|
|||
Жай заттардан кешенді қосылыстардың айырмашылығын түсіндіріңіз.⇐ ПредыдущаяСтр 30 из 30 40.Жай заттардан кешенді қосылыстардың айырмашылығын түсіндіріңіз. Жай зат— бір химиялық элемент атомдарынан түзілген зат. Жай зат химиялық элементтің бос күйіндегі өмір сүру формасы болып табылады, мысалы, темір — темір элементінің атомдарынан, азот — азот элементінің атомдарынан құралған, т.б. Жай заттардың молекулалары бір атомнан (Nе, Аr, т.б.), екі (Сl2, Н2, О2, т.б.), үш (О3) немесе одан да көп атомдардан құралуы мүмкін. Химиялық элементтер мен жай заттардың арасындағы айырмашылық — бір элементтің бірнеше жай зат түрінде бола алуында. Сондықтан олар сан жағынан бірдей болмайды; мысалы, көміртек химиялық элементі алмаз, графит жай заттары түрінде бола алады, бұлар — көміртектің аллотроптық түр өзгерістері (қ. Аллотроптық). Әрбір жай заттың өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Олар өзара әрекеттескенде әрқайсысына тән қасиеттері жойылып, күрделі заттар түзіледі. Мысалы, жай заттар сутек пен азот әрекеттескенде күрделі зат — аммиак түзіледі. Кешенді қосылыстар, координациялық қосылыстар – жай химиялық қосылыстардың әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін құрамы күрделі химиялық қосылыстар. Кешенді қосылыстарға кристаллогидраттар CuSO45H2O, аммиакаттар CaSO44NH3, ашудас KAl(SO4)212H2O, т.б. күрделі қосылыстар жатады. Кешенді қосылыстар теориясын алғаш (1893) Швейцария химигі А.Вернер ұсынды және оны координациялық теория деп атады. Бұл теорияға сәйкес Кешенді қосылыстарда орт. орын алып тұрған ион немесе атом кешен түзуші деп, ал оның айналасына жиналған, яғни координацияланған иондарды немесе молекулаларды лигандалар деп атайды. Кешен түзушінің айналасына координациаланған лигандалардың жалпы саны оның координациялық саны деп аталады. Кешенді ионның заряды сыртқы иондар зарядының қосындысына тең, бірақ мәні кері болады. Кешен түзушінің зарядын табу үшін Кешенді қосылыстардың құрамына кіретін басқа иондардың барлығының зарядының алгебр. қосындысын шығарып, оған теріс мән қояды.
|
|||
|