|
|||
лсіз қышқыл мен күшті негізден түзілген тұз гидролизіне бірнеше мысал келтіріңіз.31.Әлсіз қышқыл мен күшті негізден түзілген тұз гидролизіне бірнеше мысал келтіріңіз. Әлсіз қышқыл мен күшті негіздердің әрекеттесуінен түзілген тұздардың CH3COONa, Na2CO3, KCN, Na2SO3, KNO2 және т.б. гидролизі. Бұл жағдайда гидролиз реакциясына тұздың құрамындағы әлсіз қышқылдың қалдығы болып саналатын гидраттанған анион түседі де, нәтижесінде ерітінді сілтілі (рН > 7) болады. Диссоциациялану теңдеуі: Na2CO3 ⇄ 2Na+ + CO32- H2O ⇄ H+ + OH- 2Na+ + CO32- + HOH ⇄ 2Na+ + HCO3- + OH- Гидролиз реакциясының иондық теңдеуі: 2Na+ + CO32- + HOH ⇄ 2Na+ + HCO3- + OH- Гидролиз реакциясының молекулалық теңдеуі: Na2CO3 + H2O ⇄ NaOH + NaHCO3.Гидролиз процесіне құрамында әлсіз қышқыл немесе әлсіз негіздің иондары бар тұздар ғана түседі. Ал күшті қышқылдар мен күшті негіздердің әрекеттесуінен түзілген тұздар (NaCl, KNO3, BaCl2 және т.б.) гидролизденбейді. Себебі, олардың гидраттанған иондары су молекуласымен әрекеттеспейді және нәтижесінде әлсіз электролит түзілмейді.Тұздардың табиғатына байланысты үш түрлі гидролиздену реакциясы болады: 1. Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің әрекеттесуінен түзілген тұздардың CuCl2, NH4Cl, Al2(SO4)3 және т.б. гидролизі. Бұл жағдайда гидролиз реакциясына, яғни тұздың құрамындағы гидраттанған катион мен су молекуласы әрекеттеседі де, нәтижесінде түзілген оксоний ионына байланысты ерітінді қышқылды (рН < 7) болады. Мысалы AlCl3 тұзы суда ерігенде диссоциацияланып, иондарға толық ыдырайды: Диссоциациялану теңдеуі: AlCl3 → Al3+ + 3Cl- HOH → H+ + OH Al3+ + 3Cl- + HOH → Al(OH)2+ + H+ + 3Cl- Гидролиз реакциясының иондық теңдеуі: Al3+ + 3Cl- + HOH → Al(OH)2+ + H+ + 3Cl- Гидролиз реакциясының молекулалық теңдеуі: AlCl3 + H2O → Al(OH)Cl2 + HCl Ерітіндіде Al3+ ионы су молекуласынан гидроксид-ионды OH- оңай қосып алып, өте нашар диссоциацияланатын (Al(OH)3-ке қарағанда) Al(OH)2+ ионына ауысады.
|
|||
|