруге болады.

Аталған екі әдістен басқа, заттай дәлелдемелерді криминалистік зерттеуге әдейі арналған әдістердің әзірлеме нұсқалары бар. Криминалистік сраптама әдістерін медицинада, антропология мен өзге де ғылыми білім салаларында пайдалану мысалдары бар.

 Сот – сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерін жіктеу

Сот – срапшылық зерттеу әдістерін ғылыми практикалық қызмет ретінде жіктеу әр түрлі – ортақтық дәрежесі мен олардың дәреже сатысы, әдістер алынған ғылым салалары, алынатын ақпарат сипаты, зерттеу обьектісіне әсер ету дәрежесі негіздері бойынша жүзеге асырылады.

Ортақтық дәрежесі мен олардың дәреже сатысы бойынша әдістер былайша бөлінеді:

1. Жалпылама әдіс (диалектикалық және формалды логика)

2. Жалпы әдістер: бақылау, салыстыру, сипаттау, өлшеу, эксперимент, модельдеу және т.б.

3. Жеке ғылыми әдістер. Т.В. Аверьянов дәл атап көрсеткендей, негізінде өзінің мазмұны бойынша бұл санат ғылыми зерттеудің арнаулы әдістері санатына ұқсас. Жеке ғылыми әдістерді қолданудың аясы бір текті немесе пайдаланылатын сипаты бойынша бір – біріне жақын бірнеше білімдердің сараптамасы болып табылады. Мұндайға фотографиялық, физикалық, химиялық, математикалық және сол сияқты әдістер жатады.

4. Арнайы әдістер. Бұл әдістер нақты, жекелеген обьектіні зерттеу үшін әзірленеді. Мысал ретінде адсорбциондық – люминесцентті, диффузиялық – көшірме әдістерді келтіруге болады.

Обьектілердің зерттелетін белгілеріндегі бейнеленіп алынатын ақпараттың сипаты бойынша, әдістер бейнелерді талдау, морфологиялық талдау, физикалық, химиялық және обьектілердің басқа қасиеттерін талдау әдістері деп бөлінеді.

Обьектілерге әсекр етудің дәрежесінен шыққанда, бұзылмайтын әдістерге бөлінеді, оларға обьектіге әсер етпейтін және сынама дайындықты іске асыруды қажет етпейтін әдістер жатады.

Сот – сарапшылық зерттеу әдістемелері де жіктеледі.Мысалы, орталық дәрежесі бойынша типтік және нақты әдістеме болып бөлінеді.

Типтік сарапшылық әдістеме - типтік срапшылық міндеттерді щещудің жинақтап қорытылған тәжірибесінің көрінісі. Белгілі бір жағдайларда бұл әдістемені сарапшы қандай да бір бейімдеусіз, өзгертусіз қолднауы мүмкін.

Нақты немесе жеке әдістеме – типтік әдістемені бейімдеу, өзгертудің нәтижесі немесе сарапшылық міндетті шешуге шығармашылық түрде келудің жемісі болып табылатын нақты сарапшылық міндетті шешудің тәсілі.

Нақты әдістеме сарапшының қызметі нәтижесі ретінде мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:

1 сарапшының практикада немесе сараптама процесінде жүргізген эксперименті нәтижесінде жаңадан, алғашқы рет туындаған сарапшылық міндетті шешу үшін өзінің жеке тәжірибесін іске асыруда;

2 сарапшының шығармашылық тәсіл көрсетуі: стандартты аспапты жетілдіруде, жалпы қабылданған әдістемені өзгеше ерекше амалмен толықтыруда;

3 әр түрлі ғылымдардың деретері мен әдістерін синтездеу арқылы осы зерттеу үшін құрылған сарапшылық әдістеме негізінде міндетті толық көлемде шешуде.

Сарапшылық практикада тек ғылыми негізделген, мақұлдап – қорытылған, сарапшылық әдістеме типтік мәртебе алу үшін, ол мақұлдану және ендіру сатыларынан өтуі керек. Осыған сәйкес әдістемелер алдын ала ғылыми сынаққа берілуі, оны сот сараптамасы органының ғылыми - әдістемелік кеңесінің бекітуі, арнаулы мемлекеттік тізілімінде стандартты ресімдеу мен тіркеуден өтуі керек.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.