Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 4 страница



Сыни ойлау - адамның логикалық, аналитикалық, өз тәжірибесіне негізделген, тәуелсіз, түрлі фактілер арқылы дәлелденетін, рефлексивті, бағалап ойлау түрі. 

Сыни тұрғыдан ойлауды Дэвид Клустер былайша сипаттайды:

1) өз бетінше ойлай алу, яғни ойлау үдерісінде жекелік сипаттың болуы маңызды. Біз үшін ешкім сыни тұрғыдан ойлай алмайды. Біз тек өзіміз үшін ғана сыни тұғыдан ойлана аламыз.

2) кез келген ақпарат сыни тұрғысынан ойлаудың соңғы емес бастапқы сатысы. Себебі ақпарат болмаса, ойлауға да негіз жоқ.

3) сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қоюдан, проблемаларды анықтаудан басталады. Осындай мәселелерді шешу барысында оқушы шыныменен терең ойлана бастайды.

4) сыни тұрғыдан ойлау аргументтерді, дәлелдерді, фак-тілерді, статистикалық мәліметтерді, эксперимент нәтижелерін қатыстыруды қажет етеді.

5) сыни тұрғысынан ойлау үнемі әлеуметтік сипатта бола-ды. Кез келген ой басқалармен бөліскенде шыңдала түседі. Сондықтан бұл технологияны қолдану барысында оқушылардың өзара пікір ал-масуына мүмкіндік жасалуы керек.

Кез келген сабақ мұғалімнің монологына айналып кетпеуі керек. Ол кітаптағы мәліметтерді ауызша тасымалдаушы аппарат емес. Сол үшін ашық талқылау, диалог болуы қажет. Дәстүрлі оқытуда көп жағ-дайда оқушылар мектеп жасынан пасcивті тыңдауға, конспектілеуге, дайынды көшіруге бейімделіп кететіні алаңдаушылық туғызады. Сон-дықтан кейбір оқушылардың ережелерді түсінбей жаттап алғандарын білім деп қабылдау қиын. Сонда қазіргі мектептерде оқушылардың жаттау қабілеттеріне баға қойылып жүр ме, әлде біліміне баға қойыла ма? Мұғалім үшін оқушының жаттанды білімі білім емес, ол тек уақытша ғана жатталған үстіртін білім екенін түсінуі маңызды. Сон-дықтан әр оқушы сыни тұрғыдан ойлауға үйреніп, әр-бір айтқан жауаптарын негіздеп, дәлелдеп, мысалдармен бекіте алса және алған білімін өмірде қолдана алса ғана ол нағыз білім.

Көптеген зерттеушілер сыни тұрғыдан ойлауды дамытутехнологиясын сабақ барысында қолдануда оның үш негізгі кезеңін атап көрсетеді:

1) Ынттаны, қызығушылықты ояту кезеңі(Evocation):

- тақырып бойынша белгілі білімдерін еске түсіру, ойландыру;

- Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту;

- оқушылардың осы тақырыпты меңгеру бағытын анықтауы;

- оқу ынтасын оятуға байланысты проблемалық сұрақтардың қойылуы,

- қызықты тарихи маңызды мысалдардың келтірілуі, т.б.

2) Ой қозғау, түсіну кезеңі(RealizationofMeaning ):

- оқушылардың белсенді ой еңбегіне қатысуы;

- тақырып көлемінде мәтіндермен түрлі жұмыс істеу әдістерінің болуы;

- оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

- мәтінге, білімге деген жағымды көзқарас қалыптастыру; 

- мқушыларды өз беттернше жұмыс істеуге, ізденуге үйрету;

- педагог тек сырттай бақылаушы, кеңесші, бағыттаушы болуы;

- сабақты жоспарлауда әртүрлі стратегиялардың пайдала-нылуы, т.б.

3) рефлексия, ой толғаныс кезеңі (Reflection):

- бұрынғы білетін білімдер мен жаңа алған білімдерін салыстыру;

- тақырып көлеміндегі білімдерін жүйелеу;

- болашақта осы тақырыпты жетілдіру бағыттарын анықтау;

- оқушының тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергенін талдауы;

- өздік танымдық жұмысын бағалаулары, өзара баға берулері;

- кері байланыс карталарының сұрақтарына жауап берулері;

- қорытынды тұжырым жасау үшін қысқаша эссе жазулары, т.б.

Сабақтың осындай құрылымы адам қабылдауының кезеңдеріне сай анықталған. Қысқаша айтқанда, ең бірінші тақырып бойынша не білетіндерін ортаға салып қызығушылықты ояту, екіншіден, жаңа ақпараттармен танысу және бөлісу, үшіншіден, бұл алған білімдерді не үшін және қалай қолдану жайлы ой толғаныстың болуы қажет.

Бұл технологияда ақпараттардың оқу арқылы қабылданып, жазу арқылы есте қалатынына аса мән берілген. Сондықтан аталып отырған технологияда оқу және жазу үдерістерінің түрлі тәсілдері қарасты-рылады. Мәтінмен жұмыс істей отырып оқушы өзінің қаншалықты түсініп отырғанын бақылайды, оған сырттан ешкім ықпал жасамайды және танымдық мақсатқа өз бетінше жетуге тырысады.

Сынитұрғыдан ойлауды дамыту технологиясының түйін сөз-дері:түсіне оқу, тиімді оқу, рефлексиялық жазу. Мектептегі өзгермелі фактор - педагогтардың оқушылардынеге үйрететіндері емес, қалай үйрететіндері. Ең маңыздысы сол белгілі білім ақпараттарын тың-даушыға қандай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жеткізуінде. Оқыту мен жазу білім берудегі ең негізгі үдерістер болғандықтан, оқушыларды дұрыс жазып, дұрыс оқу тәсілдеріне арнайы үйрету, ақпараттарға сын тұрғысынан қарап, ой елегінен өткізу тәсілдерін меңгерту қажет.

Оқуда кез келген ақпарат түрлі тәсілдермен талданып, мазмұны бойынша маңызды жақтары іріктеліп отырады. Түсіне оқу деген ұғым-ның өзі педагогты ойландыруы керек. Мұғалім ақпараттың күрделілік деңгейін дұрыс таңдап, оның оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуін ескеруі қажет.

Сондай-ақ тиімді оқудың өзі үлкен өнер. Ол үшін мұғалім ой еңбегінің нәтижесіне әсер ететін барлық факторлар дұрыс ойластыруы керек. Қанша уақыт жұмсау, нені анықтау, қандай сұрақтарға жауап іздеу, не үшін оқу – осының барлығын дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің және технологиялық құзіреттілігінің айқын дәлелі бола алады.

Рефлексиялық жазу-оқу барысында оқушылар көптеген жазба жұмыстарын атқарып отырады. Мысалы қысқаша конспект жасау, түртіп жазу, ұнаған ойларды жазып алу, ұлы адамдар сөздерін жазып алу. Сонымен қатар оқыған материал бойынша рефлексиялық жазба жұмыстарын жүргізу (оқылған материал бойынша эссе, шығарма, маз-мұндама жазу, т.с.с.) білімді меңгеру деңгейін дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін маңызды тетіктердің бірі. 

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда шетелдік білім беру үдерісіндекөп жылдардан бері қолданылып келе жатқан Блум таксономиясы тиімді нәтижелер көрсетуде. Осы теория негізінде танымүдерісі ең қарапайымынан бастап 6 деңгейге бөлініп қарастырылады. 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.