Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





L = 0 және әсер етуші фактордың “тез” өзгергендігі өтпелі процестер



L = 0 және әсер етуші фактордың “тез” өзгергендігі өтпелі процестер

Бірінші топқа жататын барлық өтпелі процестер жылдамдықтың механикалық теңдеуіне бағынатындығы анық

                   (6.3)

 

w(t) және M(t) тәуелділіктері бастапқы беріліс шарттарына сәйкес осы теңдеуді есептеу арқылы алынады.

Жетектің нақты ерекшеліктері M(w) және Mс(w) тәуелділіктері түрінде көрінеді

а) M = const, Mс = const

Бірінші топтағы есептерін қарастыруда өтпелі процесте M = const, және Mс = const болған кездегі қарапайым жағдайдан бастайды.

 

        

а)                                                     б)

6.2-сурет. М = const және Mc = const болған кездегі механикалық сипаттамалар (а) және уақыт тәуелділіктері (б).

 

Жетек (6.1- сурет) белгілі бір сипаттаманың wнач, Мнач = Мс  нүктесінде (6.2- сурет) жұмыс істесін және t = 0 уақыт моментінде 6.2-суретте қалың сызықпен көрсетілген жаңа сипаттамаға кенеттен ауыстырылған.

 

(6.1) теңдеу бұл жағдайда дифференциалдық теңдеу болады және оның шешімі келесі түрде болады:

 

 

С интегралдау тұрақтысын бастапқы шарттан анықтаймыз – егер t = 0,

w = wбас; болса wбас = С.

 

Яғни,

                     (6.4)

 

Бұл шешім wбас < w < wкон, интервалында әсер етеді, себебі шарт бойынша w = wаяққы болғанда w(М) функциясы сынады. Бұл М =М1.

 

Өтпелі процесс графиктері уақыт tпп (6.2) теңдеуге w = wаяққы қойып және t-ға байланысты есептеу арқылы анықтауға болады.

 

                 (6.5)

 

Осы шешімді, сонымен қатар (6.1) теңдеуін dt-ға қатысты есептеп және нақты бір интеграл алып анықтауға болады:

 

 

Қарастырылған қарапайым жағдайдың практикалық мағынасы өте зор себебі өтпелі процесстің уақыты мен сипатын бағалау мақсатында осы жағдайға көптеген нақты есептер келтірілуі мүмкін.

Мысал. tп іске қосу уақытын бағалау және белгілі Мс и J механикалықсипаттамалары бар қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыштың іске қосу өтпелі процесстің графигін тұрғызу.

 

 

6.3-сурет. Асинхронды қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары (а) және іске қосқандағы w(t) и M(t) өтпелі процесс графиктері

 

tп белгілі болса, өтпелі процесс графигіне жақын графиктер тұрғызуға болады (6.3 б суреттегі үздік сызық). Бұл графиктердің нақты графиктерден (үздіксіз сызық), айырмашылығы болады, бірақ көптеген жағдайларда алынған баға тиімді болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.