Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасының сараптамалық мекемелері.



 Қазақстан Республикасының сараптамалық мекемелері.

    Қазіргі заңға сәйкес сот сараптамасы Қазақстан Республикасында арнайы бекітілген органдармен, сол сияқты жекелеген сарапшылармен жүргізіледі. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» ҚР Заңының 20 бабына сәйкес сот сараптамасының мемлекеттік ұйымдарының жүйесіне мыналар кіреді:

1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптамасы органдары;
 2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының сот сараптамасы органдарын, оның iшiнде өздерiнiң функцияларына сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамаларды жүргiзу жатқызылған денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық ұйымдарын қамтитын сот сараптамасының мемлекеттiк ұйымдарының жүйесi жүзеге асырады.

   Қазіргі уақытта сараптама жүргізетін ресми бекітілген арнайы мемлекеттік органдардың тізімі жоқ, бұл мәселе осы саладағы заңның мәселесі болып саналады. Негізінде сот-сараптамалық қызметті жүргізетін мемлекеттік органдардың олардың атқаратын қызметтері көрсетіле отырып, толық тізімі заңда анықталуы керек. О.Г. Кузнецованың пікірінше мұндай органдардың қатарына мыналар жатқызыла алады:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет минисатрлігінің сот сараптамасы орталығы және оның территориялық бөлімшелері. Олардың қызметтеріне мыналар жатады:   

     1)  ҚР ӘМ  ЦСЭ жүргізілетін сараптамалар түрлерінің тізіміне сәйкес қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот өндірісі саласындағы сот-сараптамалық қызмет және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігімен біліктілігі берілетін сараптамалық мамандықтар;  

    2)  сот сараптамасын дайындау, тағайындау және сот сараптамасы нәтижелерін бағалау мәселелері бойынша құқыққорғау органдары қызметкерлерімен және судьялармен оқу-әдістемелік жұмыстар;  

     3) сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

    4) сот сараптамасы түрлерінің Тізіміне сәйкес іске асырылатын ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету; 

    5) қызметтерінің бағыттары бойынша сот сарапшыларын таңдау, кәсіби дайындау және біліктілігін көтеру;

       2.  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің сот медицина орталығы және оның территориялық бөлімшелері. Олардың қызметтеріне мыналар жатады:   

    1) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот өндірісіндегі келесідей сот-медициналық сараптамалар түрлерін жүргізу бойынша сот-сараптамалық қызметтер:  

    а) тірі адамдарды сараптамалау;

    б) мәйіттер;

    в) биологиялық сипаттағы заттай айғақтар;

    г) іс материалдары бойынша;

    д)сот-химиялық;

    е) сот-токсикологиялық;

    ж) криминалистикалық физико-техникалық сараптама.

    2)  сот сараптамасын дайындау, тағайындау және сот сараптамасы нәтижелерін бағалау мәселелері бойынша құқыққорғау органдары қызметкерлерімен және судьялармен оқу-әдістемелік жұмыстар

    3) сот-медициналық сараптама саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

    4) сот сараптамасы түрлеріне сәйкес іске асырылатын ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету; 

    5) қызметтерінің бағыттары бойынша сот сарапшыларын таңдау, кәсіби дайындау және біліктілігін көтеру.

       3. Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің сот сараптамасының орталық лабораториясы және оның территориялық бөлімшелері (әрі қарай ҚР ҚМ ССОЛ). Олардың қызметтеріне мыналар жатады:   

 

    1) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот өндірісіндегі келесідей сот-медициналық сараптамалар түрлерін жүргізу бойынша сот-сараптамалық қызметтер:  

     а) тірі адамдарды сараптамалау;

    б) мәйіттер;

    в) биологиялық сипаттағы заттай айғақтар;

    г) іс материалдары бойынша;

    д)сот-химиялық;

    е) психиатриялық;

    ж) наркологиялық және токсикологиялық.

     2)  сот сараптамасын дайындау, тағайындау және сот сараптамасы нәтижелерін бағалау мәселелері бойынша құқыққорғау органдары қызметкерлерімен және судьялармен оқу-әдістемелік жұмыстар

    3) сот-медициналық сараптама саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

         

    4. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің «Психиатрия, психотерапия және наркологиялық Республикалық ғылыми-практикалық орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесі. Олардың қызметтеріне мыналар жатады:   

    1) тірі адамдарға сот сараптамасының келесідей түрлерін жүргізу бойынша қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот өндірісіндегі сот-сараптамалық қызметтер:

    а) психиатриялық;

    б) психологиялық;

    в) психолого-психиатриялық;

    б) наркологиялық.

    2) сот-психиатриялық сараптамасын ғылыми-әдістемелік қамтьамасыз ету;

    3) психиатр, психолог және нарколог сот сарапшыларын таңдау, кәсіби дайындау және біктілігін арттыру;

    4) сот-медициналық, психиатриялық сараптама саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

   Сот сараптамасын сараптамалық мекемеге тапсырған кезде оны тағайындау туралы қаулы заңда өкілеттігі көрсетілген жетекшісіне беріледі. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» ҚР Заңының 21 бабына сәйкес сот сараптамасы органының жетекшісі мыналарға құқылы:

1) Сот сараптамасы органының басшысы тиiстi дәлелдердi көрсете отырып, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды орындамастан және зерттеуге ұсынылған объектiлердi сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) мынандай жағдайларда қайтаруға құқылы:
- сот сараптамасын жүргiзу үшiн ұсынылған материалдар заң талаптарына сәйкес келмесе;
- осы сот сараптамасы органында қажеттi арнаулы ғылыми бiлiмi бар сот сарапшысы болмаса;
- сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетiлген, сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер оның құзыретiнiң шегiнен тыс болса;
- осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы қажеттi сот-сараптамалық зерттеу жүргiзуге мүмкiндiк бермесе.

Сонымен қатар:

 2) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында осы сот сараптамасы органының қызметкерлерi болып табылмайтын адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми бiлiмi қорытынды беру үшiн қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгiзу туралы өтiнiш жасауға;
3) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында шет мемлекеттiң сот сарапшысын тарту туралы өтiнiш жасауға;
4) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында сот сараптамасын жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы дәлелдi өтiнiш жасауға құқылы.
2. Сот сараптамасы органының басшысы мыналарға құқылы емес:
1) сот сараптамасын жүргiзу үшiн қажеттi зерттеу объектiлерiн дербес талап етуге;
2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлерi болып табылмайтын адамдарды сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) келiсiмiнсiз сараптама жүргiзуге тартуға;
3) сот сарапшысына нақты сот сараптамасы бойынша оның қорытындысының мазмұнын алдын ала шешетiн нұсқау беруге.

   Бұл құқықтармен қатар аталған Заңның 22 бабы сот сраптамасы органы жетекшісінің мынандай міндеттерін келтіреді:      



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.