Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Иондық байланыстың түзілу ерекшеліктерін сипаттаңыз.



37.Иондық байланыстың түзілу ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Иондық байланыс. Иондық байланыстың бірінші теориясын 1916 ж. неміс ғалымы Коссель ұсынды. Коссель теориясы бойынша иондық байланыс қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысуынан болады.

Коссель теориясының қағидалары:

1. Сыртқы қабатында 2 немсе 8 электроны бар инертті газдар химиялық жағынан өте инертті, демек, олардың сыртқы электродық қабаты өте тұрақты.

2. Атомдар молекулаға біріккенде электрон беріп жіберу, не болмаса қосып алу арқылы сыртқы қабатын инертті газдардікіне ұқсатқысы келеді.

3. Әрекеттесуші атомдардың электрон беріп жібергені оң ион – катион, ал электрон қосып алғаны теріс ион – анионға айналады. Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып байланыс түзеді.Атомның ионға айналу мүмкіншілігі оның иондану энергиясы мен электрон тартқыштығының шамаларына тәуелді. Катиондарды иондану энергиясының шамасы аз болып келетін І және ІІ топтарда орналасқан сілтілік және сілтілік жер металдар оңай түзеді. Ал аниондарды электрон тартқыштығы жоғары галогендер оңай түзеді. Демек, галогендер сілтілік және сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде ионды қосылыстар береді. Жалпы ионды қосылыстардың саны онша көп емес. Жоғарыда аталып кеткен сілтілік және сілтілік-жер металдардың галогенидтерінен басқа ионды қосылыстарға олардың оксидтері, сульфидтері және оттекті қышқылдармен беретін тұздары жатады.

Иондық байланыс. қарама-қарсы зарядталған иондардың кулон күштері арқылы тартылысуы нәтижесінде түзіледі. Ал кулон күштері – қанықпайтын күштер, демек, иондық байланыс қанықпаған байланыс. Егер ион зарядталған шар деп есептесек, оның электр күштері ионды қоршаған кеңістіктің барлық жағына біркелкі бағытталған. Катион мен анион бірінен– бірі жақындасқанда күш өзгерістерін толық қанықтырмайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.