Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндір.



40. Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндір.

Шәкәрімнің қазақ философиясына әкелген концепциясы, өзінің жеке тұжырымдарынан туындаған «үш анығы» барын танытады. Бұлар-Шәкәрім өзі қол жеткізген анықтар. Осы үш анықтың негізінде келіп Шәкәрімнің көрсеткен ар ілімі қалыптасады. Ар ілімі-ол рухани тазалық жолы. Ар Аллаға тән қасиеттің адам жүрегіндегі сәулесі болып табылмақ. Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан – сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар кездескенімен, бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім – ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын түсіндірді.

Біз Шәкәрім Құдайбекрдіұлының еңбектерімен таныса отырып, сонау ерте заманда өмір сүрседе өзінің құнын жоғалтпайтын мәңгілік құнды дүниелерді келер ұрпаққа аманат етіп тастап кеткенін түсіндім.

Ақын бар ғылымның түп атасы – таза ақыл мен ойлану, ойлау, деген ұғымға үлкен мән береді, оны өмір – болмыстың, дүниенің ғажап сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын ақылмен сынап, ұғып – түсіну мағынасында алып қарайды.

Шәкәрімнің дүниенің, жаратылыстың қозғаушы күші, адам өмірінің, тіршіліктің мәні мен сыры, жан мен тән секілді мәселелерді қарастырған.

Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан бар дейді.

Ол адамның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші – мәңгі өзгерістегі барлығына себепші жаратушы ие.

Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді.

Үшіншісі – жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім адамдарды осыған шақырады.

Бүгінгі қоғамымыздың өзекті мәселесі рухани ізгілік бағыттағы ауқымды істерімізді бүгінгі ұрпағымыздың бойына адамзаттық құндылықтарды сіңіруде басшылыққа алып, өскелең ұрпақтың тәрбиесінде құндылығын жоғалтпайтын дүниелер Шәкәрім атамыздың еңбектерінен бастау алады.

Сондықтанда мен осы тұлғаны және осы еңбегін таңдадым.

 

 

Шын мәнінде, үш анықтың не екенін Шәкәрімнің өзі «Үш анық» шығармасының басында-ақ былай деп ескертіп, аяғында тағы қайталайды.

«Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан –дегеніміз, ынсап, әділет, мейірім».Бұл сөздерден болмыс көріністерін адам бас көзімен көретінін білеміз. Бірақ бас көзімен көрген нәрсе ақиқат емес. «Бас көзі» деп бұл арада баста орналасқан көзді ғана емес, адамның сыртқы бес сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері) айтылып отыр. Бес сезім мүшелерін біріктіріп Шәкәрім «бас көзі» деп атайды. Бұл оның өлеңдерінен де байқалады.


Сонымен, бірінші анық – бес сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері) қабылдайтын болмыстың заттық көрінісі. Бірақ болмыстың бұл көрінісі ақиқат емес, яғни толық болмысты білдірмейді. Толық болмысты, яғни ақиқатты ақыл көзімен ғана көруге болады. Ақыл көзі дегеніміз – адамның ойлау жүйесі, немесе ақыл-ойының жұмысы. Шәкәрім әулие «ақыл» деген сөзді оның кең мағынасында пайдаланады. Ақыл: адамның ақыл-есін, ой-өрісін, сана-сезімін, пайымдауын, ойлау деңгейін т.б. анықтайды. Сондықтан осы бір сөзбен адамның адамшылық қасиеті белгіленіп отыр.

Екінші анық – өлімнен соңғы тіршілік, яғни болмыстың көзге көрінбейтін бөлігі. Болмыстың бұл бөлігі тылсым (эзотерикалық), көзге көрінбейтін әлемге жатады.Ал үшінші анық – екі өмірге де, яғни көзге көрінетін заттық әлем мен көрінбейтін бақи әлемді байланыстырып тұрған Ғазиз жан (Алла адамның жүрегінде) ерекшелігі адамның жанымен, рухымен, бүкіл әлемдік әділеттілік қарымта заңымен байланысты. Адам болмысы фәни және бақи әлеммен әруақтар арқылы байланысады.

Шәкәрім әулие көрнеу әлем ғана емес, көрінбейтін әлемнің де көп сыр-сипатын әруақтар арқылы береді. Бұл үшін көптеген мысалдар келтіріп, оның ақиқат екенін дәлелдеп, көз жеткізуге ұмтылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.