|
|||
зін-өзі бақылауға арналған сұрақтарӨзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 1. Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі дегенді қалай түсінесіз? 2. Отбасының қызметтері, типтері, ерекшеліктері. 3. Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттеріне(отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, балалар мен ересектердің өмірлік тіршілігін ұйымдастырудың құралдары, формалары, әдістері)сипаттама беріңіз. 4. Отбасы бала тұлғасын әлеуметтендіру факторы дегенді қалай түсіндіресіз? 5. «Үлгілі отбасын құруда сенің қосар үлесің» атты кесте құрып, сипаттама беріңіз. 7-тақырып. ОҚЫТУ – ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ 7.1. Дидактика – оқыту және білім беру теориясы. Дидактиканың нысаны, пәні, қызметтері, міндеттері.Қазіргі уақытта дидактика педагогика ғылымының дамыған, неғұрлым қалыптасқан маңызды да күрделі саласы ретінде қоғам дамуының белгілі кезең-дерінде мектеп алдына қойылатын жаңа жауапты міндеттерді ойдағыдай шешу барысында үнемі дамып отыратын ғылым. Орта білім беру жүйесінде дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, құрылымын, оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын, ерекшеліктерін, талаптарын, шарттарын, оны ұйымдастару әдістері мен формаларын және технологиясын, оқыту нәтижелілігін зерттейтін педагогиканың маңызды саласы болып табылады. Тұтас педагогикалық үдерістің құрауыштары - оқыту мен тәр-биелеу. Бұлар өзара тығыз байланыста болса да, әрқайсысының ерек-шеліктері бар. Педагогикалық үдерісте оқыту үдерісі өзіндік орынға ие. Оқыту барысында білім, білік, дағды және тәжірибе, қабілеттер қа-лыптасады. Оқыту үдерісінің теориялық негізін, оның заңдылықтарын, ұстанымдарын, категорияларын педагогиканың арнайы саласы – ди-дактика зерттейді. Дидактика – оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістеріне және ұйымдастыру түрлеріне ғылыми негіздеме беретін оқытудың педагогикалық теориясы. Дидактика ғылым ретінде мына мәселелерді қарастырады: не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты)?; кімді оқытамыз (оқыту субьектілері)?; оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту ұстанымдары)?; неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны)?; оқы-туды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы)?; оқы-туға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік бағдарламалар, т.б.)?; оқыту нәтижесінде неге қол жеткізіледі (оқыту нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер мен нәтижелер)?; оқыту нәтиже-лерін қалай бақылауға және бағалауға болады? (оқыту үдерісін бақы-лау түрлері). Дидактика – бұл оқытуды теориялық деңгейде зерттейтін педа-гогикалық ғылыми пән.Дидактиканы кез келген педагог білуі қажет, өйткені ол теориялық білімге сүйене отырып, соған сәйкес практи-калық мәселені ойдағыдай шеше алады. Сондықтан мұғалімге практикалық әрекет теориясы, яғниоқыту әрекетінің теориясы қажет. Дидактиканың объектісі мен пәні.Оқыту дидактің де, әдіс-кердің де, психологтың да, ақпарат теориясы маманының да, кибер-нетиктің де зерттеу нысаны бола алады. Бірақ әрқайсысы бұл нысанды зерттеуде өздерінің мақсаты мен зерттеу нәтижелерін нақтылайды. Демек, дидактиканың пәні - үйрету мен үйренудің тұтастығы, өйткен ол оқыту үдерісіндегі педагог пен оқушылардыі әркетін таным теория-сы арқылы сипаттайды. Дидактика пәнін анықтаудың келесі қадамы - оқытудың педа-гогикалық мәнін ашу. Дидактика теориялық ғылым ретінде оқытудың әдіснамалық және әдістемелік негіздерін ашып көрсетеді. Дидактика пәнінің келесі сипаттамасы – оқытуды тәрбиемен біріктіре қарас-тыруы. Сонымен, дидактиканың зерттеу пәні - оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен