Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Электр жетектеріндегі өтпелі процестер



6. Электр жетектеріндегі өтпелі процестер

 

Алдыңғы тарауларда электржетектердің тұрақталған режимдердегі қасиеттері мен сипаттамалары қарастырылады, яғни келесі шарт орындалғанда

М - Мс = 0.         (6.1)

Берілген тарауда жетектің бір тұрақталған күйден екіншісіне өту кезінде болатын тұрақталмаған немесе өтпелі процесстер қарастырылады.

Мұнда

       (6.2)

 

Өтпелі процесстерді пайда болуының келесі себептерін атауға болады:

Мс өзгеруі;

Мс  өзгеруі яғни іске қосу, тежеу, реверс, жылдамдықты реттеу, жетектің қандайда бір параметрдің өзгеруі кезінде орын алатын жетектің бір сипаттамадан екіншісіне өтуі.

 

Өтпелі процестерді анализдеу қажеттілігінің туу себебі, көптеген маңызды механизмдердің өнімділігі өтпелі процесстердің ағу жылдамдығымен анықталады; көптеген технологиялық операциялардың орындалу сапасы өтпелі процестермен анықталады; құрал-жабдықтың механикалық және электрлік асқын жүктемілігі көп жағдайларда өтпелі процестермен анықталады.

 

Зерттеу обьектісі жетектің қарапайымдатылған, идеалдандырылған моделі болады.

 

 

6.1 - сурет. Динамиканы зерттеуге арналған электржетек моделі.

 

Өтпелі процестерді меңгергенде негізгі мәселе кез-келген нақты жетектер үшін әртүрлі жағдайларда w(t), M(t) және i(t) тәуелділіктерін анықтау болып табылады.

 

Өтпелі процестерді қарастырғанда келесі бастапқы берілістерді белгілі деп есептейміз:

- бастапқы күй: wнач, Мнач, iнач;

- қорытынды күй: wкон, Мкон, iкон және оған сәйкес келетін сипаттама w(М);

- өтпелі процестерді тудырған фактордың уақыт бойынша өзгеру сипаты;

- жетектің параметрлері.

 

Тәжірибеде туатын барлық мәселелерді, оларды реттеп меңгеру мақсатында, төрт үлкен топқа бөлеміз:

 

1. Жетектің ең үлкен инерциялығы- механикалық инерциялық (J); электрлік инерциялық (L) өте аз немесе білінбейді. Өтпелі процесті тудыратын фактор секірмелі түрде (кенеттен) өзгереді, яғни жылдамдықтан тез. Бұл топқа жататын есептер мысалдары: жүктеменің кенеттен көбеюі немесе азаюы, іске қосу, реверс, тежелу, орамдардың индуктивтілігін ескермегенде тораптан қоректенетін асинхронды қозғалтқыштардың жылдамдығын реттеу; Ф = const, Lя = 0 болса тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштары үшін де солай; Lя= Lв =0 болса тізбектей немесе аралас қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштары үшін де солай;

 

2. Жетектің ең үлкен инерциялығы-механикалық инерциялық (J); электрлік тізбектердің индуктивтілігі өте аз немесе білінбейді. Өтпелі процессті тудыратын фактор кенеттен өзгермейді, яғни оның өзгеру қарқыны w жылдамдықтың өзгеру қарқынына шамалас (әсер етуші фактордың “ақырын” өзгеруі).

Мысалдар: басқарылатын түрлендіргіш - тұрақты ток қозғалтқышы, жиілік түрлендіргіш – асинхронды қозғалтқыш (L = 0) жүйелеріндегі өтпелі процесстер.

 

3. Механикалық және электрлік инерциялықтары шамалас; өтпелі процесс тудыратын фактор кенеттен өзгереді.

Мысалдар: ток көзі – қозғалтқыш жүйесінде; Ф = var; немесе Ф = const, яғни Lя ¹ 0 болса тұрақты ток жетегіндегі өтпелі процестер.

 

4. Бірнеше инерциялық ескеріледі, өтпелі процесс тудыратын фактор кенеттен өзгермейді.

Реттеудің тұйықталған жүйелеріне қатысты осы күрделі мәселелерді біз қысқаша ғана қарастырамыз, оларға басқа пәндерде көбірек көңіл бөлінеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.