Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мораль және дін. Бүгінгі қоғамдағы діни секталардың өсуінің себебіне тоқталыңыз



49. Мораль және дін. Бүгінгі қоғамдағы діни секталардың өсуінің себебіне тоқталыңыз

МОРАЛЬ (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:

Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;
Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.
Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.

ДІН – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым.

Бүгінгі күні Қазақстандағы діни ахуал да мозаиканың тастары іспетті түрлі-түсті. Сырттан кіріп, емін-еркін үгіт-насихат жасап жатқан діни ұйымдар мен ағымдардың елімізге қаншалықты қажеті бар екені лайықты деңгейде зерттеліп жатқан жоқ. Жоғарыда есімдері аталған адастырушы һәм құпиялығы басым тоталитарлық секталарға ұқсас құрылымдардың елімізде де тамыр жайып келе жатқаны туралы айтуға қорқасың. Алайда, басқа елдерде болған және болып жатқан өрескел жағдайлардан ғибрат алып, қатаң шара қолданатын кез келген сияқты. Себебі, Қазақстанның демографиялық, әлеуметтік, саяси-құқықтық және экономикалық жағдайы кез келген үгітті таратуға аса қолайлы. Сол себепті, мемлекеттің дін мәселесіне шұғыл бет бұрып, дін мәселесін бөтен күштердің қолынан өз қолына алатын уақыты жетті деп айтар едім. Егер мемлекет дін мәселесімен айналыспаса, болашақта дін мәселесі мемлекеттің өзімен айналысатын болады. Карл Маркстың апиынға теңеген діні ізгілік пен бақытқа бастайтын діннен озып кететін болса, ондай қоғамда аса қауіпті уақиғалар болады деу сәуегейлік емес…
Менің ойымша мемлекет қай дін жағында екенін ашық көрсетуі керек. Жоғарыда Швецияда тек Лютеран шіркеуінің ресми дін ретінде танылғанын айттық. Ресейде православие сондай. Австрияда ресми түрде танылған діндердің қатарында ислам да бар. Сондықтан, Австрия Ислам кеңесіне қарасты мешіттердің имамдарының жалақылары Австрия бюджетінен төленеді. Түркиядағы мұсылмандардың «Диянат Басқармасы» конституцияда аты аталған мемлекеттің негізгі ұйымдарының бірі. Түркиядағы басқа діндер мемлекетке тиесілі емес, тек «әһли сүннет уәл жамағат» бағытындағы мұсылмандық қана мемлекет қамқорлығында. Бұл елдегі 80 мыңнан астам мешітте жиыны 200 мың мөлшерінде діни қызметкер жұмыс істейді. Олардың барлық қажеттіліктері мемлекет меже есебінен (бюджеттен) төленеді. Демек, зайырлылық қағидасын сақтай отырып, мемлекет өзінің болашағы мен қауіпсіздігін, ұлттық тұтастығын қамтамасыз ету үшін осындай қадам жасаған. Мысыр, Пәкістан, Малайзия қатарлы көптеген мұсылман елдерінде жағдайдың ұқсас екенін ескергенде, бүгін ғасырлық мерекесі аталып жатқан «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасын» мемлекет қамқорлығына алатын және оған ресми құзырлы статус беретін уақыттың жеткенін айтуға міндеттіміз. Мемлекет мұсылмандар діни басқармасы мен жоғарыда аталған сайнтология шіркеуін немесе Ахмадия жамағатын, миссионер ұйымдарын бірдей көретін болса, бұл қалай болғаны?! Осыны да ойланайық, ағайын. Ал, демографиялық тепе-теңдік пен ішкі тұрақтылықты нығайту үшін Қазақстан халқының 97 пайызын құрайтын мұсылмандық пен православиені мемлекеттің қамқорлығына алуымыз, екінші жақтан осы діни мекемелерге толық тәуелсіздік бергеніміз жөн болар. Әрине, бұл идеям бірден кенеттеу естілуі мүмкін, оны жетілдіру және елімізге тән бір шешім жолын табуға болатын шығар. Әйтседе, негізгі ой өзгеріссіз қала бермек, тек механизм өзгермек.

Бүгінгі күні Қазақстанда христиандықтың елімізге кейінгі жылдары келімсектер арқылы келген жаңа формалары миссионерлер арқылы кең таратылуда. Лютерандар, баптистер, методистер, меннониттер, 7. күннің адвентистері, пентекостал шіркеулері, пресвитериандар, елуліктер, мун шіркеуі, виссериан шіркеуі, евангелистер, Йеһоуа куәгерлері деп тізбектеп санап шыға алмайсың. Бұларға қоса елімізде «ұлттық ислам» мен «ұлтсыз ислам» орнатуға ұмтылатын «уникалды» топтар да бар. Жалпы, сектология ғылымы елімізде әлі қалыптасқан жоқ десек артық болмас. Бұл дәл бүгінгі күні өте өзекті һәм аса қажетті ғылым саласы. Жоғарыда айтылған мәліметтер негізінде еліміздің болашағы халқымыздың бірлігінде, ал халқымыздың бірлігі халықтың діни бірлігінде екенін тағы да айтқым келеді. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасын бүгінгі 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, барлық мұсылмандар фәни адамдар мен фәни ұғымдарға табындыратын ағат жолдарды тастап, Діни басқарма төңірегінде, Құран Кәрімнің саф жолы бойынша Ислам жолында бірігейік деп тілек айтқым келеді. Аллаһ Тағалам баршаңызды жарылқасын!

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.