ұстанымдары. Дидактиканың қызметтері: оқыту үдерісін және оның орын-далу шарттарын сипаттау және түсіндіру; оқыту үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыру, жаңа оқыту жүйелерін, жаңа оқыту техноло-гияларын құрастыру. Бұл қызметтер, дидактика пәнін анықтауда басшылыққа алы-нады: оқыту сипаттау, түсіндіру, құрастыру және зерттеу нысаны ретінде қарастырылды. Оқыту – дидактика педагогиканың ғылыми-теориялық қызметін орындаған уақытта зерттеу нысаны ретінде алынады. Құрастырушылық-техникалық қызметтің негізіне ғылыми-теориялық қызметтің орындалуының нәтижелері алынады. Өзінің қызметтерінің орындалуында дидактика басқа ғылымдардың, дәлірек айтсақ: философияның, жалпы психологияның, жас ерекшілік психо-логиясының, кибернетиканың жетістіктерін қолданады. Дидактиканың міндеттері: - білім беру мақсатын ғылыми негіздеу, білім беру мазмұнын құрылымын анықтау, білім беру мазмұнының оқытудың әрбір дең-гейіндегі көлемін нақтылау; - оқыту үдерісінің теориялық модельдерін ойластыру және оны практикада тексеру; - оқыту үдерісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілген жаңа жүйесін, оқытудың жаңа технологияларын жасау. Бүгін дидактика білім беру және оқыту туралы ғылым ретінде танылып отыр. Я.А. Коменскийдің педагогикалық теориясы.«Дидактика» термині грек тілінен шыққан, яғни «didaktikos»-үйренуші, ал «didasko»-зерттеуші деген мағынаны білдірген. «Дидактика» түсінігі мазмұнын толық түсіну үшін, бұл ғылыми пәннің дамуына қысқаша тарихи шолу берген жөн. Тарихта ұзақ уақыттар бойы «педагогика» терминімен қатар «дидактика» термині бір мағынада қолданылып келген. Ең алғаш рет оны ғылымға неміс педагогі В. Ратке (1571-1635 жж.) енгізген және өзінің лекция курсына «Дидактикадан қысқаша ғана есеп нәтижесі немесе Ратихияның оқыту шеберлігі» деп атаған. Коменский Ян Амос (1592– 1670 жж. ) - чех педагогы, қоғам қайраткері. Онан соң 1657 ж. Амстердамда өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегін бастырып шығарды. Коменскийдің педагогикалық көзқарастары – гуманизм мен демократияға негізделген. Ол ортағасырлық жаттамалы оқуға, баланы жазалап оқытуға қарсы болды. Я.А. Коменский дидак-тиканы «бәрін бәріне оқыту өнері» ретінде қарастырды Дидактиканың құрамында ол «жан-жақты моральдікке бағытталған ойлардың қалып-тасуы» туралы оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарын қарастырды. Мектеп баланың «адамгершілік, сүйіспеншлік шеберханасы» болуы керек де-ген көқарасты насихаттады. Коменский адам танымының үш сатысын анықтады. Олар: 1) эмпирикалық; 2) теориялық; 3) практикалық. Коменский тәрбиені адамның табиғатына сәйкес жүргізу керек деп есептеді. Ол оқытудың жеті түрлі принципін анықтады: білім беру үдерісін көрініп тұран заттан бастап, біртіндеп абстрактылыққа кө-шіру, жеңілден ауырға қарай жылжу, көрнекілікке басакөңіл бөлу, білімнің жүйелі түрде меңгерілуі, білім сатыларының бір- бірімен байланысты берілуі, теорияның пратикалық өмірмен тығыз байланыс-ты болуы, баланың жас және жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып білімді меңгеру. Коменский бірыңғай білім беру жүйесін ұсынды: ана мектебі (6-12 жас аралығы), ана тілі мектебі (12-18 жас), академия (18-24 жас). Ол оқу жылын тоқсанға жіктеу, оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - сынып-сабақ жйесін педагогика тарихында алғаш рет ұсынды. Коменский оқулықтарға талаптарды да анықтады. Оның педагогика-лық талабы бойынша, оқулық жүйелі, ғылыми негізге сүйенген, теория мен тәжірибенің байланысын іске асыруға талпыныс жасауы қажет. Коменскийдің дидактикалық принциптер әлемнің педагог-ғалым-дары ұдайы қағида тұтып, басшылыққа алып келеді.
