|
|||
Металдық байланыстың түзілу ерекшеліктерін сипаттаңыз.38. Металдық байланыстың түзілу ерекшеліктерін сипаттаңыз. Металдық байланыс деп электостатикалық тартылу нәтижесінде металдар иондарының және жалпыланған электрондар арасындағы түзілетін химиялық байланысты айтады. Негізгі қасиеттері Сілтілік металының кристаллдық торы дəнекерлік буыны Металл атомының электрондық құрылысына назар аударатын болсақ, сыртқы қабатындағы электрондардың саны салыстырмалы түрде көп екенін көреміз. Оның үстіне сыртықы электрондары атом ядросына әлсіз тартылатындықтан металдырадың иондану энергиясы төмен болады. Сондықтан металл атомдары бір бірімен қосылғанда сыртқы электрондары атомнанбөлініп бос электрон газын түзеді. Пайда болған металл иондары кристал тордың оң зарядты металл иондарымен берік тартылып тұрады. Металл атомдарының осылай байланысуын металдық байланыс деп атайды. Металдық байланыс бір қарағанда ковалентті байланысқа ұқсас, екеуі де электрондар түзеді. Бірақ ковалентті байланыс тек кей атом арасында жұп электрон арқылы пайда болса, металдық байланыста ортақ электрон газы металл атомдарының бәрін бірдей берік ұстайды. Сондықтан ковалентті байланыс арқылы түзілген заттар жұмсақ, иілгіш, созылғыш болып келеді. Металлдардың барлық қасиеттері осы металдық байланыстың ерекшелігімен түсіндіріледі. Металдық байланыс қатты және сұйық күйдегі металдарға тән. Бұл өзара біріне-бірі жуық орналасқан атом агрегаттарының қасиеті. Алайда бу күйіндегі металдардың атомдары басқа барлық заттардағыдай, өзара коваленттік байланыспен байланысқан. Металл буы жеке молекулалардан (бір атомды және екі атомды) тұрады. Байланыстың беріктігі металл молекуласына қарағанда кристалда жоғарылау, сондықтан металл крис-талының түзілу процесі энергия бөле жүреді.
|
|||
|