|
||||
Нүкте қозғалысының табиғи тәсілмен берілуі3 Нүкте қозғалысының табиғи тәсілмен берілуі
Нүкте қозғалысының берілуінің табиғи тәсілінде нүктенің кез келген бір санақ жүйесіне қатысты траекториясы беріледі. Одан кейін, оның бойынан қандайда болсын бір нүкте О1-ді доға ұзындығын есептеудің бастапқы нүктесі етіп алып, қашықтықты санаудың оң бағыты үшін мүмкін екі бағыттың кез келген бірі алынады. Сонда М нүктесінің орны S=O1M шамасымен анықталады. А нүктенің траектория бойындағы орнын әрбір уақыт сәтінде де таба алуымыз үшін, доға ұзындығы S=O1M және уақыт t-ның әрбір мәніне сәйкес келетін S-тің мәнін беретін бір сарынды, үздіксіз уақыт функциясы берілуі керек. (2.1)
3,1 Табиғи үш жақ
Жанамаға перпендикуляр, М нүктесі арқылы өтетін, N-жазықтығы траекто-рияның осы нүктедегі нормаль жазықтығы деп аталады. Траекторияның М нүктесіндегі жанама арқылы өтетін нормаль және жанаспа жазықтықтарға перпендикуляр үшінші жазықтық траекторияның сол нүктедегі түзулеуші жазықтығы деп аталады (2.9-сурет). Жанаспа жазықтықта жатқан нормаль қисықтың М нүктесіндегі бас нормаль деп, ал жанаспа жазықтыққа осы нүктеде жүргізілген перпендикуляр бинормаль деп аталады. Жанаманың оң бағыты ( бірлік векторы) қозғалыспен бағыттас келеді. Бас нормальдың оң бағыты ( бірлік векторы) траекторияның ойыс жағына қарай бағыт-талады. Бинормальдың оң бағыты ( бірлік векторы) және векторларымен оң координаттар жүйесін құрайтындай етіп алынады. Бас нүктесі М болатын бұл координаттар жүйесі М табиғи координаттар жүйесі деп немесе табиғи үшжақ деп аталады. Координаттар жазықтары екі-екіден алынған бірлік векторларымен анықталады. ( , ) –жанаспа жазықтық, ( , ) – нормаль жазықтық, ( , ) – түзулеуші жазықтық.
|
||||
|