Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Сот сараптамсының пәні мен міндеттері



Сонымен, таным барысында теорияның ролі танылуға жататын заңдылықтарды ашуға, түсіндіруге бағытталса, ал методология осы заңдылықтарды зерттеудің объектісі ретінде зерттей, қарастыра отырып, олардың қатыстылығын, құрамын, арналуын анықтауға бағытталған.  

Міне сондықтан да әрқашанда теориялық және практикалық танымдық қызмет деңгейлерін анықтап ғана қоймай, сонымен бірге оны іске асыру әдісітерінде де анықтау қажет.

Заңдағы анықтамаға сәйкес, сот-сараптамалық зерттеудің әдісі-сот сараптамасы затына жататын жағдайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерттеу барысында қолданылатын логикалық және инструменталдық (способы, пиемы ) операциялардың жүйесі. Сот сараптамасының әдістері (методы)-бұл жалпы ғылыми және арнайы деп топтастырылатын, сот сарптамасының теориясында және пракңтикасында пайда болатын міндеттерді шешудің барынша тиімді тәсілдері (способы).

Жалпы ғылыми әдіс-бұл барлық ғылымдарда және практикалық қызметтердің барлық саласында қолданыла алатын әдістер. Соңғысының түрлері ретінде сезімдік-рационалдық, логикалық, математикалық, кибернатикалық әдістер кеңінен қолданылады.         

 

Сезімдік-рационалдық әдістер:

   

· бақылау-алдын ала белгіленген және зерттеу мақсатымен қандай да бір объектіні, құбылысты, процессті қабылдау немесе оған наза аудару;

· ситпаттау-объектінің белгілерін графикалық немесе сырттай бекіту (фиксация);

· салыстыру-араларындағы байланысты анықтау үшін объектілердің құрамын немесе белгілерін бір- біріне қойып салыстыру

· эксперимент (сынақ)-оқиғаның, құбылыстың, процесстің басқа оқиғалармен байланыстарын анықтау үшін тәжірбие өткізу; 

· моделдеу-объектінің түп нұсқасын ауыстыру арқылы зерттеу және оның белгілерінің сәйкестіктерін көрсету. 

Логикалық әдістер:

· талдау – бүтінді ой арқылы бөліктерге бөлу немесе жалпыдан жекеге қарай талдау жүргізу;

· синтез – объекті бүтіндей ала отырып зерттеу, оның бөліктерінің өзара байланыстылығын анықтау; 

· дедукция – жалпыдан жекеге қарай тану процессі;

· индукция – жекеден жалпыға қарай тану процессі;

· гипотеза –фактілер, оқиғалар, құбылыстар туралы болжамдар;

· аналогия – материалдық әлемнің объектілерін, олардың бейнелерін ұқсас объектілермен салыстыру.

 

   Арнайы әдістер-қолданылу аясы бір немесе бірнеше ғылымдармен шектелген (мысалы физикамен, химиямен, анторпологиямен, социологиямен, психологиямен, биологиямен және т.б. ғылымдармен), сот экспертологиясымен практикалық қызметтерде қолданылатын әдістер.

Арнайы әдістер сараптамалық практикада екі үлкен топқа бөлінеді: көрінбейтін заттарды анықтау әдістері және зерттеу объектісінің алғашқы жағдайын, түрін қалпына келтіру әдістері. Бұл әдіс өз кезегінде фотографиялық, математикалық, химиялық, физикалық, биологиялық, кибернетикалық (электронды-есептегіш) және т.б бөлінеді.

Сот сараптамасындағы әдістердің және ғылыми техникалық құралдардың қолдануға болатындығының (допустимость) критерийлері заңдылық, ғылымилық, сенімділік, қауіпсіздік, тиімділік, үнемділік адамгершілік нормаларына сәйкестігі болып табылады. 

    Сонымен, келтіріліп отырған ережелер жалпы алғанда танымдылық қызметтің әдістемесі ретінде сот сараптамасы жалпы теориясының қолданылу мүмкіндігін көрсетеді. Тек оның методологиялық қызметтерін талдау арқылы қолда бар жинақталған ғылыми білімдерді практикалық қажеттіліктермен тиімді қосу жолдарын іздестіруге болады. Қарастырып отырған тұрғыдан алғанда сот сараптамасы жалпы теориясының негізгі қызметінің біріне геносеологиялық қызмет жатады. Тек сондықтан да бұл теория сараптамалық қызметтің аясында жатқан объективтік нақтылықты шынайы бейнелеуге қабілетті, ол экспертологиялық ілімнің және оның қалыптасуының әрі қарай даму әдісі де бола алады. Бұл теорияға өзге де күрделі қызметтер тән-түсіндіруші (объяснительная) және алдын ала болжаушы (предсказательная).

