|
|||
Кешенді қосылыстардың аталу ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз.36.Кешенді қосылыстардың аталу ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз. Кешенді қосылыстардың жіктелуі мен аталуы. Координациялық қосылыстардың кешенді ионының заряды бойынша оларды катионды, анионды және бейтарап деп жіктейді. Орталықтағы оң ионның айналасына бейтарап молекулалар (Н2О, NH3 т.б) шоғырланғанда катионды кешенге жатады:[Al(H2O)6]+3Cl3, [Zn(NH3)4]+2Cl2. Егер кешентүзушіні теріс зарядты аниондар: Cl-, F-, SO , OH-, CN- т.б қоршаса анионды кешенге жатады: K2[AlF4]-2, Na[Al(OH)4]-1, K2[SO4]-2, Li[Al(OH)4]-1. Егер кешентүзушінің айналасына өз ионымен қоса бейтарап молекулалардан тұратын лигандтар шоғырланса бейтарап кешендер түзіледі: [ ( ) ]0 Бұл жіктеу бойынша кешенді қосылыстың зарядтан басқа сипаты айқындалмайды. Кешентүзушінің қызметін периодтық кестедегі кез келген элемент атқара алады. Мысалы, анионды кешендердің кешентүзушісі бейметалдарды алайық. K3[PO4]-3, K[PF6]-1. Десек те типтік металдық, сілтілік, сілтілік жер элементтері бейорганикалық лигандтармен кешен түзуге онша бейім келмейді. Кешентүзушімен әлсіз байланысқан олардың қосылыстары көбіне катионды болып келеді: [Ca(NH3)6]Cl2. Нағыз координациялық қосылыстарды түзгіштер d және f элементтердің қосылыстары. Екідайлық қабілеті бар элементтер катионды да, анионды да кешендер түзе береді:[Al(H2O)6]+3Cl3, K[Al(OH)4]-1 Лигандтар бойынша жіктеу кешендердің табиғатын тануға мүмкіндік береді. Алдымен құрамында молекулалық монодентатты лигандтарды қарастырайық, оларға аквокешендер, амминкешендер (қысқаша амминдер), металл карбонильдері жатады. Құрамына лигандтар ретінде су молекуласы ғана енетін болса аквокешендер [Co(H2O)4]×SO4×H2O, аммиактан амминкешендер [Co(NH3)6]Cl2, көміртек (II) оксидінен карбонилдер түзіледі.
|
|||
|