7.2. Педагогика тарихындағы дидактикалық теориялардың дамуы. Дидактиканың бірнеше ғасырлық бай тарихы бар және қазір де қарқынды даму үстінде, оның даму тарихы отандық және ғаламдық ғылым жетістіктерімен қатар әлемдік көрнекті педагогтардың еңбек-терімен тығыз байланысты. Педагогика ғылымының дамуы барысында дидактика білім беру мен оқытуға көңіл аудара бастайды. Әлемдік дидактиканың дамуына Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841 жж.), И.Г. Песталоцци (1746-1827 жж.), А. Дистерверг (1790-1816 жж.), К.Д.Ушинский (1824-1870 жж.), Д.Дьюи (1859-1952 жж.), Г.Кершенштейнер (1854-1932 жж.), В.Лай (1862-1926 жж.) және т.б. үлкен еңбек сіңірді. Швейцария педагогы И.Г. Песталоцци бастауыш білім беру ди-дактикасының негізін қалаушы. Ол оқытудың мақсаты баланың ақыл-ойын белсенділікке бағыттау, танымдық қабілетін дамыту, логикалық ойлауын және түсінгенінің мәнін қысқаша айтып беруге дағдыландыру деп есептеді. Белгілі неміс педагогы және философы И.Ф. Гербарт (1776-1841) Я.А. Коменскийден кейін дидактиканың тәрбиелей отырып оқытудың біртұтас теориясы ретінде теориялық негізін салып, педаго-гиканың бөлімі ретінде қарастырды. Бұл көзқарас көптеген отандық және шетелдік педагогтардың еңбектерінде көрініс тапты. И.Ф. Гербарттың дидактикаға қосқан басты үлесі - оқытуды сатылау. Оның құрылымы: айқындық – ассоциация – жүйе әдіс. Оқу үдерісі елесте-туден ұғымға және ұғымнан теориялық білікке өтеді. Бұл құрылымда практика болмайды. Бұл формальдық деңгейлер оқытудың мазмұнына тәуелді емес, барлық пән үшін барлық сабақта оқу үдерісінің жүрісін анықтайды. Гербарттың ізбасарлары (В. Рейн, Т.Ц иллер, Ф. Дерпфельд) бұл теорияны оның біржақтылығынан және формальды-лығынан құтылуға ұмтылып, дамытып, жаңартты. XIX-XX ғғ. аралығында дидактиканың дамуына П.Ф. Каптерев, С.Т. Шацкий, П.П. Блонский, А.К. Гастев, А.П. Пинкевич, М.М. Пистрак және т.б. үлес ққосты. Әсіресе КСРО кезінде отандық дидактикада П.Н. Груздев, М.А. Данилов, Ш.И. Ганелин, Е.Я. Голант, Л.В. Занков, Б.П. Есипов, М.Н. Скаткин және т.б. табысты жұмыс істеді. Оқытудың ғылыми негіздемесін жасауға, дидактиканың нысаны мен пәнін анықтауға, педагогикалық ғылымдармен, сондай-ақ басқа ғылымдармен байланысын табуға, дидактикалық зерттеудің әдіснама-сын нақтылауға, оқыту әдістерін жетілдіруге В.С. Ильин, В.И. Загвязинский, В.В. Краевский, И.Я. Лернер, М.М. Махмутов, П.И. Пидкасистый және т.б. зор үлес қосты. Аталмыш ғалымдардың дидак-тикаға үлесі қазіргі уақыттағы педагогикада туындайтын өзекті мәсе-лелерді шешуде іргелі негіз болып отыр. Қазақстанда педагогикалық теориялардың дамуы. Қазақстан топырағынан шыққан ұлы ойшыл ғұламалар Әбу-Насыр Әл-Фараби, Ибн - Сина, Қожа -Ахмет Иассауи, Әл - Хорезми, Махмут Қашқари, Жүсіп Баласағұни қазақ жерінде дидактиканың философия-лық-әдіснамалық заңдылықтары, өзіндік ерекшеліктері туралы өз ең-бектерінде жазып, кейінгі ұрпаққа бай мұра қалдырды. Әлемдік мәдениет пен ғылымның дамуына зор үлес қосқан, данышпан – ғалым әл-Фараби адамды тек оқу-білім арқылы жаңар-туға, жетілдіре түсуге болады, мұның өзі барша халыққа бірдей ортақ нәрсе деп түсінді. Оның трактаттары ғылымның барлық дерлік