Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азіргі ғылымдағы материя жөніндегі жиналған деректер туралы айтып беріңіз



43. Қазіргі ғылымдағы материя жөніндегі жиналған деректер туралы айтып беріңіз

Жаңа дәуір философиясында (XVII – XVIII ғасырлар) қоғамдық өндіріс пен жаратылыс ғалымдардының, әсіресе, математика мен механиканың дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі материяны механикалық заттармен, дәлірек айтқанда, заттардың механикалық қасиеттерімен теңгеруге жол ашады. Материалистік ой енді материаны заттардың белгілі бір түрімен емес, олардың бәріне де тән ортақ касиеттерімен байланытсуға бейімделді. Мәселен, И. Ньютонның механикасында тұрақты шама болып табылатын масса маңызды рөл атқарады, массаны ол материяның сандық өлшемі деп қарады. Кейіннен философтар мен жаратылыстану ғалымдары материя мен массаны пара-пар деген пікірге ауытқып кетті. Д.И. Менделеев 1889 жылы Санкт-Петербургте жарыққа шыққан «Химия негіздері» деген еңбегінде былай деп жазған болатын: «Зат немесе материя дегеніміз кеңістікте орны мен салмағы бар масса….» Материя ұғымының мәнін түсінуге біршама жақындап келген француз материалистері болды. «Жалпы алғанда материя дегеніміз, — деп жазды П. Гольбах, — біздің сезімімізге әсер ете алатынның бәрі…» Сөйтіп, XIX ғасырдың аяғына дейінгі материалистік дүниетанымда материя ұғымы түсінуде метафизикалық, механикалық көзқарас үстем болды. Оның өкілдері материя мен нақты материалдық объектілердің арасындағы айырмашылықты біле алмады, материя ұғымын өздерінің материалдық дүниенің құрылымы туралы түсініктерімен теңгерді, материяны санамен емес, түр, қасиет, қозғалыс ұғымдарымен салыстыра қарастырды.

Маркс болмыстың негізін материямен түсіндіріп, метафизиканы жоққа шығарды. Сондықтан, материя – материалистік дүниетанымның өзегі саналады. Маркс қоғам мен әлеуметтік өмірдің заңдылықтарын материализмге көгендеп түсіндіруге тырысып бақты. Ол адамның материалдық қажеттіліктері толықтай қамтамасыз етілсе, өзге мәселелерінің барлығына шешім табылатынын алға тартты. Адамдардың рухани мәдениетін қалыптастыратын дін, өнер секілді т.б. факторлардың бәрін екінші кезекке ысырды. Оның бұл тұжырымын құптамағандардың бірі – Дюркгейм. Ол Құдайға сенбесе де ұлт, өнер, дін т.б. факторларды қоғам өмірінің обьективті шындығы ретінде дәлелдеп бақты. Яғни, материализм Маркс өмір сүрген кездің өзінде-ақ дәйекті тұжырымдармен сынға ұшырады. Мұсылман ойшылдарымен қоса батыс ойшылдарының өзі марксизмнің көптеген қателіктерін әшкереледі. Тіпті, Маркстің өздігінен жаңа бір жүйе құрмағаны белгілі. Оның материалистік диалектикасы Гегельдің идеалистік диалектикасын өңін айналдыра отырып, көне дәуірлерден бері келе жатқан тұрпайы материализмге синтез жасау арқылы іске асырмақ болған «қойыртпақ» жүйе болатын.

Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материялдық денелер құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түпнегіздері. Адамдар үшін нағыз объективтік шындық - біздің санамыздағы құдіреттің белгісі - «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің» идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп жүргеніміз - құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та сезімдік «еске алудың» бір түбірлері. Мысалы, уақыт - түйсіктердің бірінің соңынан бірінің ауысып отыру дәйектігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себебі, өзіндік «меннен» басқа «бөтен меннің» болуы.

В.И.Ленин метерияның диалектикалық-материалистiк анықтамасың бердi: “Материя дегенiмiз- адамға оның түйсiктерi арқылы мәлiм болатын, бiздiң түйсiктерiмiзге тәуелсiз түрде бар бола отырып, сол түйсiктерiмiз арқылы көшiрмесi алыналатын, суретi түсiрiлетiн, бейнесiжасалатын, объективтiк реалдықты белгiлеу үшiн қолданылатын философиялық категория” (“Материализм және эмпириокритицизм”.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.