Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





зiн-өзi бақылау сұрақтары



Өзiн-өзi бақылау сұрақтары

1. «Теория», «әдiстер», «әдiстеме», «технология», «педагогикалық техно-логия» ұғымдарының арақаттынасы қандай?

2.  Педагогикалық технологиялардың жіктемелері қандай өлшемдерге негізделген?

3.  Макротехнологиялар мен микротехнологиялардың негізгі айырмашы-лықтары неде?

4. Педагогикалық технологиялардың атқаратын қызметтері қандай?

5. Педагогикалық үдерістегі коллаборативті оқу ортасының оқушы тұлғасына ықпалы қандай?

 

 

ГЛОССАРИЙ

Тәрбие - қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалып-тастырудың жүйелі үдерісі

Тәрбие жүйесі – тәрбие ісінің мазмұны, құрылымы мен қолданудың әдіс-тәсілдері және оны білім беру үдерісіндеқолдануды ұйымдастыру істерінің жиынтығы.

Тәрбиежұмысы – бұлжекетұлғаныңнеғұрлымтолықдамуынабағытталғанересектерменбалалардыңтіршілікәрекетінұйымдастыруғабағытталғанмақсаттыіс-әрекет.

Теория(гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілібірқұбылыстың, шындықтыңзаңдылықтарыменбайланыстарыжайлыжан-жақты, толықмағлұматберетін тұжырым.

Әдістеме дегеніміз - әдіс пен тәсілдердің жиынтығы.

Әдіс тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы тұрғысынан қарастырылады.

Заңдылық – қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, заң аясынан шықпайтын құқықтық әрекеттер мен құқықтың орындалуына саналы түрде жету.

Тәрбиенің әдіснамасы- тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс-тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңашыл көзқарастармен енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді оның іс–әрекеті, қарым-қатынасы, мінез – құлқында көрініс табуы. 

Тұлға– ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асыру дайындығы және оның іске асуының нәтижесі. Ерік-жігер тетігі дегеніміз адамның өзіне тән жеке бас қасиеттерін іске асыруы.Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің ішкі күшінің - сүйініштің бойға жинақтаған көрінісі.

Ерлік тәрбиесі – қазақ халқының жауынгерлік дәстүрі негізінде оқушылардың ерік-жігерін, табандылық, батылдық қасиет-терімен бірге, ұлттық сана, парыз, намысты қалыптастыра отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Қазақстандықпатриотизм–Қазақстандымекендейтінбарлықұлтпенұлыстардың, халықтардыңҚазақстанмемлекетіәлемдікбиіктенкөрінуүшінбілім, мәдениет, экономика, әлеуметтіктұрғыдадамуынажағдайжасайотырып, еліміздегібейбітшілік, бірлікпентәуелсіздіктісақтауүшінбарлықкүшжігерінжұмсауға даярлығы.            

Әлеуметтік құндылық – ұрпақтан-ұрпаққа жинақталған тәжірбиелер, өмір шындығы. Мұндай құндылықтар білім, мұрат, адамдар арасындағы қарым- қатынас және мінез- құлық нормалары, адамдардың өмірлік іс - әрекеті.

Педагогикалық қолдау-баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету мәселесін қамтиды.

Құндылық– Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер сияқты адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы.

Білім – бұрыңғы белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдардың жиынтығы.

Ғалым – ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адам.

Ғылым– қызметі табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам әрекетінің саласы.

Ғылыми-зерттеу жұмысы– бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми болжамдары тексеру, табиғат пен қоғам да-муының заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеу, эксперимент жүргізумен байланысты жұмыс.

Ғылыми таным – жаңа білім алу мақсатындағы ғылыми әдістерді пайдаланып, өзіндік мақсат көздей отырып зерттеу жүргізу.

Педагогика әдіснамасы (методология педагогики) - педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты, өзгерісті түсіндіру.

Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғары құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған және тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.

Кәсіби құзыреттілік - тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқарудағы теориялық және практикалық даярлығының бірлігі. Маманның жұмыс мақсаттарына, талаптарына сай өзіндік шешім қабылдай алуы, күрделі мәселелер жағдайында тиімді жол таба алу іскерлігі, және іс-әрекет нәтижесін бағалауға даярлығы.

Мәдениет –қоғамның даму тарихының жеткен сатысын сипаттайтын және адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесі үдерісінде қалыптасатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.

Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс-әрекеті, бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы.