саласын қамтыды. Ұлы ойшыл еңбектерінде педагогика мен психологияның, математика мен оны оқыту әдістемесінің мәселелері де үлкен орын алды. Әсіресе, «Ғылымдардың классификациясы» деген еңбегінде сол кезеңдегі белгілі ғылымдардың әрқайсысын жеке–жеке саралап, олардың мазмұнын толық баяндады. Ж. Баласағұни «Құтты білік» атты еңбегінде ғылым мен білім-нің адам өмірінде шешуші рөл атқаратындығын айқындай отырып, өмірмен байланысты білімнің өлшеусіз байлық, мол мұра екенін тұжырымдаған. Қазақтың ұлы ақын-ойшылдары А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, этнограф – ғалым Ш. Уалиханов, ағартушылар Ы. Алтынсарин, С. Көбеев, С. Торайғыров өздерінің философиялық еңбектеріндегі қазақ халқының дүниетанымын қалыптастыру, ағарту, сауат ашу, білім беру, мәдениетке үйрету, өзге елдердің озық мәде-ниетінен үйрену туралы айтқан құнды пікірлері осы заманғы білім беру ісімен үндесіп тұрған өзекті мәселе екені аңғарылады. Одан бергі кезде ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, С Қожахметов т.б. білім беру мен оқыту үдерісін жетілдіру, оқулықтар даярлау, білім мазмұнын іріктеу, оқушылардың таным әрекетін белсенділендіру мәселелерін тереңінен зерттеп, дидактиканы одан әрі дамытуға өз үлестерін қосты. Дидактика тарихын зерттеугеР.Б. Вендеровская, Ш.А. Ганелин, С.Ф. Егоров, З.И. Равкин, Л.А. Степашко, И. Мадин, Қ.Б. Сейталиев, Е.Ү. Жұматаева, Б.К. Әбдіғұлова, А.Е. Дайрабаева өз еңбектерін арнады. Кеңес дәуірінде таңда Қазақстан ғалымдары педагогиканың жалпы мәселелерімен қатар дидактикалық мәселелерді де зерттеді. Республика мектептерінің практика материалдарына сүйене оты-рып, жалпы педагогикалық, дидактикалық маңызы бар түрлі жастағы оқушылармен жұмыс істеу ерекшеліктері, оқытудың дамуына бай-ланысты мектептерді политехникаландыру, мектеп жағдайындағы оқыту, білім беру үдерісінің ерекшеліктері сияқты тақырыптар бойын-ша көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Солардың бірі профессор Р.Г. Лемберг болды. 60–жылдардың ортасынан бастап дидактикада едәуір алға жыл-жушылық үдерісін байқатты. Бұл ең алдымен оқу-тәрбие үдерісін зер-делеуге тұтастық тұғырын қолданудан, оның қозғаушы күштерін анықтаудан, оқушыларды оқыту мен үйретудің заңдылықтарын ашу-ға ұмтылудан көрінеді. Осы негізде оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру мәселелеріне көңіл аудару күшейе түсті және бұл үдерістің мазмұнын ашып көрсетуде белгілі бір жетістіктерге қол жетті. Қазіргі заманғы дидактикалық жүйеде оқыту мен оқу өзара бір-лікте жүреді. Дидактикалық тұжырымдама шеңберінде бағдарламалап оқыту, проблемалық оқыту, дамыта оқыту, гуманистік психология, когнитивтік психология, педагогикалық технология және педагогика-лық ынтымақтастық т.б. сияқты әртүрлі бағыттар жұмыс істейді. 7.3 Оқытудың әдіснамалық негізі. Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде оқыту үдерісіне қатысты іс-әрекет, амал жүйесін құрып, бірқатар «индукция», «дедукция», «талдау», «жинақ-тау» т.б. сияқты терминдердің мәнін ашып көрсеткен еді. XX ғасырдың 40-шы жылдары кеңестік педагогика оқыту тео-риясы мен таным теориясының ара қатынасын зерттеу мәселесін алға қойды. И.