|
|||
Сот сараптамасының теориясы мен әдістемелеріне кіріспе.1. Сот сараптамасының теориясы мен әдістемелеріне кіріспе. 1. Сот сараптамасы жалпы теориясының пәні. 2. Сот сараптамасы жалпы теориясының әдістемелік негіздері. 3. Сот сараптамасы жалпы теориясының жүйесі. 4. Сот сараптамасы жалпы теориясының міндеттері мен қызметтері. 5. Сот сараптамасы жалпы теориясының негізгі ұғымдары (понятийный аппарат). 2. Практикалық қызмет ретіндегі сот сараптамасының ғылыми негіздері . 1. Практикалық қызмет ретіндегі сот сарптамасы туралы ілім. 2. Сот сараптамасының пәні туралы ілім. 3. Сот сараптамасының міндеттері туралы және оны шешу деңгейлері туралы ілім. 4. Сот сараптамасының объектілері туралы ілім. 5. Сот сараптамасының әдістері туралы ілім. 6. Сот сарапшысы жэәне сараптамалық танымның құрылысы туралы ілім. 7. Сот сараптамасын топтастырудың жалпы қағидалары. 3. Сот сараптамасының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері. 1. Сараптамалық қызметтің ұйымдастырушылық формалары туралы ілім. 2. Сараптамалық зерттеудің әдістерін құрудың қағидалары туралы ілім. 4. Сот сараптамасын құқықтық реттеудің жалпы қағидалары. 1. Сот сараптамасы сот өндірісіндегі арнайы білім институты ретінде. 2. Сот сараптамасын құқықтық реттеудің негіздері. 3. Процессуалдық дәлелдеу жүйесіндегі сот сарапшысының қортындысы. 5. Сот сараптамасының жеке теориялары. Сот экспертологиясының ұсынылып отырған схемасының жүйесінде, ең алдымен сот сараптамасының екі жеке құрылымы біртұтас ілім ретінде бөлініп көрсетілген: ғылымитанымдық және праксеологиялық (жалпы нормалар, қорыту, тәжірбиені пайдалану негіздерінде пайда болатын, барынша мақсатқа сай ғылыми-практикалық қызметтер мағынасында). Сот сараптамасы жалпы теориясы жүйесінің мұндағы ерекшелігі, ол сот сарптасының құрылысы ғылыми танымдық ережелерге негізделе отырып, әрі қарай сараптамалық қызметтің ғылыми және ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін талдау, сонымен қатар оны іске асырудың құқықтық қағидалары тұрғысынан ашылатындығында. Мысалы, егер бірінші тарау-«Сот сараптамасының теориясы мен әдістемелеріне кіріспе» -ғылыми танымдық сипаттағы ережелері бар ғылыми ілімді білдіретін жалпы теорияның проблемаларын қамтыса, ал жалпы теорияның басқа тарауларында сараптамалық қызметтің ғылыми негіздерін тікелей сипаттайтын теориялық ережелер қарастырылады. Бұл жүйелік құрылымдармен қарастырылатын және жеке теорияны білдіретін сараптамалық қызметтердің құқықтық бастамасына назар аудара отырып айтқанда, құрылымдық компоненттер ретінде өз мазмұнына қамтитын криминалистикалық, процессуалдық, қоғамдық, жаратылыс танушылық және техникалық ғылымдардың ғылыми ережелері қолданыла отырып, сот сараптамасының жалпы теориясы заң ғылымдарының ішіндегі дамып келе жатырған сала болып табылады. Бұл жерде криминалистика ғылымында сипатталып айтылатын құқықтық мағынаны ашатын негіздеулерді толығымен қолдануға болады. Құқықтық ғылымдардың бір саласы ретіндегі сот сараптамасының жалпы теориясына қатысты негіздеулермыналардан құралады:
· оның танымдық объектілері мен заты құқықтық құбылыс саласына жатады; · оның қызметі, шешетін міндеттері мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық саласына немесе құқықтық іс жүргізуге (тергеу, сот талқылауы) жатады; · сот сараптамасы жалпы теориясының практикалық қызметтер үшін қарастыратын барлық ұсыныстары анық құқықтық сипатта бейнеленеді, олар заңдарда негізделген, олар ғылыми ілімдерді процесстерде пайдалану негізінде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша объективтік шындықты анықтау қажеттілігінен өмір сұранысына ие · бұл теорияның құқықтық мәні құқықтану саласы тәрізді нормативтік-құқықтық қызметте көрініс береді, осының негізінде сот сараптамасын реттеу саласындағы көптеген ғылыми ұсыныстар заң шығарушылық деңгейде көрініс табады немесе осындай құқықтық формада бейнеленеді. · сот сараптамасының жалпы теориясы көптеген ғылымдармен байланысты, бірақ бұл байланыс кейбір процессуалдық, тергеу, және сот практикасымен байланысты болып келетін құқықтық ғылымдар мен олардың практикасы үшін қосымша сипатта көрінеді. · сот сараптамасының жалпы теориясы тарихи жағынан құқықтық ғылымдардың шеңберінде-криминалистика және қылмыстық іс жүргізу бойынша пайда болған. Құқықтық пәндердің қатарына жата отырып және сараптамалық қызметтің қажеттілігіне сүйене отырып, бұл теория өз құрылымында сот сараптамасын құқықтық реттеудің қағидаларын анықтайды, сондықтан да бұл пән құқықтық ғылыми теорияның барлық сапалық жақтарын иеленеді деген шешім жасауға болады.
|
|||
|