Педагогикалық парадигма-нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, модель ретінде ұстанатын, негізгі қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер, әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі.

Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық үдерісте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.

Рефлексия - адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жайлы өзін бағалауы.

Эмпатия -мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы.

Диалектикалық әдіснама – индукция мен дедукцияның, анализ бен синтездің, абстрактілік пен нақтылықтың, тарихилық пен логикалықтың бірлігі. Ғылыми зерттеулерде жеке пәндердің әдістерін дұрыс қолдану әдіснама ғылымына, яғни ақиқатты танудың диалектикалық заңдылығына сүйенеді.   

 

№1 cұрақ

V2 Т.И.Щукина бойынша тәрбие әдістері жіктеледі:
Мінез-құлық пен шығармашылықты қалыптастыру әдістері
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері
Оқушының тәрбиелік деңгейін қалыптастыру әдістері
Іс-әрекетті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру әдістері
Іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру әдістері
Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері

№2 сұрақ

V2 Тәрбиенің негізгі бағыттары:
Шыдамдылық
Адамгершiлiк
Интеллектуалдық
Тұлғалық
Ақыл-ой
Тазалық
Эстетикалық

№3 сұрақ

V2 Тәрбиенің қоғамдық мәні:
Ережелер жүйесі
Жеке тұлғаның санасына, мінез - құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал
Кең мағынада алғанда, қандайда болса, бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз
Қоғамның пайда болуына тән қасиет
Рухани жағынан үнемі жетілу және баюуда көпсалалы үдеріс
Біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал етеміз
Халықтар бойына білімге негізделген этникалық ізгіліктер мен өнерлерді дамыту

№4 сұрақ

V2 Отбасындағы тәрбиенің міндеттері
Баланың жеке бас ерекшелігін ескеру
Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту, бекіту
Баланың психикалық үдерістерін ескеру
Жан – жақты дамыған тұлға тәрбиелеу
Еңбексүйгіштікке, өзіне – өзі қызмет ету дағдыларына үйрету
Жас ұрпақтың бойындағы азаматтық белсенділігін арттыру
Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған-туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап құрмет тұтуға үйрету

№5 сұрақ

V2 Тәрбиенің заңдылықтары:
Ұжымның қалыптасу жолдарын анықтайды
Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы
Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтайды
Оқушылардың қоғамдық жұмысты атқарудағы міндеттерін анықтайды
Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байлыныстылығы
Пән мұғалімдерінің сынып оқушылармен қарым-қатынасын дұрыс қалыптастырудағы міндеттерін анықтайды
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы

№6 сұрақ

V2 Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері:
Бақылау әрекеті
Қоғамдық құбылыс
Ұзақ әрі қүрделі процесс
Тәрбиелік іс-шарасы
Тәрбиелік әрекет
Мақсатты процесс

 

№7 сұрақ

V2 Тәрбие әдістері:
Педагогикалық біліктілік деңгейі
Жеке басқа ықпал ету құралы
Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс - әрекетінің тәсілдері
Тәрбие үрдістерінің жиынтығы
Тәрбиеленушілердің жас және жеке ерекшеліктері
Педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету

№8 сұрақ

V2 Сынып жетекшісінің диагностикалық қызметі:
Сыныптың білім көрсеткіштерін жоғары дәрежеге жеткізу
Оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және талдау
Мектеп әкімшілігі тарапынан берілетін жұмыстарға талдау жасау
Өз сынып оқушыларының ден-саулығын зерттеу
Сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтау
Балаларының сабақ үлгерімі және тәртібі жайлы ата-аналарға мағлұмат жинау
Келеңсіздіктерді болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздеу

№9 сұрақ

V2 Сынып жетекшісінің қызметі:
Оқушыларды қоғамға сай тәрбиелеу
Әр бағытта сыныптағы оқушының әрекетін ұйымдастырады
Мақсатқа сай тәрбиелеу
Оқушылардың ой-өрісін дамыту
Әрбір тұлағаның дамуына қамқорлық жасайды
Ұжым арқылы тәрбиелеу
Сыныпта туындаған мәселелерді шешудегі қамқорлық

№10 сұрақ

V2 Мұғалімнің іс - әрекетінің құрылымы:
Қызығушылығын арттыру
Хабарлау қабілеті
Қарым - қатынастық қабілет (коммуникативтік)
Білік, дағды қалыптастыру
Білім алу мен оқу сапасын арттыру
Құра білу қабілеті


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.