|
|||
тақырып. Сот сараптамасына қатысушылардың процессуалдық құқықтары.6-тақырып. Сот сараптамасына қатысушылардың процессуалдық құқықтары. Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық процесске қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтары жеке-жеке көрсетілген, оны ҚІЖК мынандай нормаларынан көруге болады. Мысалы азаматтардың құқытары мен бостандықтарын қорғауды талап ету ( ҚІЖК 15 бабы), адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу (13 бап), кінәсіздік презумпциясы (19 бап), әділсотты тараптардың теңдігі және жарыс сөз негіздерінде іске асыру (23 бап) және т.б. Сот өндірісінде адамның құқақтары мен бостандықтарын қорғау мәселесі тұрғысынан алғанда, сараптаманы тағайындау және жүргізу кездеріндегі олардың кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселесі де маңызды болып саналады, сондықтан бұл мәселе қылмыстық іс жүргізу заңының бірқатар нормаларында ескерілген. Мысалы қылмыстық процессте сараптаманы тағайындау және оны жүргізу кезідерінде сезіктіде, айыпталушыда, куәде, сонымен қатар егер психикалық жағдайы көтеретін болса мәжбүрлеу сипатындағы медициналық шараларды қолдану бойынша өндіріс жүргізіліп жатырған адамдарда, олардың мүдделерін қорғайтын келесідей құқықтары болады: - сараптама жүргізілгенге дейін оны тағайындау туралы қаулымен танысып және хаттама толтырыла отырып, өз құқықтары туралы түсінік ала алады. - Сарапшыға қайыру бере алады. Қылмыстық процессті жүргізуші адам процесске қатысушы адамдарға сарапшыға қайыру беруге құқығы бар екендігін түсіндіре отырып, оның ҚІЖК 96 бабы бойынша негізделеген түрде болуы керек екендігін ескертуі керек. - Сарапшы ретінде өзі ұсынған адамды немесе сот сараптама органының нақты қызметкерін тағайындау туралы, сонымен бірге сараптаманы сарапшылардың комиссиясы түрінде жүргізуге ұсыныс беруге. Қылмыстық істі жүргізуші адам мұндай ұсынысты қарау кезінде ұсынылып отырған кандидатураның срапшылық өкілеттігі жарайтындығын және қайыру беру үшін өзгедей негіздер жоқ бар-жоқтығын тексеруі тиіс. Сараптаманы сарапшылардың комиссиясымен жүргізу туралы мәселені шешу кезінде ҚІЖК 249 бабына қарастырылған негіздерді анықтауы керек. - Сарапшының алдына қосымша мәселелер қою немесе бұрын қойылғандарын нақтылау туралы өтiнiш жасауға. Қылмыстық істі жүргізуші адам ұсынысты қарау кезінде егер сұрақтар сарапшының арнайы біліміне қатысты болса, онда сұрақты дұрыс қоюға көмектесуі керек - Қылмыстық процесті жүргізуші адамның (органның) рұқсатымен, сараптама жүргізу кезінде қатысуға, срапшыға түсіндірме беруге құқығы бар. - Кодекстің 254-бабында көзделген тәртіппен сарапшының қорытындысымен не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен танысуға құқығы бар. - Сарапшыға сараптама затына қатысты сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің сұрақ қою құқығы. Бұл мәселе мыналарға әсер ете алады: а) сарапшыға берілген іс материалдары мен объектілердің толықтығына; ә) сарапшының қолданатын әдістері мен техникалық құралдарының ғылыми-әдістемелік негіздеріне, олардың тиімділігіне, сенімділігі мен нәтижелілігіне; б) осы сараптама бойынша анықтама әдебиеттеріне; в) зерттелген объектінің сақталуына және т.б. Сарапшыға сұрақтар тек қылмыстық процессті жүргізіп отырған адамның қатысуымен қойылады және хаттамада көрсетіледі. Сраптама жүргізу кезінде қатыстырылып отырған процесстің қатысушысы сараптамалық зерттеудің барысына араласа алмайды. Егер олардың қатысуы зерттеудің жүргізілуіне кедергі жасайтын болса, онда сарапшының осы рұқсатты алып тастау туралы ұсыныс жасауға құқығы бар. - Тергеушінің иқолына келіп түскеннен кейін сарапшының қортындысымен танысуға немесе қортынды беруге мүмкіндік жоқтығы туралы хабарламамен танысуға, өз ескертпесін келтіруге, қосымша немесе қайталай сараптама тағайындау, сонымен қатар жаңадан сараптама жүргізу туралы ұсыныс беруге. Осыған байланысты ҚІЖК 244 бабының 3 бөлімі бойынша егер сараптама адамды сезікті деп танудан немесе айыпкер ретінде танудан бұрын жүргізілген болса, онда тергеуші сараптама тағайындау туралы қаулымен, сарапшының қорытындысымен және ҚІЖК 244 бабтың 1 бөліміндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіруі керек. Бұл норма қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қаралып жатырған адамдарға да қатысты болғаны дұрыс болар еді. ҚІЖК 244 бабтың 4 бөлімі «Жәбiрленушiлер мен куәларға, сондай-ақ қылмыс жасаудан зардап шеккен адамға және өзіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатқан адамға сараптама жүргізу тек олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жүргiзiледi. Егер бұл адамдар кәмелетке толмаған болса немесе сот оларды әрекет қабiлетi жоқ деп таныса, сараптама жүргiзуге жазбаша келiсiмдi олардың заңды өкiлдерi бередi. Аталған ереже осы Кодекстiң 241-бабында көзделген жағдайларда сараптама жүргiзу үшiн қолданылмайды» деген ереже келтіреді. Сараптамалық зерттеудің объектісі тірі адам болғанда, оның ішінде оның денесі мен психофизиологиялық жағдайлары болғанда мынандай жағдайларды процессуалдық мәселелерді шешкенде ескеру керек. Тірі адамдарға сот сараптамасы тек дәрігерлік мекемелерде немесе сот сараптамалық зертетулерді жүргізуге қажетті жағдайлары бар және адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ете алатын өзге жерлерде жүргізіледі. Сот сараптамасын жүргізу кезінде адамды стационарлық тексеру қажеттілігі туындағанда ол медициналық мекемеге орналастырылады (ст. 34). Егер адамға қатысты сот сараптамасын жүргізу-стационарлық жағдайдағы сот сараптамалық зерттеулерді жүргізумен байланысты болса, онда ол сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы, анықтама негізінде тиісті медициналық мекемеге орналастырылады. Сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін қамауға алынбаған адамды медициналық ұйымға мәжбүрлі түрде орналастырғанда соттың шешімі қажет. Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қамауға алынбаған адамды медициналық ұйымға мәжбүрлі түрде орналастырғанда соттың шешімі немесе прокурордың санкциясы қажет. Бұл арада ҚР Жоғарғы Сотының 2004 ж. 26 қарашадағы № 16 түсіндірмесіне сәйкес, егер сот-психиатриялық сараптама жүргізілуі қажет адамда сараптама жүргізуге кедергі тудыратын және емдеуді талап ететін уақытша психикалық ауытқу (временное психическое расстройство) (реактивное состояние) анықталса, онда мұндай адамды психиатриялық стационарға мәжбүрлі түрде емдеу үшін орналастыру тек соттың қаулысымен жүргізілетіндігін ескеру керек. Мұндай жағдайда ҚІЖК 50 бабының бірінші бөлімі 4 пунктіне сәйкес қылмыстық іс бойынша өндіріс қысқартылады. Сонымен қатар мұндай жағдайлар орын алғанда сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) жиырма төрт сағаттың ішінде сот сараптамасын жүргізу үшін мәжбүрлі түрде медициналық мекемеге орналастырылған адамның от басының кәмелетке толған адамдарының біріне немесе өзге жақын туыстарының біріне, ал мұндай адамдар жоқ болса, онда осы адамның тұратын жеріндегі ішкі істер органына хабарлауы керек. Заңда адамның медициналық мекемеде сот сараптамасы үшін болу мерзімі де айтылған (37 бап). Мысалы адам сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптамалар үшін медициналық мекемеде он бес тәулікке дейін жатқызылады. Сот сараптамасын жүргізу үшін жатқызылған адамды медициналық мекемеде ұстаудың мерзімі заңда белгіленген тәртіпте ұзартылады. Сот сараптамасын жүргізу үшін мәжбүрлі түрде медициналық мекемеде ұстаудың мерзімін бұзу, сонымен қатар мерзімін ұзартудың тәртібін бұзу орын алғанда осы адамның өзі немесе оның қорғаушысы, заңды өкілі немесе іске қатысуға рұқсат берілген өзге өкілдері заңда белгіленген тәртіпте шағымдана алады. Заңда ( 38 бапта) сот сараптамасы жүргізіліп жатырған адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік берілген. Оның ішінде тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде мыналарға тиым салынады: - іс бойынша мәліметтер алу мақсатында заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе бұрмалау (оның ішінде алдау, күш, қорқыту және өзге де заңсыз шараларды қолдану); - аталған адамдарды медициналық технологиялардың клиникалық зерттеулерінің, фармакологиялық және дәрі-дәрмек құралдарының субъектілері ретінде қолдануға; - хирургиялық тәсілге жататын зерттеу әдістерін қолдануға. Сот сараптамасы жүргізілетін адамға сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) оған түсінікті түрде