Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз



4.Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз

философия статусы жеке ғылымдарға қарағанда кеңірек, яғни ауқымды, сондықтан Батыс елдерінде философияны тіпті өнер саласына ,жатқызатыны мәлім. А.Шопенгауер: «Философия ғылымының кемшіліктері – оның ғылым жолымен дамуында, ал шынында философия көркемөнердің бір түрі ғана», деген пікір айтқан болатын.Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстыратын болсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп ұұсас жақтарын ашуымызға болады. Менің ойымша философияға қанша тұлға атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар. Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, ол жерде өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық, сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрәнәп тұрады. Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой өрісінде өшпес із қалдырады,оның жан дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді.

Филослфияны өнерге жақындататын келесі мәселе – Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес.Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешұашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суре-тін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер деректер жетіспеген жағдайда қиял арұылы толыұтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе – тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында Достаевский, Толстой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр.

Сонымен, философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия – біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім

5.Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз

Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр

Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.

Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi.

Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды “субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Танымсубъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады.

Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi.

Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес.

Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн тандауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетiкалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.

Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие. Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi дшынайы бiлiмдердiн бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдерi абсолюттендiру релятивизмге әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредiскептизм, немесе объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi- агностицизм (Юм-бiлiм сезiмдiк таныммең, тәжiрибемен, ойдың мүмкiндiктерiмен шектеулi, сондықтан бiлiм сыртқы, мәндi емес, терен емес; Кант-“өзiндiк затты”танп бiлу мүмкiн емес, танылатың құбылыс қана-феномен, ал танылмайтын “өзiндi зат”-ноумен). Абсолюттi бiлiмдi маңызын асыра дәрiптеу догматизм.

6.Қытай дүниетанымындағы Даосизмнің орнын көрсетіңіз

Даосизм дүниетанымдық мәселеде басты көңілді - дүниенің объективті бейнесіне, оның абстрактылы, философиялық-категориалды аспектісіндегі болмысқа, бейболмысқа, қалыптасуға, тұтастыққа, көпшілікке және т.б. бөліп, бұдан адамзат қоғамына және оның жүйесіндегі адамға қатысты қорытындылар шығарады.

Даосизмнің негізін қалаушы Лао-Цзы болып есептеледі. Алайда, даосизмнің басты еңбегі “Дао дэ цзин” трактатын (Дао және дэ жайындағы кітап) бірқатар ғалымдар Лао Цзыға емес өзге даос Чжуан Цзыға тиесілі деп есептесе, қытай философиясының тарихын зерттеуші Ян Юн-го “Бұл трактат барлық даостардың әртүрлі топтарының көзқарастарының жиынтығы. Себебі, бұл трактаттарда Конфуцийшілдік пен Легизмді сынға алу кездеседі. Ал, Даосизм бұлардан бұрын пайда болған болса мұндай сын бұл трктаттарда кездеспес те еді” деп есептейді. Біздің пікірімізше жоғарыда келтірілген сындар даосизм мектебінің соңғы өкілдерінің бұрынғы трактатқа өзгеріс енгізуінің нәтижесі болуы мүмкін. Қайткенмен де Көне Қытайдың философиялық мектептерінің ішіндегі ерекшесі әрі көнесі осы даосизм болуы мүмкін. Оны мынадан көруге болады: конфуцийшілдер де, легистер де, моизм өкілдері де “дао” жайында көп айтты. Бірақ “дао” олар үшін Қытайдың даму жолы болған болса, Даостар үшін “дао” – бәріне бірдей ортақ дүниетаным ұғымы. Бұл тек қана аспан астындағы Қытайда ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан құбылыстардың, барша жаратылыс пен заттардың бастамасы, алғашқы негізі және соңы болып табылады.

Даосизм ілімінде екі дао жайлы ілім бар. Оның бірі көрінбейтін, естілмейтін формасы жоқ шексіздік. Сондықтан ол мәңгі болғандықтан ешбір атауды қажет етпейді. Ол шексіз қозғалыста болады. Даосизмде қарама-қарсылықтар толып жатқандықтан мұнда диалектикалық әдіс те жоқ емес. Екінші дао – ол атауға ие дао, ол барлық заттардың түп негізі. Ол шексіз, таусылмайтын, жеңілмейтін, құдіретті. Ол денесіз, тұманды, бос, белгісіз, кішкентай, жасырын, қозғалмайтын, жалғыз болып келетін бірінші даодан осылайша ерекшеленеді.

Екі даоның болуы даосизмде болмыс пен бейболмыс мәселесін туындатады. Бейболмысқа аты жоқ атаусыз дао жатса, ал болмысқа барлық заттардың түп негізі болатын екінші дао жатады.

Даосизмде диалектика бар деп жоғарыда айттық. Алайда, дао “қозғалыстың ең бастысы ол тыныштық” деуіне қарағанда ондағы метафизикалық әдістің басымдау екенін байқатады.

Үйлесімділік, ізгілік (дэ) мәселесінде даосизм қозғалмай-ақ, күреспей-ақ жеңуді насихаттайды. Оның мәні жоғары ізгілікке, үйлесімділікке қолы жеткен адам мейірімділік істеуге тырыспайды. Себебі, оның өзі, табиғатында мейірімді. Дао күреспейді, бірақ жеңіске жете алады.

Даосизмнің әлеуметтік-саяси идеалында да данышпан билеуші білімсіз, өз жолымен тіршілік ететін халық туралы айтылады. Ең жақсы билеуші - бәріне өз табиғи жолымен жүруге мүмкіндік береді. Нағыз билеуші бәрінің алдында жүреді. Себебі даоға еліктеу арқылы ол өзін бәрінен төмен ұстайды.

Білім мен еңбек құралдарының дамуына даосизм қарсы болады. Білім теңсіздікке ал ол өз кезегінде халықты теңсіздікке алып келеді дейді. Бақытты өмір сүрудің кепілі - ол табиғат аясында өмір сүру.

Дегенмен бұл ілімде қарама-қайшылықтар өте көп кездеседі. Бірақ оның негізгі ойы мәлім. Ол даоның алғашқы екендігі ол аспаннан да алғашқы болып табылады.

7.Болмысты танудағы Лаоцзы мен Парменидтің ойларын салыстырып көріңіз

Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” сұрағына жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес. Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде болмыс құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта Өркендеу, әсіресе Жаңа Дәуірден бастап жаратылыстану - механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды. Болмыс-жаратылыстану мен адамның практикалық іс-әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам бұл уақытта табиғаттың жоғарғы жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді.

Парменидтің пікірінше, болмыс пен бей-болмыс тең емес, басқаша айтқанда, болмыс - нақты өмір сүреді де, бейболмыс деген жоқ нәрсе. Осы пікірін Парменид дәлелдеуге тыры-сады. Айта кететін бір жайт — ол, Парменидке дейін философтар өз тезистерін дәлелдеуден гері, метафорамеи немесе ұқсастық тәсілін қол-дану арқылы (салыстыру арқылы) негіздеуге тырысатын, ал Парменид бірінші бодып өз те-зисінің дұрыстығын дәлелдеуге көбірек көңіл бөлді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.