Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





В.Франклдiң “экзистенциалдық вакуум² ұғымының маңыздылығын талдап беріңіз



37. В.Франклдiң “экзистенциалдық вакуум² ұғымының маңыздылығын талдап беріңіз

Экзистенциализм философиясының көрнекті өкілі—Виктор Франкл. Ол қоғамдағы адамдардың қасіреті - ноогендік невроздарда: адамның өз өмірінің мән-мағынасынан айырылып қалуында деген пікір айтты. Соңғыны В.Франкл «экзистенциалдық вакуум» деген ұғыммен берді. Өз болмысының мән-мағынасынан айырылып қалған адамдардың бірі рухани құлазудан арылу үшін «Құдайды іздеу» жолына түссе, екіншілері нашақорлық пен ішімдіктің сағымында жүреді, үшіншілері қоғамдағы тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстық іс-әрекеттерге, төртіншілер суицидке барады. Өмірдегі ахуал қандай қиын болса да: жазылмайтын сырқат, өлімнің өзі болмасын, адам өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтпауы керек, деген ойға келеді Франкл. Өзінің Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі Бухенвальд концлагерінде болған экзистенциалдық тәжірибесін сараптай келе, Франкл өз өмірінің мән-мағынасын сақтап қалған адамдар ғана сол тозақтан құтылғанын, ал оны жоғалтқан көпшіліктің «малға ұқсайтын тобырға» айналып құрығанын баяндады.

 

38. Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап бер.

Әл-Фараби энциклопедист ғалым ретінде ғылымның барлық саласына елеулі еңбек сіңірді.Ол барлық ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика) және практикалық (этика, саясат) деп екіге бөледі. Оның қолынан музыка теориясы, физика, заң, әлеумет, астрономия, медицина, логика, философия ғылымдарына арналған көптеген трактаттар шықты. Аристотель оқуыларын дамыта және жалғастыра отырып әл-Фараби көзі тірісінде-ақ “Екінші ұстаз” (Аристотелден кейінгі) деген атақ алады. Арабияның орта ғасырдағы ғылымы осы әл-Фарабидің еңбектері негізінде қалыптасады және оның ықпалымен Ибн Рушид, Ибн Сина, Омар Хаям, Роджер Бекон, Леонардо да Винчи және көптеген ғұламалардың көзқарастары қалыптасқан. Ол ғылым мен өнердің барлық саласында өшпес із қалдырған.

Жалпы алғанда, әл-Фараби – Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы ол дүниежүзілік өркениет-те өзінің қадірлі орнын алады.

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мухаммед Фараби ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көпжақты оқымысты-энциклопедист және шығыс рационализмін қалыптастырғандардын бірі болды. Осы себепті оған “Аристотелден кейінгі екінші ұстаз!” деген құрметті атақ берілген Әл Фарабидің, бір кездері Орта Азияның етедегі мәдени орталығы болған қала Отрарда туылғаны тарихтан белгілі. Әл Фараби осы Отрарда, өзінің ана тілі қыпшақ тілінде бастауыш білім алады. Фарабидің еңбегі мен әрекет дәуірі араб мәдениетінің даму дәуірімен тұстас келді. Әлемнің атақты оқымыстылары, философтары, ақындары, музыканттары, бағдатқа жиналды және онда ғылым академиясы мен университет ашады.Бағдат оқымыстыларының арасында Орталық Азия мен Қазақстаннан шыққандар құрметті орындарды иеленді. Солармен бірге Бағдатқа – білімнің барлық саласынан; музыкадан бастап астрономияға дейін хабары бар Фараби де келді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.