|
|||
тақырып. Сот сараптамасын тағайындаудың ұйымдастырушылық мәселелері. Қазақстан Республикасының сараптамалық мекемелері.4- тақырып. Сот сараптамасын тағайындаудың ұйымдастырушылық мәселелері. Қазақстан Республикасының сараптамалық мекемелері. Сот сараптамасын тағайындау жұмысында процессуалдық шешімдерді қабылдау, сонымен қатар сараптама жүргізетін мекемені немесе нақты сарапшыны таңдау мәселелерінен тұратын ұйымдастырушылық жұмыстар маңызды болып табылады. Ұйымдастырушылық мәселелер сараптама тағайындаудың сатысына қарай да шешіледі, бұл саты шартты түрде екіге, дайындық және сараптаманы тапсыру сатысына бөлінеді. Өз кезегінде дайындық сатысы ұйымдастырушылық мәселелерді шешуді талап ететін келесідей кезеңдерген бөлінеді: Сараптаманы тағайындау туралы шешімді қабылдау. Бұл кезең алдын ала тергеу немесе істі сотта қарау кездерінде іс үшін маңызы бар жағдайларды анықтау үшін арнайы білімді қолдануды талап ететін жағдайлар туындауы мүмкіндігін білдіреді. Басқаша айтқанда, істің бастапқы жағдайларын анықтау үшін дәлелдеу субъектісінде дәлелдемелік мәліметтерді алудың тәсілдері бойынша мүмкіндігі таусылса, онда тергеуші немесе сот сараптама тағайындау туралы шешім қабылдай алады. Сараптамалық қарастыруды талап ететін міндеттерді анықтау. Тергеуші (сот) сараптамалық зерттеудің мақсаттарын нақтылауды және сараптаманы жүргізу үшін қажетті және жеткілікті жағдайларды білдіретін алдағы тұрған зерттеудің нақты міндеттерін дәл анықтауы керек. Сараптаманың нақты түрін анықтау. Бұл мәсеғлені шешу сараптамалық білімді қолданудың тиімділігін білдіреді. Осыған байланысты, тергеуші немесе сот сараптаманың топтастырылуына және олардың мүмкіндіктеріне маманданған түрде сүйенуі керек. Мысалы сараптаманың процессуалдық түрін дұрыс анықтамау (қосымша, қайталанған) оларды тағайындау кезінде процессуалдық заңды бұзуға соқтыруы мүмкін, ал нақты сараптама түріне қатысты ғылыми ілімді қолданудың мүмкіндігін бұрыс бағаламау, сарапшының сараптама жүргізуден бас тартуына әкелуі мүмкін.
|
|||
|