|
|||
Таным методтары. Философияның танымдағы методологиялық қызметіне тоқталыңыз45. Таным методтары. Философияның танымдағы методологиялық қызметіне тоқталыңыз Метод (гр.т.зерттеу жолы, теория, ілім) - білімдер жүйесін кұру мен негіздеу әдісі, тәсілі. Эмпирикалық зерттеулер методтары. Бақылау- сыртқы дүниені алдын ала, мақсатты түрде қабылдау, яғни құбылыстарды табиғи шындықта, оларға араласпай, тікелей қабылдау, зерттеу. Эксперимент - шындықты, құбылыстарды бақылауға, басқаруға болатын жағдайларда, шарттарда зерттеу. Зерттеуші объект жасанды, тәжірибелік, жан-жақты ескерілетін жағдайда қарастырылады. Салыстыру- объекттердің ұқсастығы мен айырмашылығын аңғару, салыстыру әдісі. Өлшеу - бір шаманың басқа бір шамаға қатынасын анықтау. Аналогия- бір немесе бірнеше қасиеттері бойынша «заттардың ұқсастығын анықтау. Индукция(лат.т. нысанаға алу) - ой қозғалысы процесінің жекеден ерекше арқылы жалпылыққа өтуі. Теориялық зерттеулер методтары Дедукция(лат.т. шығару) - ой қозғалысы процесінің жалпылықтан ерекше арқылы жекелікке өтуі. Модеьлдеу(лат.т.өлшем, норма, үлгі) - оригиналдың аналогын жасау. Оригиналды тану үшін моделді жасау немесе таңдау процесі. Идеализация (гр.т.түр, көлеңке) - шындығында бейнесі бар, бірақ күнделікті тіршілікте кездеспейтін объекттерді ойда құрастыру, конструкциялау. Абстракциялау (лат.т. дерексіз, тиянақсыз) – заттардың бірқатар қасиеттерінің ойда дерексізденуі немесе кейбір қасиеттерінің жіктеленуі, бөлініп шығуы. Анализ - бүтіннің құрамдас бөліктерге ойша немесе іс жүзінде ыдырауы, жіктелінуі, бөлінуі. Синтез - әртүрлі элементтердің біртұтастыққа бірігу процесі. Философияның негізгі қызметі – дүниетаным. Әлеуметтік топ пен жеке тұлға – дүниетанымның субъектісі болып саналады. Дүниетанымды қалыптастыру тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен бірге белгілі әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және олардың партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші. Адам мәселесінің маңыздылығына байланысты бірінші орында философияның гуманистік, яғни адамгершілік қызметі тұр. Оның мақсаты адамға тән құндылық, оның қабілеттілігі, сезімі мен парасатының үйлесімді дамуы, мәдениеттілікке қатысты мінез құлықтың жоғары деңгейдегі көрінісі. Адамгершілік – адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ізгілік, тілектес-ниеттестік сезімі, адамдармен іштей және жалпы түрде қарым-қатынас жасау ерекшелігі. Дүниетанымның негізі – адам болу. Ал адам болу дегенге келетін болсақ, Әл-Фараби, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Мұхтар секілді қазақтың ұлы ойшылдарының сөзіне мән берген дұрыс болады. Әл-Фарабидің «Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылықтылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды», Ыбырай Алтынсариннің «көңіліңді мөлдір бұлақтай таза ұста» деген ұлы сөздерін осы тақырыптың тұздығы ретінде алдым. Дүниетаным – адам санасында дүниенің, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсінуі, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылықтарды меңгеру. Дүниетаным болмысты тану әдісі және адам әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмірлік ұстанымдары. Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білім жиынтығы жатады. Мысалы, дүниетаным түрлі білімді меңгерумен бірге, күнделікті көзқарастарды меңгеру барысында қалыптасады. Көзқарас үнемі білім, ғылым жетістіктерімен, өмірлік мәселелермен толығып, жетіліп отырады. «Жаман мінез-құлық, рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән кеселін емдеуде қолданылатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек» — дейді Ұлы ойшыл Әл-Фараби. Ал Абай Құнанбаев: «күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – зұлымдық» — деп адам болудан аластататын нәрселерді ашып көрсетеді. М.Әуезовтің қазақтың дүниетанымы мен рухани дүниесінің ерекшелігін айтқанда, жазушы ғылымның қазақ әдебиетінің арна басы, халықтың ең қымбат тарихи ескерткіші деп бағалаған қазақ эпосы мен фольклоры туралы зерттеу еңбектерінің орны айрықша. Халхымыздың рухани мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан М.Әуезовтің «көркем өнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді» деген сөзі адам болуда маңызды рөлге ие. Біз қарастырған ұлағатты сөздердің қайсысының да түбінде терең философиялық мән жатыр. Ол мән – философияның, дүниетанымның негізгі қызметі адамгершілік, адам болу.
|
|||
|