Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





сұрақ. Сот сараптамасының әдістемелік негіздері



2 сұрақ. Сот сараптамасының әдістемелік негіздері

 

Сот сараптамасының ғылыми негіздерінің әдістемелік маңыздылығын түсіну үшін ғылымда келтірілген және біздің көзқарасымызша принципиалды маңызы бар келесідей ережелерді түсінуіміз керек.

Әдіс және әдістемелер барлық ғылымыдардың саласында зерттеліп отырған объектінің теориясына негізделуі керек, бірақ пәннің теориясы да, танымдық қызметтің теориясы да әдістеме болып саналмайды.

     Әдістеме болуы үшін теория тиісті қайта құруға алынуы керек, мұның мағынасы осы саладағы ғылыми зерттеулердің ережелері өңделуі керек.

Өз кезегінде әдіс-бұл белгілі бір қызметтің негізінде қолданылып отырған ережелердің ақиқаттылығын анықтау үшін қандай да бір операцияларға жетекшілік жасай отырып, субъектінің тәсілдер, процедуралар, талаптар туралы ерекше білімнің түрі.

  Әдіспен салыстырғанда әдістеменің міндетіне алынған нәтижені теориялық негіздеу жатады және бұл жағдайда ол зерттеудің аналитикалық және техникалық жақтарына негізделеді, сонымен қатар зерттеушінің әрекеттерін ақтаушы рол атқара алады. Бір жағынан алғанда әдістемені (методика) методологиядан ажырата білу керек, себебі олар арнайы белгілермен сипатталатын танымның жеке формаларын білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда әдістеме-бұл белгілі бір құралдарды қолдануға негізделетін және заттармен құбылыстардың, олардың құрылымы мен белгілерін аналитикалық зерттеуге бағытталған нақты материалдарды техникалық өңдеу тәжірбиесін қамтитын зерттеудің барысы мен оның ережелерінің жинағы немесе жеке зерттеу тәсілдерінің жиынтығы. «Қазақстан Республикасындағы сот сараптамалық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес, сот сараптамалық зерттеу әдістемесі-белгілі бір заттың тобына, сот сараптамасының түріне жататын жағдайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерттеу кезінде қолданылатын әдістердің жүйесі.

Әдістеме және методолгия бұлар бір-бірімен байланысты ұғымдар, бірақ бұл байланысты әдістеме бағынышты жағдайда болады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.