Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Автоматика және телемеханиканың жаңа құрылғыларын енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу



4. Автоматика және телемеханиканың жаңа құрылғыларын енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу

Экономикалық тиімділікті анықтау үшін бекеттегі электрлік орталықтандыру және маршруттық бақылау құрылғылары нұсқауларын салыстырамыз.

Эксплуатациялық шығын және капиталдық шығынның келтірілген қосындыларын және МБҚ мен ЭО арқылы шығындарын салыстырамыз.

Мына формула бойынша жылдық шығынды анықтаймыз:

 

Эг.п.=Cэксплн                                      (4.1)

 

мұнда Эг.п. – жылдық келтірілген пайдалану және құрылыс шығындары; Сэкспл – жылдық пайдалану шығындары; Ен – қабылданған норматив бойынша тиімділіктің нормативтік коэффициенті, автоматика және телемеханикадағы белгі беру және байланыс шаруашылығы мына формуламен анықталады.

 

Ен=1/Токуп                                             (4.2)

 

мұнда Токуп – бекеттегі белгі беру және байланыс дистанциясының автоматика және телемеханика құрылғыларының әрбір түрі үшін нормалармен анықталған құрылғылардың өтелу мерзімі.

МБҚ және ЭО құрылғылары үшін жылдық шығын бөлек жүргізіледі. МБҚ және ЭО үшін жүргізілген әрбір жылдық шығынын анықтап және бекеттің жұмысының көлеміне байланысты сандық көрсеткіштерге бөліп, жұп пойыздардың тәулігіне байланысты түсіндіріледі. Бөлінген шығындарды анықтаймыз:

Суд= Эг.п./(365×N)                                         (4.3)

 

мұнда Суд -бір жұп пойыздың шығынының үлестік құны; Эг.п – пайдалану және құрылыс шығындарына келтірілген жылдық шығындар; 365 – 1 жылдағы күндердің ортақ саны; N – пойыз жұптарының бір күндегі саны.

Есептеуге ыңғайлы болу үшін кестеден әр құрылғының (МБҚ, ЭО) жылдық пайдалану шығын мәндерін, құрылғы түрлеріне байланысты құрылғы құнын жазып алуға болады.

Токуп нормативтік коэффициенттерінің мәні, 4 жылдық маршруттық бақылау нормативін құрайды. Электрлік орталықтандыру құрылғылары үшін 8 жыл, пойыздардың жұбы техникалық бекеттің жабдықталуымен анықталады (бастапқы берілгендер 1.1-кесте).

МБҚ және ЭО құрылғыларымен жабдықталған бекеттің нұсқасы үшін алдыңғы келтірілген формула бойынша қалыпты коэффициенттің есебін жүргіземіз. Содан кейін әрбір құрылғы үшін пойыздар жұбының шығынын анықтаймыз. Анықталған есептеулерді 4.1-кестеге енгіземіз.

 

 

  4.1-кесте

 

Электрлік орталықтандыру құрылғыларын енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу

 

р/с

Автоматика, телемеханика және байланыс құрылғылары

Поездардың қозғалыс өлшемі Капиталды күрделі салымдар Жылдық пайдалану шығындары Жылдық келтірілген шығындар Арнайы шығындар
(поездар жұбы) теңге теңге теңге тг/поездар жұбы
Қолданыстағы құрылғылар (МБҚ)          
Жоспарланған құрылғылар (ЭО)          

 

Орындалған есептеулер бойынша бекеттегі белгі беру және байланыс дистанциясындағы жаңа құрылғылардың бүтіндігі туралы қорытынды жасаймыз.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.