Сот сараптамасы жалпы теориясының түсіндіруші қызметі байланыстарды ашу, заңдылықтарды анықтау, сот сараптамалық қызметтің мәнін түсіндіруден тұрады. Түсіндіруші қызмет өз мазмұнында бүтіндей алғанда процесстерге, құбылыстар мен оқиғаларға сипаттама беретін жағдайдағы қызметті қамтиды. Өз кезегінде танылуға жататын құбылыстарды тиісті терминдермен сипаттай отырып, жалпы теория сот сараптамасының ілім ретіндегі ерекшелігін ашатын, объективтік нақтылықтың заңдылықтарын дәлірек келтіруге мүмкін болатын өз тілін қалыптастырады.  Ғылыми деңгейде қарастырылған терминологияның қалыптасу сараптамалық зерттелетін заттардың мәнін терең түсінуге жағдай жасайды.

Сот сараптамасы жалпы теориясының алдын ала болжаушы қызметіғылым саласымен танылуға жататын заңдылықтар туралы ілімнің дамуын көре білуге жағдай жасайды, зерттелетін заттардың даму тенденцияларын көрсетеді және осылай ете отырып ғылыми теорияны құруда диалектикалық заңдарға сәйкестікке келтіру мақсатында қажетті жағдайларда ғылыми зерттеулерге дұрыс бағыт сілтейді.

   Осы теорияда іске асырылатын жүйелеу және ілімдерді синтездеу бұл пәнде синтездеуші қызметтің де бар екендігін білдіреді және ол алынған білімдерді жетілдіруге, оларды қабылдауды жеңілдетуге, теорияның жекелеген эелементтерінің арасындағы ғана емес, сонымен бірге осы теориямен өзге де ғылымдардың арасындағы терең байланыстарды ашуға жағдай жасайды. Сонымен, сот сараптамасы жалпы теориясының тиімділігін арттырудың бір жағдайы ретіндегі жеке ғылым ретінде бөлінуі, өз кезегінде түсіндіру, синтездеу, болжау қызметтері түрінде көрінетін методологиялық қызметі білдіреді. Тек осы қызметтер жалпы теорияның методолгиялық қызметін іске асырудың механизмінің құрамдас бөлігі бола отырып, сот сараптамасы саласындағы жаңа ілімді қалыптастырады.  Мұнымен қатар криминалистика, іс жүргізу және өзге де ғылымдарда жинақталған ғылыми қорларды пайдалану-сот сараптамасының жалпы теориясында өзге ғылымдардың қолданған әдістері мен тәсілдерін, құралдарын өзіне жарамды етіп қолдануды білдіреді, сонымен қатар методологиялық қызметті іске асыра отырып жаңа әдістер мен құралдарды теориялық негіздеу нәтижесінде сот сараптамалық қызметтің әдістемелік қызметін дамытуға болады.

Сот сараптамасы теориясының методологиялық қызметі мұндай жағдайда екі мағынада көрінеді. Ол ғылыми мағынада танылатын заңдылықтардың және сараптамалық танымның теориялық қағидаларын ойлау тәсілі формасында жүргізілсе, ал практикалық мағынада бұл қызмет негіздеу, сараптамалық зерттеу міндеттерін қою және нақтылау, үйлесімді тәсілдерді қарастыру, оны шешудің әдістері мен тәсілдері анықтау түрлерінде көрінеді.   

 

 

2 тақырып. Сот сараптамсының пәні мен міндеттері

  Сот өндірісіндегі сот сараптамасының мақсаты істі дұрыс шешу үшін маңызы бар жағдайларды анықтау болып табылады. Қойылған мақсатқа сәйкес сот сараптамасының пәні анықталады және ол ретінде арнайы ғылыми білімдердің негізінде анықталуға жататын қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің нақты жағдайлары, нақтылы мәліметтері алынады.

  Нақты сот сараптамасының пәні зерттеудің міндеттеріне байланысты және ол кең мағынада алғанда сараптаманың белгілі бір түрі бойынша нақты сұрақтар түрінде бейнеленетін тергеушінің (соттың) тапсырмалары болып саналады.

