|
|||
Кәсіпорын экoномикасы және ұйымдастыру2 Кәсіпорын экoномикасы және ұйымдастыру Кәсіпорын экономикасы - өндірістік жэне өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны. Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешені еліміздің халық шаруашлығының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз құрамында отын ресурстарының өндірісі мен өңделуін, оларды түрлендіру мен тікелей жеткізушілерге пайдалану үшін қолайлы болатындай түрінде және белгілі бір сапалық параметрлерімен жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпорындарды, ұйымдарды, құрылыстар мен технологиялық объектілерді біріктіреді. Технологиялық процесс – бұл еңбек затының сапалы (физикалық-химиялық және механикалық) (түрінің, көлемінің, күйінің, орналасуының, физикалық-химиялық қасиеттерінің, сыртқы пішінінің және т.б.) өзгерістері, олар адамның еңбек затына сол не өзге түрдегі еңбек құралдарын қолданумен әсер етуінен болады. Еңбек заты адамның тікелей қатысуынсыз табиғат күштерінің әсер етуімен, атап айтқанда табиғи процесстер кезінде де өзгеруі мүмкін. Әрбір өндірістік процесте орталық орынға негізгі процесс ие болуда – бұл еңбек затын кәсіпорынның қызметтік бағытына сәйкес дайын өнімге айналдыру. Негізгі өндіріс қажеттерін қанағаттандыруға арнап жүзеге асырылатын процестер қосалқы процестер деп аталады. Өндірістік процесті ұйымдастыру мақсаттары үшін жұмысшының соны жүзеге асыруға қатысуының сипатын, өндірістік процестің сипаты мен мазмұнын, онда материалдық элементтердің қатысуын, өндірістік процестің қайталану мерзімділігі мен ұзақтығын, өндірістерді ұйымдастыру әдістерін білу өте маңызды. Бұл ретте өндірісті ұйымдастыру ретінде еңбек процестері мен материалдық элементтерді уақыт пен кеңістікте ұтымды үйлестіру әдістерінің жиынтығы түсініледі. Ұңғымалардың аймақтық жеке орналасуы, олардың ерекшелігі мен өндірісті ұйымдастыру ісінің кенішті қазу жүйесіне тәуелді болуы негізгі процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін белгілейді, мұндай ұйымдастыру ұңғымаларды күтімге алуға, олардың технологиялық тәртібін реттеуге және ұңғымалар қорын жұмысқа қабілетті күйінде ұстап отыруға негізделген. Дәл осы ерекшелік қосалқы және қосымша шаруашылықтарды ұйымдастырудың еркешелігіне, оның аймақтық орналасуына негіз болады. Мұнай-газ өндірісінде маңызды тағы бір маңызды нәрсе – ол тек қана дайын өнімді береді, басқа не аяқталмаған өндіріс, не жартылай фабрикаттар жоқ. Мұнай мен газ өндірудің өндірістік процесі әртекті жеке өндірістік процестердің кешені болып келеді: мұнай мен газ өндірісі; механикалық және энергетикалық жабдықты монтаждау және шешіп алу; ұңғымаларды жерасты жөндеу; ұңғымалар мен жабдықты жерүсті жөндеу; ұңғымаларды күрделі жөндеу; көлік және мұнайды сақтау; газды жинау және кәдеге жарату; мұнай мен газды кешенді әзірлеу; ұңғымалар мен қаттарды зерттеу; қатқа жұмыстық агентті тоғыту және т.б. Негізгі өндіріс өнімді шығарумен тікелей қатысты болатын процестерді қамтиды. Қосымша өндіріс негізгі өндіріс бөлімшелерінің өнімді үздіксіз шығаруына арнап қалыпты жағдайларды қамтамасыз етеді. Негізгі өндіріс ретінде орталық инженерлік-технологиялық қызметпен (ОИТҚ) біріктірілген аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер (АИТҚ) бөлінген. Орталық инженерлік-технологиялық қызметтің негізгі міндеті – мұнай-газ өнеркәсібінде орталық инженерлік-технологиялық қызметі бекітілген технологиялық режимін ұстанумен мұнай мен газ өндіру жөніндегі жоспарлық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет төмендегілерді жүзеге асырады: аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер жұмысын басқару; негізгі өндіріс объектілерінде жұмыстарды орындау кезінде мұнай-газ өнеркәсібінің барлық өндірістік бөлімшелерінің іс-әрекетін тәулік бойы жедел бақылау және үйлестіру; барлық өндірістік объектілер бойынша ақпаратты жинақтау мен өңдеу;апаттарды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; оқыс жағдайлар кезінде көмек көрсету және т.б. Ұңғымаларды өндірістік күтімге алумен қатысты қосалқы өндірістер өндірістік күтімге алу базаларына біріктірілген. Өндірістік күтімге алу базалардың құрамына келесілер кіреді: пайдаланушылық құрал-жабдықтың илектеу-жөндеу цехы (ПҚИЖЦ); электр жабдығы мен электрмен қамтудың илектеу-жөндеу цехы (ЭЖ мен ЭИЖЦ); ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу цехы (ҰЖ және КЖЦ); өндірісті автоматтандыру цехы (ӨАЦ). Өндірістік күтімге алу базалар басшылығы кесте-жоспарларға сәйкес цехтардың іс-әрекетін үйлестіреді және ұңғымалар мен барлық негізгі өндіріс объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тікелей мұнай-газ өндіру басқармасына бағынатын құрылымдық бөлімшелер бар, атап айтқанда: мұнайды даярлау мен айдау цехы (МДАЦ); қаттық қысымды ұстау цехы (ҚҚҰЦ); бу-сумен қамту цехы (БСҚЦ); газ сығымдағыш (газ) цех (ГСЦ); құрылыстық-монтаждау телімі (ҚМТ) – мұнай-газ өнеркәсібінің дербес құрылыс ұйымы болмаған жағдайда. Қабат қысымды ұстау цехының басты міндеті – жұмыстық реагенттің бекітілген қазу жобасына сәйкес көлемдерде өнімді деңгейжиектерге айдалуын қамтамасыз ету.
|
|||
|