Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сутектік байланыстың түзілу ерекшеліктерін мипаттаңыз.



39.Сутектік байланыстың түзілу ерекшеліктерін мипаттаңыз.

Сутектік байланыс деп сутек атомы мен электртіреістілігі жоғары атомдар арасында болатын химиялық байланыстың түрін айтады. Сутектік байланыстың нәтижесінде заттардың қасиеттері өзгереді.

Байланыстың бұл түрінде молекулалар сутек арқылы байланысады. Байланыстың бұл түрі табиғатта өте кең тараған.Сутектік байланыс әр түрлі зат, бір түрлі зат молекулалары арасында, типті бір молекуланың ішіндегі атомдар арасынды болады.

Мысалы, су молекуласының құрылысын қарастырсақ, онда екі атом сутек бір атом оттекпен полюсті ковалентті байланыс арқылы байланысқан. Электрон жұптары электртерістігі жоғары элемент элемент оттек жаққа көбірек ығысқан. Нәтижесінде, су молекуласының сутек атомдары жағында оң заряд пайда болады.

Мұнда сутек акцептор болып табылатныдықтан, судың басқа молекуласындағы оттектің артық электрон жұбын өзінің бос орбитальне қабылдау арқылы химиялық байланыс түзе алады. Сөйтіп судың бірнеше молекуласы бірімен бірі байланысып димер, тример, тетрамерлер түзеді.

Сутектік байланыс құрамына сутек және электртерісітігі күшті элементтер, мысалы, фтор, оттек, азот, кейде хлор және күкірт кіретін молекулалардың арасында пайда болады.

Сутектік байланыс көптеген заттардың қасиеттеріне әсер етеді. Мәселен, сутектік байланыстың әсерінен фторсутек кәдімгі жағдайда су сияқты, сұйық күйде (19,5°С-тан төмен) болады және құрамы: H2F2, H3F3-тен, H6F6-ға дейін біріккен әртүрлі молекулалардан тұрады. Фторсутек молекуласы мен иондар арасындағы берік сутектік байланыс HF2-, H2F3- және т.б. типті тұрақты қышқыл аниондар түзеді. Оларды KHF2 – калий гидрофториді, NH4HF2 – аммоний гидрофториді сияқты қышқыл тұздардың құрамынан табуға болады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.