Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Сот сараптамасының ғылыми және әдістемелік негіздері



1 тақырып. Сот сараптамасының ғылыми және әдістемелік негіздері

 

   1 сұрақ. Сот сараптамасының түсінігі және ғылыми негіздері 

Сот сараптамасының ғылыми негіздері өз дамуының қазіргі уақытындасот экспертологиясыдеп аталатын пән аралық негізде пайда болған жалпы теорияны білдіреді.Сот сараптамасының жалпы теориясын жеке ғылыми негіз ретінде тану екі қызметтің бар екендігін білдіреді: бір жағынан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді жүргізуде өзге ғылымдардан мәліметтерді тарта отырып теориялық жағынан қорытылған және белгілі бір міндеттерді шеше алатындығын көрсетсе, екінші жағынан осы процессте қолданылатын өзге ілімдерден ажырата қарауға мүмкіндік береді.

Сот экспертологиясы-сот өндірісінде аранайы сараптамалық ілімдерді заңды және ғылыми негізделген мақсаттарда қолдану үшін сот сараптамасының әдістемелік, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздерін дамытуға және оның қалыптасу заңдылықтарын ашуға бағытталған ілімнің саласы болып табылады.

  Сот экспертологиясының пәніғылым саласы ретінде келесідей заңдылықтарды тануды қамтиды:

- ғылыми ілім ретінде сот сараптамасының пайда болу, қалыптасу, және даму әдістемелерін көрсететін заңдылықтарды;

-  сот сараптамалық қызметтің процессуалдық мәнін қарастыруды қамтамасыз ететін заңдылықтарды және осы негізде оның құқықтық реттелуін жетілдіру бойынша ғылыми рекомендацияларды қарастыру;

- сот өндірісінде сот сараптамалық қызметтерді тиімді іске асыруды қамтамасыз ететін ғылыми ұйымдастырушылық заңдылықтарды және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;

   Өз кезегінде практикалық қызмет ретіндегі сот сараптамасының пәнін анықтаушы негіз деп, оның ғылымында қарастырылатын және ашылатын объективтік ақиқаттың заңдылықтарын тану керек. Тек сот сараптамасының жалпы теориясымен белгіленетін заңдылықтар ғана материалдық әлем объектілерінің арасында өмір сүретін белгілі бір қатынастар мен байланыстар және тараптарды көрсетіп, оны зерттеу, нақты сараптама түрінің заттық саласын қалыптастырады.  

Практикалық қызмет ретіндегі сот сараптамасының тікелей пәні қылмыстық және азаматтық істер бойынша нақтылы мәліметтерді ашу, оның ғылымы саласымен ашылып, қалыптасатын арнайы ғылыми ілімдерді қолдану арқылы сот сараптамасының жалпы теориясындағы объективтік ақиқаттың заңдылықтары болып табылады. 

    Сот өндірісі процессіндегі зерттеліп отырған оқиғаның жағдайларын анықтау бойынша арнайы қызмет ретіндегі сот сараптамасының жағдайында ғылыми және практикалық жақтарын ажырата қарау әдістемелік мақсаттарын қарауға әкеліп соқтырады, себебі сот сараптамасы оның теориялық жағының пәні болып табылатын (сот сараптамаксының жалпы теориясына жататан) ғылыми ережелерді заңда белгіленген түрде практикада көрсетуді білдіреді.

   Ғылыми ілім ретіндегі сот сараптамасының жалпы теориясының сипаттамасы оның зерттеу мақсаттары мен міндеттері анықтаудағы ерекшеліктерден шығады. Оның таным мақсаты-оның пәніне жататын жоғарыда аталған заңдылықтарды ашу.

Сот экспертологиясының барлық міндеттері екі топқа бөлінеді- негізгі және арнайы.

  Негізгі міндеттер-процессуалдық заңдарға сәйкес негіздерде әр түрлі ғылымдардың ережелерін тиімді қолдана отырып, қылмыстық, азаматтық әкімшілік сот өндірістерінің мәселелерін шешу және осы жағдайдың өзінде сот сараптамасын ұйымдастырудың және жүргізудің ғылыми негіздерін қарастыру және жетілдіру.

Негізгі міндеттер кейінгі арнайы міндеттерді орындау арқылы нақтыланады:

- ғылыми ілім ретінде сот сараптамасының әдістемелік негіздерін қалыптастыру және дамыту;

- сот-сараптамалық қызметті жетілдірудің құқықтық, ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелерін қарастыру;

- сот сараптамасының жеке ілімін және теориясын дамыту;  

-сараптамалық зерттеудің жаңа және қазіргі қолданыстағы құралдары мен әдістерін қарастыру; 

-қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот өндірістеріндегі сот сараптамасы нәтижелерін қолдану тәсілдерін қарастыру және жетілдіру;

- сот сараптамасы бойынша шет елдердің алдыңғы қатарлы тәжірбилерін талдау және практикаға енгізу.

    

 Сот экспертологиясының жүйесі келесідей құрылымнан тұрады:

 

1. Сот сараптамасының теориясы мен әдістемелеріне кіріспе.

2. Практикалық қызмет ретіндегі сот сараптамасының ғылыми негіздері .

3. Сот сараптамасының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері.

4. Сот сараптамасын құқықтық реттеудің жалпы қағидалары.

5. Сот сараптамасының жеке теориялары.

Өз кезегінде әрбір құрылым келесідей тарауларды (разделы) қамтиды:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.