Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау



4 Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау

 

Ұңғы – дегеніміз жер қыртысында арнайы бұрғылау аспаптарының көмегімен қазылатын диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны.

Ұңғының басталатын жері сағасы, цилиндрлі беті қабырғасы немесе оқпаны, ең төменгі шеті түбі деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі оқпан бойынша ара қашықтық ұңғы ұзындығы, ал ұңғы өсі проекциясының тіке аралығы тереңдігі деп аталады.

Ұңғыларды тіке және көлбеу бұрғылайды. Олардың диаметрі аралықтан аралыққа кішірейіп отырады.

Мұнай және газ ұңғыларының бастапқы диаметрі 900 мм-ден аспаса, ал соңғының диаметрі 165 мм-ден кем болмайды.

Ұңғыларды тау жыныстарын тұтастай (кернсіз) немесе оның шет жағын ғана талқандау (керн алу) арқылы тереңдетеді.

Ұңғының құрлысы 4,1 суретте көрсетілгендей төменгі түп жағында – (6,8), ол мұнай не газ шығатын жиектердің тұсында болады, ал жоғарғы жағы – саға – (1). Бүйір қабырғасын-оқпан – (5) дейміз. Ұңғының ішіне мұнай мен газ құйылу үшін, қабаттағы қысым – Pқаб – (9) түп жағындағы Рт – (6) қысымнан көп болу керек, яғни Рқабт ұңғының бүйір қабырғалары – (5) пайдалану кезінде құлап қалмауы үшін темір құбырлармен бекітеміз – (4). Оны тізбектелген шеген құбыр дейді. Оның диаметрі жоғарыдан төмен қарай азая береді.

Ең жоғарғы шеген құбырды – (2) бағыттаушы шахталы құбыр дейміз. Оның тереңдігі – 5-10 м, диаметрі – 200-500 мм. Негізгі міндеті-жердің жоғарғы жағындағы топырақты бекіту және саз балшық ерітіндісінің айналымын қамтамасыз ету. Оның ішінен, жоғары су қабаттарының ағымынан сақтау мақсатымен сағалық құбыр – (3) кондуктор жібереді.

 

 

Сурет 4.1 Ұңғы үлгісі

 

Тереңдігі жоғарғы су қабаттардың орналасуына байланысты 40-400 м.-ге дейін жетеді. Кондуктордың ішінен ұңғының тереңдігіне және қазу (бұрғылау) қабаттарының орналасу ерекшеліктеріне байланысты бір немесе екі қосымша шеген құбырларын жібереді. Егер де кондуктордан кейін қанша тізбекті құбырлар жіберсе, сонша тізбекті құбырлар деп атаймыз. Ең соңында пайдалану (өндіру) құбырын – (4) жібереді. Әлбетте, оның диаметрі – 146-168 мм, тереңдігі – 4500-5000 м. шамасында болады. Мұнай мен газ өндіру үшін оның сағасына, фонтанды қондырғы арқылы, кіші диаметрлі мұнай мен газ көтергіш құбырлары жіберіледі. Оның диаметрі – 40-70 мм. аралығында болады.

Бұрғылау тәсілдерін пайдалана отырып ұңғыны бұрғылау кезінде аспаптардың тау жыныстарына тигізетін әсеріне қарай механикалық, термиялық, физико-химиялық, электр жалындық деп бөлуге болады.

Механикалық бұрғылау тәсілінде тау жыныстарын бұзу қол күшін немесе қозғалтқыштарды қолдану арқылы іске асырылады. Механикалық бұрғылау тәсілі соққылау және айналдыру тәсілдерімен іске асырылады.

Айналмалыбұрғылау. Мұнай, газ ұңғыларын бұрғылауда қолданылады. Бұл тәсіл бойынша ұңғы оқпаны үздіксіз айналатын қашаумен бұрғыланады.          Тау жыныстарының ұсақталған бөлшектері жер бетіне жуу сұйығының ағынымен көтеріледі. Айналмалы бұрғылау тәсілінің өзі роторлық және түптік қозғалтқыштармен бұрғылау тәсілдері болып бөлінді.

Роторлық бұрғылау тәсілінде қозғалтқыш жер бетіне орналасады да, қашау бұрғылау тізбегі арқылы айналдырылады.

Түптікқозғалтқыштармен (гидравликалық турбобұрғы немесе электробұрғы) бұрғылау тәсілінде қозғалтқыш тікелей қашаудан жоғары орналастырылады.

Енді мұнай және газ ұңғыларын айналмалы бұрғылау тәсіліндегі жұмысына тоқталық.

Роторлық бұрғылау тәсілінде қозғалтқыштың қуатымен шығыр арқылы ұңғының сағасында қондырылған мұнараның ортасында орналасқан арнайы айналмалы механизм роторға беріледі. Ол қашау жалғанған бұрғыдау тізбегін айналдырады. Бұрғылау тізбегі жетекші құбырдан және оған арнайы аударғыш арқылы бұралған бұрғылау құбырларынан тұрады. Түптік қозғалтқышпен бұрғылау тәсілінде қашау түптік қозғалтқыштың ішіндегі білгіне бұралады, ал бұрғылау тізбегі қозғалтқыштың корпусына жалғанған. Қозғалтқышты жұмысқа қосқанда оның білігі оған жалғанған қашаумен бірге айналады. Бірақ, бұрғылау тізбегі ротормен бірге айналмайды, ол тек қана түптік қозғалтқыштың қуатымен айналады.

Бұрғылау қашаулары. Тау жыныстарын бұзушы аспаптар негізгі атқаратын міндеттеріне қарай үш топқа бөлінеді:

1) ұңғы түбін тұтастай бұрғылауға арналған қашаулар;

2) ұңғы түбін айналдыра бұрғылап, тау жыныстары үлгісін керн алу үшін қолданылатын бұрғы ұштары, коронкалар;

3) қосалқы аспаптар, найза тәрізді қашаулар, фрезерлер, калибраторлар, кеңейткіштер.

Бірінші және екінші топ аспаптарын жасақтарының тау жыныстарына әсер ету өзгешеліктеріне қарай төрт шағын топқа бөледі: кесіпуатушы (РС), қажап-кесуші (ИР), үгіп-уатушы және үгу арқылы әсер етуші.

Кесіп-уатушы, қажап-кесуші аспаптар түрлерінің құрал-жабдықтары берік материалдардан кескіш немесе секторлар түрінде жасалады. Үгіп-уату арқылы әсер етуші аспаптардың құрал-жабдықтары шарошкаларға индикатор түрінде орналастырылған.

Бірінші, екінші және үшінші топ аспаптары мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда кеңінен қолданылады.

Ұнғыны бұрғылау және оны пайдалануға өткізу аралығында бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Олар:

1) өнімді қабатты бұрғылау;

2) өнімді қабатты зерттеу;

3) ұңғы түбіндегі бөлігінің конструкциясын таңдап алу;

   4) ұңғы сағасын жабдықтау;

5) пайдалану тізбегін өнімді қабатпен қатынастыру (перфорация);

6) өнімді қабаттан мұнай немесе газды шақыру және ұңғыны пайдалануға өткізу.

Бұл аталған жұмыстардың дұрыс орындалуына ұңғы шығымы, оның тиімділігін, сонымен қатар пайдалану барысындағы жөндеу аралық кезеңмен тікелей байланысты.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.