Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жаһандану үдерісі. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі Қазақстан



50. Жаһандану үдерісі. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі Қазақстан

қоғамының орны жөнінде айтып беріңіз

Шынымен де жаһанданудың екі жағы бар. Жаһанданудың мақсаты шекарасыз әлемге қол жеткізу. Жаһандануға тән жағдайлар бұл біріншіден, адамдардың еркін қозғалысы, ақпараттардың еркін қозғалысы, валютаның еркін араласуы, сауда-саттықтың еркін жүргізілуі т.б. көптеген еркіндікке жол ашу болып есептеледі. Еліміздегі басқа діндердің де қаптап кетуі, есірткі саудасының жүзеге асуы, түрлі эпидемиялық аурулардың пайда болуы, шетелдік инвесторлардың экологияға кері әсерін тигізуі осының бәрі жаһандану үдерісінің зиянды жақтары деп ойлаймын. Ал жақсы тұстарына келетін болсақ көрші отырған басқа елдерге қарағанда технологиямыздың тезірек дамуы, уақыт үнемдейтін техникалық жабдықтардың көбеюі, қысқаша айтқанда барлық жағынан дамуға аяқ басу. Ең бастысы біздің мақсатымыз жаһандануға ұлт ретінде жұтылып кетпеуді ерекше есте ұстауымыз қажет. Жұтылмас үшін бізге тек жалқаулықтан арылып, аз ұйықтап, жан-жақты білім алып, көп тілді меңгеруге ұмтылу қажет. Жаңа технологияны шетелдіктер емес өзіміздің қара көз қазақтар меңгеру қажет. Бірақ олардан тек үйренуден қашпау керек. Жаһанданудың жақсы жағын алып, жаман жағынан алыс болғаныңыз жөн. Жаман нәрсені көретін көз бәрімізде де бар ғой!

Жаһандануды толықтай теріске шығарып, қауіпті құбылыс ретінде біржақты анықтама беруге де болмайды деген пікір бар, сондықтан оның түрлеріне тоқталып кеткен жөн. олар: саяси, экономикалық, технологиялық, мәдени т.б. болып бөлінеді. Жоғарыдағы әріптестерімнің барлығының айтып жатқаны бұл біздің Қазақстанға қатты әсерін тигізіп жатқаны "мәдени жаһандану" болып табылады. зиян жағының көбі осы бағытпен келе жатыр. Дегенмен барлық нәрсенің жақсы жаман жағы болады бұл процесстің де, жақсы жақтары бар.Жаһандану үрдісіне кіріп болған халықпыз оны күделікті қоғамнан не болмаса, қазақ жастарының бет-бейнесінен көреміз. Біз тек қана ұлттық ерекшелігіміздің сал дәстүр, ырым-тыйымдар, ақсақалдың батасын алп жүретін үрдіс, үлкенді сыйлау,, ата-ана, Отан,ел алдындағы борышқа адалдық, мақал-мәтелдер мен ғұламаларымыздың мұралары, күй, ән, жыр, терме, әдебиетімізбен өнерімізді бойымызға сіңіруіміз керек.Сонда ғана сіз қозғап жатқан жаһанжанудың зиянды әсерінен аман қаламыз.Ол үшін еңбек етіп іздену керек.

 

КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар: АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.

1996 жылғы 31 қыркүйек – Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.

1996 жыл, 26 сәуір — «Шанхай бестігі» құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан).

Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы негізінде жүзеге асуда.

Тәуелсіз алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше. (1997 ж. басы).

800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

Бірқатар ірі капиталистік елдер Қазақстанға экономикалық көмек ретінде несие беруде. Ең ірі көлемдегі несиелерді беруші елдер: Германия, Түркия, Австрия, Ұлыбритания. Бұдан басқа Жапония, АҚШ секілді донор елдер үлкен қаржылық көмек көрсетіп отыр. Республика экономикасына шетел инвестициялары көптеп тартылды.

Еліміздегі шетелдік бірлескен кәсіпорындарының жалпы саны – 746 (1996 ж.). Қазақстан-американ бірлескен кәсіпорындары – 325 (1999 ж.). Американ инвестициясының көлемі – 2 млрд. доллар.

1997 жылғы 28 ақпан — «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң қабылданды. Нәтижесінде, Қазақстанға тартылған инвестициялық қаржы көлемі – 10 млрд. долларға жетті.

Соңғы жылдары Қазақстанның өнеркәсібін жандандыруда біраз шаралар іске асырылды. Нәтижесінде, 1999 жылдың соңында жалпы өнім өндіру – 1%-ға, өндіріс көлемін арттыру – 1,8%-ға өсті. Республиканың алтын қоры 2 млрд. долларға жетті.

2000 жылғы 26 сәуір — «Еуразия – 2000» экономикалық саммиті өтті.

2000 жылғы 10 қазан – Астанада кедендік Одақ елдері басшыларының (Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан) мемлекетаралық Кеңесі өткізілді. Нәтижесі: Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысымен Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы құжат қабылданды.

Халықаралық байланыс нәтижелерінің тарихи маңызы:

· Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

· Қазақстан дүниежүзілік аренада беделді орын иеленді.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.