  Сот сараптамасының«пәні», «міндеттері», «сұрақтары» ұғымдарының арақатынасын талдағанда сараптаманың алдында тұрған сұрақтар мен міндеттер оның пәнін анықтауға жағдай жасайтынын, бірақ оның мазмұнына кірмейтінін ескеру крек. Басқаша айтқанда, сараптамалық зерттеулерде белгілі бір жағдайларды анықтау-зерттеу затының мазмұнына жататын, нақтылы міліметтердің тобын анықтайтын, сараптаманың алдында тұрған нақты міндеттер түрінде көрінеді.

   Сот сараптамасының затын нақтылау міндеттерінің ролі туралы айта отырып, оның ғылыми сала ретінде қалыптасу үшін маңздылығын ескеру керек, өйткені практикалық қызметтің түпкілікті міндеттері, онда туындайтын мәселелерді теориялық тұрғыдан анықтайды. А.Р. Шляховтың пікірі бойынша сот сараптамасының міндеттерін ғылыми тұрғыдан анықтау-сараптама затының мәнін түсінудің, сот сараптамасын тағайындау кезіндегі сұрақтарды нақтылап қоюдың әдістемелік негізі және осымен бірге сараптамалық зерттеулердің теориясы мен әдістемесін дамыту үшін базис болып табылады.

   Белгілі бір жағдайларда қойылған және ғылымда қарастырылған тәсілдермен қол жеткізілетін сот сараптамасының міндеттерін мақсат ретінде түсіну, оның әдістемелік мәнін бейнелейді және оның құрылымдық элементтерін нақылауға мүмкіндік береді. 

  Мұндайларға көріп отырғанымыздай анықтамадағы мына белгілер жатады:  

· оны шешуді қамтамасыз ететін жағдайлар (бастапқы мәліметтер)

· сараптамалық танымның ғылыми қарастырылған тәсілдері, құралдары мен әдістері.

Сот сараптамасының пәнін қалыптастыратын сараптамалық міндетті бағалаудың негізі диагностикалық, классификациялық, идентификациялық и ситуациялық деңгейлердегі сараптамалық танымның міндеттері болып табылады.

Мұндай бірнеше деңгейлі бағыт ең алдыменсарапшының танылуға жататын құбылыстың мәніне тереңдеп енуін ескереді, мұның нәтижесі анықталушы фактінің қорытылу дәрежесі болып табылады. 

Әрине, диагностикалық зерттеу барысында анықталатын жағдайлар қорытылу дәрежесіне қарай классификациялық зерттеу, иедентификациядан немесе ситуациялық зерттеу кезінде ашылған жағдайлардан ажыратылады. Аталған әрбір зерттеулердің қоршаған орта құбылыстарының және объектілерінің араларында өмір сүретін байланыстарды тану процессінде анықталатын сипатына қарай өзінің қорытылу деңгейлері болады.  Сараптамалық танымды деңгей критерийі бойынша құрылысын дифференциалау-мәні бойынша шартты бола отырып, сарапшының танымдық қызметтерінің әр деңгейінің мақсаттары мен міндеттерін бөлуді ғана емес, сонымен бірге оны шешудің жекелеген методикаларын ұсынуға мүмкіндік береді. Диагностикалық зерттеу материалдық объектілердің табиғатын немесе сараптамалық талдау кезіндегі жағдайын танымай, ажыратпай, анықтамай (сараптамалық диагностика тек осы міндеттерді шешеді), қандай да бір зерттеуді жүргізу туралы айтудың өзі де қиын. Мұндай бағыт қоршаған ортадағы объектілердің қарапайым формаларын одан күрделірек түрлеріне қарай сатылап талдауды қарастыратын танымдылық процесстің мәнімен келіседі.

