Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсет және адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндір.



46. Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсет және адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндір.

 Адам дегеніміз еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастар жасайтын өзара байланыс жасауға толық қабілетті тіршілік иесі деп анықтама беруге болады. Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық, әлеуметтік жағы шамадан тыс баса көрсетіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының мағызы төмендетіліп жоққа шығарып отыр деген ой тумауы тиіс. Шынына келгенде, адамның үш түрлі: биологиялық, психологиялық ж/е әлеуметтік өлшемі бар. Биологиялық өлшем – адам организімінің түр бейнесімен құрылымын, атқаратын қызметін, генетикалық негізін, ми жоғарғы жүйке жүйесін т.б. қамтиды. Психология ұғымына адамның ішкі жандүниесі, онда жүріп жататын саналы ж/е санадан тыс құбылыстар мен процестер, адамның еркі мен сипаты, темпераменті т.б. кіреді. Жеке-жеке алып қарағанда бұл екі компоненттің бірде бірі адам ұғымын тұтас тұлға ретігнде ашып бере алмайды. Адамның биологиялық организімінен оның психологиялық қасиеттерін түсіну мүмкін емес. Жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің белгілі қатысы болғанымен оларды тудырушы себеп, әрине, әлеуметтік ортаның, тәрбиенің ықпалы. Адамды елжанды етіп те, баққұмар етіп те тәрбиелейтін қоғам. Ендігі мәселе осы аталған ұғымдарды қайда жатқызуға болады? Адамның әлеуметтік өлшеміне ме, әлде психологиялық өлшеміне ме? Бұл олардың екеуіне де жатады. Олай болса, бұл екі өлшем бір бірімен астасып жатады. Адамның жеке басының қалпын сипаттағанда оның өзі өмір сүретін қоғамдық ортаның ғана әсерімен қалыптасқан ерекшеліктер мен қасиеттері есепке алынады. Бұларға адамның көзілдірік киетіні, аяғында протез болуы, ашушаңдығы, ақырын сөйлейтіндігі сияқты ерекшеліктері жатпайды, ал егер оладам іскер не ұры болса, біз одан осы қоғамдағы орны мен қызметінің адамшылық қалпынан қандай екеніні аңғарамыз, яғни әлеуметтік өлшемнің сипаттамасын білеміз.

Жеке адам – көптің бірі жалпы адамзаттың нақты өкілі, дара. Көптің бірі болуы үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер, келбетке ие болса, болғаны. Оның санасы жоғары ма, жоқ па, елмен сөйлесе ала ма, әлде сөйлесе алмайма, бұлардың оған қажеті аз. Әлемде қанша миллиард адам бар, соның әрқайсысы жеке адам.

Адамның әлеуметтік қасиетінің келесі бір жоғары деңгейдегі сипаттамасы оның тұлғаға айналуы болып табылады. әлеуметтік индивидуалдылық, әрине бос жерде пайда болмайды. Адмның нақты тарихи уақытта ж/е әлеуметтік кеңістікте, тәрбие мен практикалық әрекет барысында қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуына қандай факторлар ықпал етеді ж/е тұлғаның қарапайым адамдардан қандай айырмашалығы бар? әрине, мұндай факторлар өте көп, бірақ оның қалыптасуындағы негізгі рөл әлеуметтік ортаға, ата-анаға тиесілі екендігін атап өту маңызды. Тұлға бос кеңістікте емес ұжымда, қоғамда әрекет ететіндіктен, ол белгілі дәрежеде оларға тәуелді. Мұндағы қоғамның рөлі тұлға пайда болуына ж/е оның мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптастырумен қатар осы жолда кедергілер жасаумен көрінеді. Философиядағы тұлға ретінде адамның мәні –оның әлеммен тарихындағы орны мәселелеріне түсіндіріледі. Тұлға бұл жерде адамдар әрекетімен қарым-қатынастарының, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық идеялдардың,құндылықтардың индивидуалдық көрінісі және субьект ретінде қарастырылады.Тұлғаның тағы бір маңызды сипаттамасы-оның адамгершілік рухани мәні.Тұлға мазмұнының және бағалануының маңызды компоненті ретінде оның санасының дүниетаным,адамгершілік және жауапкершілік деңгейімен сипатталатын тұлғалық бағдарлары көрінеді.Әрине тұлғаның қалыптасуы мен қылығына әлеуметтік ортаның айрықша ықпал етері сөзсіз.Бірақ тұлға бағдары мен қылығы да сол деңгейде негізінен адамның ішкі рухани әлеміне бағынышты.Сонымен\,тұлға болу қиын. Нағыз тұлға еркіндігімен жауапкершілігі үнемі шығармашылықты,көңіл күй сілкінісін,уайым-қайғыны талап етеді.Тұлға не құрлым жоғары және маңызды болған сайын,оның өзімен өзгелер алдындағы жауапкершілік дңгейіде жоғары.
47. Саясат пен құқық. Құқықтық мемлекет орнатуда Қазақстан қоғамының жеткен жетістіктеріне тоқталыңыз

Р.О.Халфина былай белгілейді: «Саясат пен заңдылық арасында органикалық байланыс бар. Саясат пен құқық арасындағы органикалық байланыс олардың бірдей болуын білдірмейді. Құқық (заң) саясатқа сіңіп кетпеуі керек. Ол қоғамдық қатынастарды реттеуде өзінің ерекше орнын алады».

Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:

1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;

2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;

3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;

4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;

5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.

Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:

· біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;

· екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Саясат пен құқық туралы ашық айтуға тиіспіз. Саяси мәселелерді көпшілікке дұрыс жеткізу басты мақсат. Біздің ғасырлар бойғы сәтсіздіктеріміздің бәрі түрік саясаткерлерінің түрікшілдік ой-сана бостандығына мән бермеуінен болды. Соның салдарынан билік пен жұртшылықтың арасында құрдым (алшақтық) пайда болды. Қазіргі кезде сол құрдымды жеңудің алғы шарттары бар. Әділдік үшін айтар болсақ, түріктердің ақиқатқа деген сүйіспеншілігі шексіз. Бұл сүйіспеншілік аналық махаббатпен егіз. Сондықтан да саясаткерлердің саясат пен ақиқат мәселесіне келгенде әр қадамын байқап басуына тура келеді. Әлемдегі ең саясиланған қайсыбір ұлттың тәжірибесін пайдалансақ та, бәрібір ақиқатқа деген жауапкершілікті әркезде де есте ұстау керектігі дау туғызбайды.

 

Құқықтык мемлекет дегеніміз - жеке адам және коғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.

Құқықтық мемлекеттің бір белгісі мемлекеттік билікті ұйымдастыруда биліктерді бөлу қағидаттарын жүзеге асыру болып табылады. Тұңғыш рет ол жүйе құрушы қағидат ретінде 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның 7-бабында айшықталды. Соған сәйкес, мемлекеттік биліктің барлық жүйесін реформалау жүргізілді. Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 4-тармақшасында Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөліну қағидатына сәйкес жүзеге асырылады деп атап көрсетілген [1, 1-2].

Заң шығарушы билікті Қазақстан Республикасының Парламенті, атқарушыны — Үкімет, сот билігін — Жоғарғы сот және Қазақстан Республикасының төмен тұрған соттары жүзеге асырады. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы - жаңа Конституцияның өзіндік ерекшелік-терінің бірі. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі элементтеріне парламенттік импичмент, Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру, Президенттің парламентті таратып жіберу құқығы, Үкіметті және оның мүшелерін орнынан босатуы жатады. Қазіргі кезде конституциялық бақылау механизмі құрылуда. Республикада конституциялық бақылаудың қалыптасуы құқықтық мемлекет құру туралы пайда болған конституциялық бағыт-бағдарлармен тығыз байланысты. Басқа нормативтік актілерден Конституцияның сөзсіз басым болуы құқықтық мемлекеттің белгілерінің бірі болып табылады. Құқықтық мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаты мемлекеттің өзінің және оның органдарының Қазақстан Республикасы Конституциясына міндетті түрде бағынышты болуынан көрінетін құқықтық үстемдігі болып табылады

Қазіргі халықаралық жағдай әлемдік экономика мен саясатта болып жатқан іргелі өзгерістер, жаһандану процестері еліміздің дамуының жаңа шешімін табуды қажет етеді, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміз құқықтық саясатының негізгі бағыттарын ары қарай анықтау мақсатында құқықтық нормативтік актілерінің жобаларын, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ұзақ мерзімді және жыл сайынғы жоспарларын, мемлекеттің құқықтық саясаты саласында тиісті бағдарламаларды жасау үшін негіз болып табылатын, өзінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын » бекітті.

Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салаларының айтарлықтай жаңаруы болды. Сондай-ақ, тұжырымдамада азаматтардың құқығы мен бостандығын, қоғам мен мемлекет мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін барлық нормативтік базаларды жетілдіруге мүмкіндік беретіндігі көрсетілген.

ҚР Президентінің 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы 2002-2010 жылдарға арналған тұжырымдаманың жалғасы ретінде қабылданғаны белгілі, 2002-2010 жылдары аралығында бірнеше жаңа кодекстер, атап айтқанда, Орман, Жер, Кеден, Су, Еңбек, Экологиялық, Бюджет, Салық кодекстері әзірленіп қабылданды.

Мемлекет норма түзушілік процесін жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін шаралар қабылдады.

Адам, қоғам, заң бір-бірімен тығыз байланыста. Адам туылғаннан бастап өлгенге дейін құқықтық қабілетті, оның заңнан қашып құтылуы мүмкін емес, сол себепті адам Заңды жете білуі керек. Себебі мемлекеттің дамуына орай қоғамымыз оған лайықты өсіп өркендеуі керек. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде тек құқық қорғау органдары, сот саласы ғана емес барлық салалар жетіліп, жаңаруы қажет- деп мақала мәтіні аяқталған.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.