қолданылатын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері, оның ішінде балама әдістер, денесін ауыртуы мүмкін жағдайлар туралы хабарландыруы керек. Бұл мәліметтер сот сараптамасы жүргізілетін адамның тиісті ұсыныс білдірген заңды өкіліне де берілуі керек. Медициналық мекемеге орналастырылған адамға жағым жасау және ұсыныс беру мүмкіндігі беріледі. Заңда белгіленген тәртіпте берілген ұсыныстар мен шағымдар жиырма төрт сағаттың ішінде адресатқа жіберіледі және цензураға алынбайды. Ерікті түрде адамға жүргізіліп жатырған сот сараптамсы осы адамның ұсынысы арқылы кез-келген сатыда тоқтатыла алады. Қамауға алынбаған адамдарға қатысты сот-психиатриялық сараптама психиатриялық стационарда жүргізіледі. Қамауға алынбаған адамдарға сот-психиатриялық сараптаманы психиатриялық стационарда жүргізу кезеңінде оларға ҚР ҚІЖК нормаларының күші қолданылады. Аталған адамдар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында белгіленген психиатриялық стационар пациенттерінің құқықтарын пайдаланады. Қамауға алынған адамдарға қатысты сот-психиатриялық сараптама осындай адамдарға арналған бөлмелері бар психиатриялық стационарда жүргізіледі. Оларға ҚР ҚІЖК нормаларының күші қолданылады және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында белгіленген ерекшеліктермен психиатриялық стационар пациенттерінің құқықтарын пайдаланады. Сот-психиатриялық және сот психолого-психиатриялық сараптамаларды жүргізу жеке құпиялылық жағдайында жүргізіледі. Адамды жалаңаштаумен байланысты сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде тек сол адамның жынысынағы адамдар ғана қатыса алады. Бұл шектеулер аталған зерттеулерді жүргізуде қатысатын дәрігерлерге және өзге медицина қызметкерлеріне қатысты емес. Сараптаманы тағайындау кезінде адамдардың құқықтарын қорғау мәселесі сараптамалық зерттеулер үшін үлгі алу кезінде ерекше маңыздылық білдіреді. Осыған байланысты сраптамалық зерттеулер үшін үлгіні алудың әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болуы керек. Жанға қатты батыра жасалатын күрделi медициналық процедуралар немесе әдiстердi қолдануға бұған үлгiлер алынуға тиiстi адамның өз келісімі болғанда, ал егер ол адам кәмелетке толмаған болса немесе психикалық ауру болса, онда оның заңды өкiлдерi жазбаша келiсiм берген жағдайда ғана жол берiледi (ҚІЖК 262 бабы). Себебі үлгі алу тергеу әрекетінің түрі болып табылады және тиісті қаулыны орындау, ол қатысты болып отырған адамға міндетті болып саналады. Үлгі алу үшін келуден жалтарған сезікті мен айыпталушы күштеп әкелінеді және олардан үлгілер мәжбүрлеу арқылы алынады. Жәбiрленушi мен куәдан үлгiлер алу, мұндай әрекеттi жасауды сезiктi, айыпталушы өзiн қылмыс жасады деп әшкерелейтiн айғақтарды тексеру үшiн табанды түрде талап еткен, сондай-ақ жыныстық аурулар мен өзге де жұқпалы ауруларды анықтау үшiн қажеттілік болғаннан басқа жағдайларда, жәбiрленушi мен куәнiң келiсiмiмен ғана жүргiзiлуi мүмкiн (ҚІЖК 263 бабы). Процесске тартылған қатысушылардың құқықтарын қорғаудың заңда белгіленген кепілдіктері туралы айта отырып, 2004 жылғы 26 қарашадағы №16 «Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысына сәйкес, сараптамалық зерттеулер үшін объектілерді табу, бекіту және алу кездерінде, сараптаманы тағайындау және жүргізу кездерінде қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзу, сарапшының қорытындысын қолданылмайтын (недопустимым доказательством) дәлелдеме деп танылуға әкелуі мүмкінекендігін ескеру керек. Қаулы мұндайлардың тізімінде сараптаманы тағайындау және жүргізу кездерінде процесске қатысушылардың құқықтарын бұзуды атайды. Мұнымен қатар 2006 жылғы 20 сәуірдегі №4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы өкілеттігі жоқ адаммен тағайындалған неемсе қаулысыз немесе заңның өзгедей талаптарын бұзып жүргізілген (сараптаманың түрлерін кезектілікпен жүргізу тәртібі сақталмаған және т.б.) сараптаманың нәтижесі бойынша сарапшының қорытындысы қолданылатын дәлелдеме деп танылмайды деп толықтырады. Бұл қаулы, сараптама жүргізу кезінде және сарапшының қорытындысында көрсетілген айыпталушының қылмыс жасағандығын мойындайтындығын көрсетуі дәлел ретінде танылмауы керек екендігін ескертетіндігі маңызды ережелердің бірі болып табылады.
|
|||
|