Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұз гидролизіне сипатттама беріңіз.



32.Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұз гидролизіне сипатттама беріңіз.

Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар да гидролизге ұшырайды. Бұл жағдайда гидролиздену процесі соңына дейін жүріп, қышқыл мен негіз түзіледі. Мысалы, алюминий сульфиді Al2S3 сумен әрекеттескенде алюминий гидроксиді Al(OH)3 мен күкіртсутек H2S түзіліп, гидролиздену реакциясы қайтымсыз болады: Al2S3 + 6H2O = 2Al(OH)3↓ + 3H2S↑ Олай болса, тұздардың гидролизге ұшырауы, олардың иондарының құрамы мен мен қаисетіне байланысты.Тұздардың гидролизі - тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласы не иондары түзілетін реакциялар.

Тұздар түзілу табиғатына қарай мынадай топқа бөлінеді:

I. Күшті негіз бен күшті қышқылдан KCl, K2S04, NaN03, NaCl;

ІІ. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан Na2S, Na2C03, K2S03, Na3P04;

ІІІ. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан Al2(S04)3, FeS04, ZnCl2.

Натрий хлориді (NaCl) — NaOH күшті негіз (к.н.) және HCl күштіқышқыл (к.қ.) әрекеттескенде түзілетін тұз.

NaCl --> Na+ + CI-

НОН --> Н+ + ОН-

Диссоциация нәтижесінде пайда болған әр аттас иондар электростатикалық күштердің әсерінен тартылады. Сонда түзілген электролиттер күшті болғандықтан (NaOH, HCl) құрамдас бөліктеріне толық диссоциацияланады, сондықтан су иондарының концентрациялары өзгермейді .

Сондықтан күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды, оның ортасы бейтарап болады.

 

 

33.Күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұз гидролизіне сипаттама беріңіз.

Қышқыл — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді. Қышқыл ертітінділерде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп атайды

Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н3BО3) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.

H2CO3→CO2↑+H2O;

H2SO3→H2O|+SO2↑

Қышқылдардың құрылысының формуласын жазғанда әуелі сутектің таңбасын шетіне жазамыз, өйткені ол бір валентті элемент.

Оттексіз қышқылдарда сутек қышқыл түзуші элементпен тікелей байланысады: Н—CI Н—S—Н, т.б.

Тұз иондары мен су иондарының әрекеттесуі нәтижесінде әлсіз электролиттер түзілуі және ерітіндінің ортасы өзгеру арқылы жүретін химиялық реакцияларды тұздардың гидролизі деп атайды. Гидролиз кезінде тұз иондарымен не сутек иондары, не гидроксид иондары немесе сутектің де, гидроксидтің де иондары байланысады.

Тұздар гидролизі теңдеуін қарастырғанда су мен түзілген әлсіз электролиттерді молекула түрінде жазу керек.

І – саты: MgCl2 + HOH → MgOHCl + HCl

ІІ – саты: MgOHCl + HOH → Mg(OH)2 + HCl

Гидролиз теңдеуінің қысқартылған иондық түрі:

І – саты: Mg2+ + HOH→ (MgOH)+ + H+

ІІ – саты: (MgOH)+ + HOH→ Mg(OH)2 + H+ [OH—]<[ H+]



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.