Ф. Свадковский оқыту заңдылықтарын тікелей таным үдері-сінен шығарды. Бұл көзқарасқа қарсылық білдірген М.А.Данилов «оқытуды тек таным логикасы деп қарастыру тенденциясы дұрыс емес, өйткені оқыту үдерісі өзінің бай мазмұнынан айырылады» - деп жазды. Педагогикада оқыту теориясы мен таным теориясының ара қатынасын зерттеу мәселесіне өз еңбектерінде назар аударғандар И.Т.Огородников, П.Н.Шимбиров, Р.Г.Лемберг, И.Н.Казанцев, М.А.Данилов және т.б. Олар оқыту үдерісі мен таным үдерістерінің ортақтығын (оқыту үдерісі таным элементтерін қамтиды) атай оты-рып, олардың мәнді ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Философиялық әдебиеттегі таным және ғылыми таным теория-ларындағы келесі қағидаттар басшылыққа алынды: таным теориясы (немесе гносеология, таным философиясы) - таным табиғаты және оның мүмкіндіктерін, танымның шынайы және нақтылығын қарас-тыратын философияның бір бөлімі, гносеология – адамның танымдық әрекеттерінің жалпыға ортақ сипаттамасын қарастырады; танымның негізгі ұстанымдары: болмыстың және ойлаудың тепе-теңдігі (дүниені тану ұстанымдары), таным үдерісінің диалектикасы, қоғамдық тәжі-рибе - танымның негізгі қорғаушы күші, шынайылық өлшемі, таным мақсаты; гносеологияның негізгі бөлімдері: адамның объективті дү-ниені тануы туралы білім; таным түсінігінің табиғаты: а) үдерістің классикалық сызбасы: таным нысаны - таным субъектісі; б) таным үдерісінің ғылыми сызбасы: таным объектісі - таным құралы - таным субъектісі. Оқытудың заңдылықтары және қағидалары. Заң, филосо-фияда- заттардың, құбылыстардың, үдерістердің, т.б. өзара табиғи және қайталамалы жалпы байланысының, яғни заңдылыңтардың мәнін түсіндіретін философиялық категория. 1960-1970 жылдарыоқыту үдерісінің заңдылықтарын тәрбие мен білім беру мақсатына сәйкес, оқыту заңдылықтарын қолдану мәселесі көтерілді. М.А.Данилов өзара байланысты жүйе жағдайында жетекші принцип туралы айта келіп, дидактикаға принциптер сәй-кестігі туралы түсінік ендірді. Ол принциптерді белгілі жүйеде қарас-тырып мынадайсәйкестік принциптерін ұсынды: оқытудағы ғылыми-лық пен түсініктілік; жүйелі оқытудағы теория мен практиканың байланысы; білімді игерудің беріктігі және оқушының танымдық күшін жан-жақты дамыту; фронтальдық, ұжымдық және даралап оқытудың оңтайлы сәйкестігі. М.А.Данилов, Б.П.Есипов, И.Т.Огородников, Т.А.Ильина, В.И.Загвязинский және т.б. оқыту принциптерінің өзара байланысы мен өзара себептестігін бірқатар жылдар бойы зерттеді. Л.В.Занковтың «дидактикалық жүйе» түсінігін енгізуіне байланысты, басқа да педагогтардың «дидактикалық жүйе» түсінігін қайта зерттеуі мен оны құрастыруы, дидактикалық принциптерге жаңа түсініктеме беруді қажетсінді. Мәселен, Л.В. Занков түсініктілік принципіне: «Бұл принципті қайтадан сын тұрғысынан қарастырып, оқыту үдерісін құ-руда оқушының жас ерекшеліктерін ескеру керек»,- деп көрсетті. Л.В.Занков оқыту жүйесін құрастыруда, үнемі оқушылардың таным-дық қабілетін мейілінше дамыту қажет деген мәселені ұсынды. Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин ғылымилық принципіне жа-ңаша түсініктеме беріп, оларды нақты игерту үшін қорытындылау арқылы, теориялық білім беру қажеттігіне тоқталды. Проблемалық оқытудың теориясы мен практикасының дамуына қарай оқытуды белсендіру, оның түрлі деңгейі негізінде шығармашылықты дамыту және саналылық принциптерінің мағынасы қайта толықтырылды. Оқыту заңдылықтары деп – оқыту үдерісінің құрамдық бөлік-терінің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты, қайталанатын байла-ныстарды атайды. Бұл байланыстардың оқыту үдерісі бөліктеріне бай-ланысты айрықша ықтималды-статистикалық сипаты дидактикада «заңдылықтар» ұғымының ерекшелігі болып табылады. Үдеріске қа-тысушылардың істері мен үдерістің шарттарына тәуелсіз, олардың бір бөлігі әрдайым іс барысында, мысалы оқыту мақсаты мен мазмұны қо-ғамның, жеке адамның білім деңгейінің талабына байланысты. Заңды-лықтардың көп бөлігі тенденция үрдіс ретінде көрінеді, демек әрбір бөлек жағдайда емес, көп жағдайда статистикалық қатарда болады. Бұл бар-лық қоғамдық үдерістерге тән, оқыту үдерісіне де тән; өйткені ол саналы түрдегі мұғалім мен оқушының әрекетіне, мәдени, материал-дық шарттарына және т.б. көптеген факторларға тәуелді. Көптеген оқыту заңдылықтары тәжірибелі, эмпирикалық жол-мен табылады, демек оқыту тәжірибе негізінде құрыла алады. Алайда, нәтижелі оқыту жүйесін құру, оқыту үдерісіне жаңа дидактикалық құ-ралдарын енгізумен қиындату оқыту үдерісіндегі заңдар туралы тео-риялық білімді қажет етеді. Оқыту үдерісінің ішкі және сыртқы заңды-лықтары ерекшеленеді. Алғашқылары оқытудың қоғамдық үдерістер мен жағдайларына: әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайға, мәдени деңгейге, қоғамның белгілі түрдегі жеке адам типіне және оның білім деңгейінің мұқтаждылығына тәуелділігін сипаттайды. Оқыту үдерісінің ішкі заңдылықтарына оның өз бөліктерінің арасындағы, яғни, мақсаттарының, мазмұндарының, тәсілдерінің, әдіс-терінің, формаларының арасындағы байланыстар жатады. Басқаша сөз-бен айтқанда, бұл сабақ берудің, оқыту және оқытылатын материал-дың арасындағы тәуелділік. Педагогика ғылымында мұндай заңдылық-тар өте көп белгіленген, айтылып кеткендей, олардың көпшілігі оқыту-дың міндетті шарттарын орындағанда ғана іске асырылады. Осы кезеңдегі дидактикада оқыту үдерісі біртұтасқұбылыс ре-тінде зерттеліп, оның заңдылықтары мен негізгі сипаттары ашылды. Олар: 1) оқытудыңқоғамныңмұқтаждығынажәнежағдайынабайла-ныстызаңдылығы.Неғұрлымқоғамныңэкономикалықмүмкіншілігіғылыми-техникалықүдеугесәйкесдамыпотырса, солғұрлыммектеп-тіңоқу-материалдықжағдайыжақсарады, педагогикалықүдерістиімдіұйымдастырылып, жекеадамныңдамуынаигіәсеретеді. 2) оқыту, білімберу, дамудыңөзарабайланысзаңдылығы. Л.С.Выготскийбылайдеген: «Оқытудамудыңалдынашығыпотырса, олбаладамуына «еңтаяудамузонасын» жасайды, баланыізденугеталаптандырадыжәнедамудыңбірнешеішкіүдерістерінқозғалысқакелтіреді». 3) оқытуүдерісіндеоқушылардыңжасжәнедараерекше-ліктерінескеру. 4) оқытуүдерісініңміндеттерінің, мазмұнының, формалары-ның, әдістерініңөзарабайланысы, олардыңжаңарып, толықтырылуы. 