Сараптамалық диагностикалық міндеттердің мәні туралы айта отырып, оның мақсаты криминалистикада, сот сараптамасының жалпы теориясында немесе ғылымның басқа саласында бұрыннан белгілі және жүйеленген зерттелетін объектіні тану және сипаттамасын ашу болып табылатындығын айту керек. Бұл жерде диагноз процессі тиісті ғылымдарда анықталған осы объектінің табиғаты мен жағдайын тану туралы шешімдерге сүйене отырып,  объектінің жеке белгілерін салыстырмалды талдау жолымен іске асырылады.  Мысалы объектінің белгілерін салыстырмалы талдау оны аяқ-киімнің ізі деп анықтауға мүмкіндік береді, бірақ бұл жағдайда сарапшы іздер туралы криминалистикалық іліммен қарастырылған арнайы танымдарға сүйенеді. Объектінің жеке құрамына талдау жасау негізінде осы объектіні немесе оның жағдайын тану және кейіннен заттың класын, арналуын анықтау диагностикалық міндеттің мазмұны бола отырып, оны классификациялық деңгейдің міндетінен ажыратуға жағдай жасайды. Классификациялық міндеттің мәнізерттелетін объектінің  табиғаты мен жағдайын тану ғана емес, сонымен бірге анықталған белгілерге салыстырмалы зерттеуді қолдана отырып, оның басқа объектімен тобын, түрін, класын, олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтау және негіздеу болып табылады.  Классификациялық міндеттің мақсатызерттелетін объектіні белгілі бір топқа, түрге жатқызу, яғни негізгі қағидасы қарастырылатын объектіні берілген үлгімен ғылыми салыстыру болып табылады. Классификациялық міндетті анықтаудағы мұндай бағыт сараптамалық танымның құрылымындағы оның орнын нақтылауға жағдай жасайды, оның ішінде топтық арналуын анықтау зерттеудің қандай түрі болып табылады-классификациялық па, әлде идентификациялық па деген сұраққа жауап алынады.  Идентификация кезінде бұл сол объектінің өзі екендігі анықталады. Белгілі бір топқа немесе текке жататындығын анықтау кезінде зерттелетін объект белгілі бір классқа сай екендігі, тобы немесе түрі бойынша сондай болып табылатындығы белгіленеді.                          

  Криминалистикалық идентификация– бұл сыртқы беті бойынша белгілі бір кескіндерімен объектінің өзіне өзі ұқсастығы бар немесе жоқ екендігін анықтауға жағдай жасайтын таным процессі, яғни зерттелетін уақиғаға жататын деке объекті екендігін анықтау.

   Ұқсастық туралы міндеттер шешімінің практикалық мағынасы идентификацияның нәтижесі тексеріліп жатырған уақиғаға қатысты қандай да бір объектінің байланысының бар немесе жоқ екендігін (бар немесе жоқ деп) анықтауға мүмкіндік береді, тергеу версияларын құру үшін және оларды тексерудің құралы болып табылады, істі тергеу үшін бірқатар маңызды жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.  

Диагностикалық, классификаци­ялық және идентификациялық деңгейлердегі міндеттер иерархиялы қағидасы Р.А. Кентлер еңбегінде анық баяндалған. Ол идентификацияны мынандай үш міндетті кезектілікпен шешу процессі деп қарастырады: объектіні тану; классификация, яғни оны белгілі бір классқа жатқызу; жеке бір объектіні жекешелеу немесе осы нақты жеке объектінің ұқсастығын анықтау[[1]].

  Сараптамалық міндеттерді шешудің жоғарыда қарастырылған міндеттері бір ерекшелікпен сипатталады-олардың тану заты материалдық нақтылықтың объектілерін тануға негізделген нақтылы мәліметтер болып табылады. Бұ жерде олардың субстанциональдық, морфологиялық және көлемдік байланыстары, құрамы да (белгілері) талдана алады. 

Бұл құрамдар объектілердің араларында өмір сүретін себепті-салдарды (генетикалық) және функционалдық байланыстар тұрғысынан алғанда ситуациялық сараптамалық міндеттердің пәні болып табылады.

  Сараптамалық танымның құрылысында ситуациялық деңгейді бөле отырып, криминалистикада қалыптасқан ситуациялық сараптама туралы түсінікті ғана ескеріп қоймаймыз, сонымен қатар жекелеген сараптамалардың заты болып табылатын, элементарный ситуацияларды талдауды қамтитын оның тар түсінігін де ескереміз (мысалы қарудың шүріппесі басылмай-ақ атылуы мүмкін жағдайларын анықтау).  

Сәйкесінше осы деңгейдің міндеттері анықталатын фактінің тобына қарай жалпы және жеке деп бөлуге әкеледі. Соңғысына мыналарды жатқызуға болады:

· әрекетті жасау тәсілі, әрекетті жасау мүмкіндіктері;

· әрекетті жасау орны;

· әрекетті жасау уақыты;

· объектілердің өзара әрекеттерінің механизмі;

· объектінің өзгеру себебі мен жағдайы, чонымен қатар әрекет пен салдардың арасындағы байланысты анықтау.

Жалпы ситуациялық міндет әдетте ғылым мен техниканың әр саласы бойынша арнайы білімнің болуын талап етеді, сондықтан да комплексті сараптама қолдануға негіз болады. Жеке ситуациялық міндеттің мақсаты тар болып анықталады, әдетте бір білім саласы бойынша арнайы білімнің болуын талап етіп тұрады.  

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.