Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйекте.



39. Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйекте.

Абайдың «нұрлы ақылы» – бұл жалпы қазақстандық идеяның шамшырағы ретінде ұстанатын биік нәрсе.

Ұлы даланың осы бір өмірлік сабақтарын белгілі бір деңгейде қазақстандық дүниетаным қабылдап алды. Басқаша айтқанда, Қазақстанның ортақ халқын дамыту бізге руханиланған зайырлылық келешегінде – бізді шығармашылыққа арналған өмірге жете­лейтін, ішкі жан дүниеміздегі мәңгілік өнегелік заңдылықтарында жатыр.

Абайша айтатын болсақ, «осы біздің қазақтың» «туған жер ыстық», «анамның аяулы алақаны ыстық» деген сияқты «ыстықтарды» жаны сүйеді. Бірақ неге екенін қайдам, сол қоғамның, мәдениеттің, дәстүрдің, тілдің философиясымен сол «ыстықтарды» сомдауға келгенде ұсқынымыз құрып, Абайдың «нұрлы ақылымен» емес, «үсіген», сәл жұмсартыңқырап айтар болсақ, «суық ақылмен» былдырлатып ала жөнелетініміз бар. Маған бұл күйіміз, мәдениетімізге жасаған қиянат сияқты көрінеді. Анадан ыстық кім бар? Еш ойланбастан мәдениет-анамызға «сырттағылардың» басқан таңбасын сол қалпында «шарттанған сұрқымызбен» баса саламыз. Оған «жүрегіміз» де селт етпейді. Әй, бәтшағар философия «жүрекпен» емес, «ақылмен» жасалады деушілер табылар, әрине. Тарихи санамызда «жүрекпен тербеліп» сомдалмаған, қанағаттанбаған философия жасаудың мәдениетімізге де болмысымызға да өте қауіптіекенін өткен «жетпіс жылдық» тарих сынынан көрген жоқпыз ба? Ендігі жерде Фарабидің «белсенді санасы (фаал ақыл)» Баласағұнның, Йүгнекидің, Иасауидің «көңіл көзі (басират)», Абайдың «нұрлы ақылы (таза жүрек)», Шәкәрімнің «жүрек көзі» арқылы жетімсіреген өз әлемімізді «ысытып» көрейік те. Осы «ыстық философия» ғана төл философиямызды жаңғыртып, әлемдік философия арнасына, жалпыадамзаттық ойлау қорына өзіндік үлес қоса алады. Сонда ғана «сені танып» құрметтей алады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.