5. жекезаңдылықтароқытужүйесініңнақты, жекебөліктерінқамтиды. Оқыту үдерісінің заңдылықтары оқыту принциптері арқылы жү-зеге асырылады. «Принцип» (лат.) – негізгі, бастапқы, қағида, ұста-нымдар деген мағынаны білдіреді. Оқушыларды терең және мықты ғылым негіздерімен қаруландыру ғалымдардың дидактикалық прин-циптерді анықтауды талап етті. Ол принциптер мектептің жалпы мақ-сатына сай –қоғамға білімді, өзіндік бастамасы бар, іскер құрылыс-шыларын дайындау болды. Негізгі принциптер: ғылым негіздерін жүйелі және саналы игеру, теорияның практикамен байланысы, оқыту әдістерінің алуан түрлілігі, оқытуды өндірістік еңбекпен байланыс-тыру, оқушыларды өндірістің жалпы ғылыми принциптерімен таныс-тыру, балалардың жас ерекшеліктерін ескеру. Л.В. Занков дидактика мәселелерін зерттеуші ғалым. «Дидак-тика және өмір» атты еңбегінде мектептің оқушыны дамытуына ба-са назар аударып, эксперименттік оқыту принциптерін, осы бағытта-ғы мектеп тәжірибесінің нәтижелерін ашып көрсетті. Л.В. Занков 1963-1967 жылдар аралығында төрт жыл бойы эксперимент жүргізілді. Оның нәтижесінде бастауыш сыныптырда оқытудың мынадай прин-циптері, яғни ұстанымдар анықталды: Оқытудағыжоғары деңгейдегі қиындық принципі, «орташа қа-лыптағы» қиындықты белгілі бір мөлшерге дейін арттыруды сипат-тамайды, ол ең алдымен оқушының рухани күшін ашып, оның дамуын өрістетіп, бағыт береді. Бұл жерде, тек қарапайым түрде оқушының «ақыл-ой күшін біраз арттыруды» емес, дидактикада оны біртіндеп күрделендіруді білдіреді (М.А. Данилов пен Б.П. Есипов). Бұл прин-ципте кез келген қиындық емес, зерттелетін құбылыстың танымдық мәні, байланыстары, өзара тәуелділіктері, оқушыларды әдебиет пен өнердің шынайы құндылықтарын меңгертуге бағыттайды. Бұл прин-цип оқушылардың оқу әрекет нысанынсипаттайды. Сонымен бір-ге бұл принцип оқушының оқу материалдарын меңгерудегі психика-лық қызметінің өзіне тән үдерістерін жинақтайды. Жоғары деңгейде оқыту принципі күрделілік мөлшерін қадаға-лайды. Жаңа жүйенің келесі дидактикалық принципі – теориялық бі-лімнің жетекші рөлі. Көрсетілген принцип оқытудың танымдық қы-рын алға шығаратын, баланы дамытатын ең үлкен күш және біліктер мен дағдыны іске асыратын сенімді негіз саналады. Теориялық білімді алға шығарудың қорқынышы кіші жастағы оқушылардың ойлауы нақ-ты деп, психологтардың еңбектерінде негізделген еді. Эксперименттік жүйенің келесі принципі – оқу үдерісін саналы меңгеру. Бұл принципті жүзеге асыру оқытудағы саналылық принципі негізінде жүзеге асырылады. Оқытуда маңызды орын алатын принцип-тің бірі – барлықбалаларды дамыту, соның ішінде білімі нашар оқу-шыға байланысты болады. Сонымен, оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін – оқыту үдерісінің принциптері деп атайды. Оқыту үдерісінде кез-келген мұғалім дидактиканың принцип-терін басшылыққа ала отырып, оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижеге жет-кізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдап, оқы-туды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз. Оқушыларға ойдағыдай теориялық білім, практикалық дағды, қабілет және тәрбие беру міндеттерін толық жүзеге асыру үшін оқытушы әр-бір сабағын мынандай дидактикалық принциптер негізінде өткізуі қа-жет: оқу материалы, оның орналасуы мен оқытылуы ғылыми негізде жүйелі болуы; оқу материалы және оны түсіндіріп айту, көрнекті, ұғы-нықты болуы; теория мен практиканың тығыз байланыстылығын ашып көрсете білуі; оқушылар оқу материалын саналы және белсенді ұғынуы; оқушылардың алған білімі мен дағдылары берік болуы. Принциптерден педагогикалық ережелер туындайды. Педагоги-калық ереже– жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық әрекеттің бейнеленуі. Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды, мұғалімге нақты жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады. Ережелер принципке сүйенеді, ал принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қа-лыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады. Дидактиканың ұстанымдары туралы тұжырымдарды қорыта келе, ғалымдарға мынадай сипаттама беруге болады. Әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отан-дық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап,тәжірибеге енгізді.Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Ди-дактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидак-тикалық принциптерге негізделеді. Ол прнциптер: 1) оқытудың ғылымилығы. Оқытудың басты мақсаты – білім беру. Оқушылар пәндер арқылы ғылымның негіздерін үйренеді; 2) оқытудың тәрбиелілігі. Оқу үдерісінде оқушылардың білім алуымен қатар, олардың дүниеге көзқарасы, адамгершілігі қалып-тасып, ақыл–ойы дамиды; 3) оқытудың көрнекілігі. Көрнекілік – білудің, танудың, ұғынудың басты құралы; 4) оқудағы саналылық мен белсенділік – оқушылардың оқуға ықыласпен, шығармашылықпен қарауы, оқу материалын өмірде қолдана білуі; 5) оқытудағы жүйелілік пен сабақтастық. Оқу материалы оқушылардың жас ерешеліктеріне, дүниетаным қабілеттеріне лайықты бір–бірімен сабақтас, бірте – бірте күрделендіру принципімен құры-лады. Бұл принциптер оқу бағдарламасын жасау жүйесін, оқушы-лардың тиісті іс–әрекеттерін айқындайды; 6) оқытудың түсініктілігі. Оқу материалы оқушылардың қабілетіне, ұғынуына лайықты болуы тиіс; 7) оқушылардың білімді терең және тиянақты меңгеруі – оқу үдерісінде оқушылардың алған білімін одан әрі дамытып, же-тілдіруі; 8) жеке оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес қарым–қаты-нас. Жеке адамдардыңөздеріне тән ерекшеліктері оқушылармен дер-бес қарым–қатынас жүргізуді талап етеді. Дидактикалық принциптер оқу–тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқытуда табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады.
7.4. Дидактиканың негізгі категориялары.Категориялар – (грекше kategoria – түйіп айту). Философияда – шындық көріністері мен танымның маңызды, жалпыға ортақ қасиеттері мен қатынастарын бейнелейтін, мейлінше жалпылама және іргелі ұғымдар олар адам ой-лайының жалпы заңдылықтарын білдіреді. Оқыту – тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасындағы нәти-жесінде белгілі білімдер, іскерліктер, дағдылар тәжірибені және өз мінез-құлқын, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі. Дидактика – жеке әдістеменің негізі. Әдістеме – педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Мектепте оқылатын әр пәннің әдістемесі-барлық пәнді оқытудың ортақ әдістемесі. Айталық, бастауыштағы бірнеше пәнді бір мұғалім оқытады, сондықтан ол барлық сабақтың әдістемесін, яғни бастауыш оқытудың дидакти-касын меңгеруі керек.
|
|||
|