Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Табиғи судың физикалық және химиялық қасиеттері.



Дәріс-2

Табиғи судың физикалық және химиялық қасиеттері.

 

    Табиғи судың физикалық — химиялық қасиеттері.

    Табиғи су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.

    Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% — ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% — ын, ал оттегінің 50% — дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.

    Табиғи судың физикалық қасиеттері— жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы). Бұдан басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады.

    Су-ғажайып зат. Су бір мезгілде 3 түрлі күйінде кездеседі Мұз-судың қатты күйі,оның сұйыққа айналуымен булануы қатар жүреді. Су-тіршілік көзі. Тірлігі оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін бактериялар бар,бірақ сусыз өмір сүретін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесінің 50-90 пайызы судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17кг-ға кемісе, адам өледі. Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды.

    Судың химиялық қасиеттері- табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің 2/3 бөлігін су қабаты алып жатыр. Судың тағы бір кереметі оның су қабаты, ауа қабаты, құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі. Судың тағы бір қасиеті –жақсы еріткіш. Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минерал заттарын ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады,жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Ішуге жарамды судың 1л. 2-20 гр еріген тұздары болады. Ол адам ағзасына пайдалы әр түрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі. Ондай суларды шипалы сулар дейміз.

    Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады.Адам ағзасының құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді. Шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары су объектiлерiне жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға

объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi.

    Дүние жүзінің ¾ бөлігі су. Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ тер.ауданынан 2,5 есе артық. Жалпы көлемі 1455 млн км3. Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық ж/ә физ.-хим. қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді :физ. күйіне байл.-ерімейтін коллоитты,еритін,табиғатына қарай-минералды органикалық биологиялық н/е бактериялық.Минералды компонентерге анорганикалық қосылыстар,яғни еритін ж/е онда молекулалық пен иодық түрде болатын заттектер жатады.Табиғи суларда еріген түрде әр түрлі газдар (оттек азот көміртек диоксиді күкірті газ т.б. ) сонымен қатар еріген тұздар (натрийдікі калийдікі кальцийдікі темірдікі т.б.)болады.

    Органикалық компоненттерге өсімдіктерден н/е жан-жануарлардан т.б. жолмен пайда болған органикалық заттар жатады.Биологиялық н/е бактериялық компоненттерге бактериялар вирустар балдырлар ең төменгі сатылы жәндіктер құрттар микробиологиялық зауыттардың қалдықтары т.б.кіреді.Суды негізінен ластайтын көздерге өнеркәсіптік ж/е коммуналдық канализациялық ақаба сулары ж/е де басқа өндіріс қалдықтары, құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестициттері тыңайтқыштары т.б.) бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шар.ағындылары, су қоймаларына жауын шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады. Су ортасы үшін ең үлкен қауіп тудыратын мұнай,мұнайды өңдеу ,химиялық қосылыстарын алу, радиоактивті заттар ж/е ауыр металдар алу өндірістері болып табылады.Теңізге төгілген 1 тонна мұнай ,2,6 км аумақтағы судың бетін біркелкі жұқа пленкамен қаптап тұрады. Суға жайылғанда атмосферадағы ауа мен су газдарының алмасуын және судың булануын қиындатады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.