Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Класс: Криминалистикалық сараптама



Класс: Криминалистикалық сараптама

Дәстүрлі сраптаманың тобы (род):

· Құжаттар бойынша сот сараптамасы

· Портрет бойынша сот сараптамасы

· Сот  фототехникалық сараптама

· Сот видеофонографиялық сараптама

· Сот трасологиялық сараптама

· Сот баллистикалық сарптама (Судебная баллистическая экспертиза)

Дәстүрлі емес сараптаманың тобы (Род нетрадиционных экспертиз):

· Материалдардың. Заттардың, бұйымдардың сот сараптамасы (Судебная экспертиза материалов, веществ и изделий)

· Оқиға орны жағдайларнының сот сарптамасы

Класс: Сот дәрігерлік-психофизиологиялық сараптама

Тобы:

· Сот-медициналық сараптама

· Сот-биологиялық сараптама

· Сот-психофизиологиялық сраптама

· Сот-психиатриялық сараптама

· Сот-психологиялық сараптама

Класс: Сот экономикалық сараптама

Тобы:

· Сот бухгалтерлік сараптама

· Сот қаржы-несие сараптамасы

· Сот қаржы-бюджеттік сараптама

· Коммерциялық  операциялар бойынша сот сараптамасы

· Сот тауар сараптамасы (Судебная товароведческая экспертиза)

Класс: Сот инженерлік-техникалық сараптама

Тобы:

· Сот автотехникалық сараптама

· Сот өрт-техникалық сараптама

· Сот құрылыс-техникалық сараптама

· Сот жарылыс заттар сараптамасы (взрывотехническая экспертиза)

· Судебная инженеро-технологическая экспертиза

· Сот агротехникалық сараптама

· Компьютерлік жүйе бойынша сот сараптамасы

· Электротехникалық жүйе және жабдықтар бойынша сот сарптамасы.

 

     Бұл келтіріліп отырған сараптама класстарының толық тізімі емес, себебі белгілі бір ғылым саласының дамуына қарай және сот өндірісінің қажеттілігіне қарай сараптама түрлерінің де көлемі өзгеріп отыруы мүмкін. Нақты түрлері бойынша сараптаманы бөлу мәселесі де белгілі бір сараптамалық зерттеу жүргізуге қарай сот практикасының сұранысына және құралдармен жабдықталуына, яғни әдістемелік жағынан қарастырылуына байланысты. Осыған байланысты нақты сараптаманың белгілі бір түрге жатуы, онда қолданылатын ғылыми білімге ғана байланысты емес, сонымен бірге сот практикасының міндеттерін шешу тәсілдеріне айналдырылған нақты сараптамалық салаға байланысты болып табылады. Мысалы кримналистикалық ілімге негізделген трасологиялық сараптама тобы келесідей түрлерге бөлінеді:   

· Дактилоскопиялық сараптама;

· Аяқ және аяқ киім іздерінің сараптамасы;

· Тіс, ерін және адамның өзгедей мүшелерінің сраптамасы;

· Жануарлардың аяқ іздерінің сараптамасы;

· Сындыру құралдары және құлыптайтын құрылғылар іздерінің сараптамасы;

· транспорттық-трасологиялық сараптама;

· суық қарулар сараптамасы;

· бүтінді бөліктер бойынша идентификациялық сараптама.

    Осы сияқты, практиканың және қолданылатын ілімнің сұранысына қарай сараптаманың өзге классы және тобы бойынша да түрлерді келтіруге болады. Сот сараптамасының келтірілген топтастырылуынан басқа өзге де түрлері бар. Оның ішінде іс жүргізу заңында сараптаманың келесідей топтастырылуы қарастырылған:

        зерттеу көлемі бойынша-негізгі және қосымшы

     сарапшылардың саны бойынша-жеке және комиссиялы

жүргізу кезектілігіне қарай–алғашқы және қайталай

қолданылатын білімнің құрамы бойынша–бір текті және кешенді

жүргізу орны бойынша –сараптамалық мекемеде және одан тыс жерлерде.

  Аталған әрбір сараптама түрінің тағайындалуы және жүргізілуі бойынша белгілі бір құқықтық негіздері болады. Ол туралы келесі тақырыптарда сөз қозғалады. 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.