Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Демокриттің атомистік теориясы жөніндегі пікіріңізді білдіріңіз



16. Демокриттің атомистік теориясы жөніндегі пікіріңізді білдіріңіз

Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін, негізінен, екі көзқарас қалыптасты. Олар: субстанциализм - кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы негіздерінің бірі ретінде қарайды және релятивизм (салыстырмалы) - кеңістік пен уақыт қозғалып жатқан неше түрлі материалдық объектілердің формалары, соған бағынышты. Бірінші көзқарастың негізін жасаған көне грек философы Демокрит болды. Демокрит ертедегі гректерден шыққан тек материалист. Демокрит (шамамен б.д.д. 460-371жж.) 70-тен астам шығармалар жазған: «Пифагор», «Планеталар туралы», «Табиғат туралы», «Адам табиғаты туралы», «Ақыл-ой туралы», «Үлкен әлем құрылысы», «Кіші әлем құрылысы»т.б.

          Демокрит атомистер философиясының өкілі. Атомистер дүниені атомдардан тұратын біртұтас дүние деп түсіндірнді.

Ол өзінің атомистік ілімінде дүниенің алғашқы негізін құрайтын екі бастаманы мойындайды: оның бірі көзге көрінбейтін әрі қарай бөлінбейтін ұсақ бөлшектер - атомдар және ғарыштағы бос кеңістік. Бұл теория бойынша барлық дүниедегінің негізі – сансыз көп атомдарды. Атомдар формасына, реті мен жағдайына қарай ерекшеленеді, олар сезіммен қабылданбайды, тек ақылмен пайымдалады. Ол атомдар бос кеңістікте қозғалады, яғни атомдарды бос кеңістік бөліп тұрады («жан – жаққа сенделуде, ұшуда», «түрлі бағытта қозғалыста» болады) және бір-бірімен соқтығысқанда, өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді.. Атомдар бос кеңістікте солқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып, заттар әлемін құрайды. Атомдар өзгермейтін мәңгі болса, олардан құралған заттар уақытша, өтпелі және өзгерісте болады. Денелердің пайда болуын Демокрит былай түсіндіреді. Бос кеңістіктегі атомдардың тығыздығы әртүрлі болғандықтан, оның бір бөлігінде тығыз орналасқан атомдар қиындатып қозғалысқа түседі де ортасында ауыр салмақты атомдар, ол шетке таман — жеңіл салмақты атомдар топтасып, әртүрлі денелер пайда болады. Мысалы, Жер мен Аспан ауыр салмақты атомдардан жаратылған. Ал Аспаннан — от , ауа және ауа құйыны қуып жүрген жұлдыздар пайда болады.Атом мен бос кеңістік – бірден – бір шындық. Кеңістікте қозғалушы атомдар өзара қосыла отырып, түрліше заттарды, денелерді түзеді.

Адам да атомдардың бірлігі, бірақ оның жаны бар. Жан дегеніміз де зат, ол ерекше атомдардан, яғни жеңіл және тез қозғалуға бейім атомдардан құралады. Демокрит осы принципімен таным процесінде түсіндіреді. Таным дегеніміз заттардың бетінде ағып жүретін атомдарды қабылдау. Олар – заттармен құбылыстардың бейнесі.

Демокриттің атомистік теориясы әр түрлі ілімдерде, мәдениет тарихына көзқарасында, моральды зерттеуінде және т.б. данышпан ойларды дүниеге әкелуіне мүмкіндік берді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.