|
|||
Кенішке әсер ету әдістері (қабат қысымын ұстап тұру).8 Кенішке әсер ету әдістері (қабат қысымын ұстап тұру). Газды жер асты сақтау
Мұнай кен орындарында су айдау әдісін қолдану мұнайды жер бетіне шығару, сондай ақ қабат қысымын ұстау мақсатында жүзеге асырылады. Қазіргі танда бұл әдісті кен орындарында қолдану ең бір кең тараған әдістерінің бірі болып саналады. Осы су айдау әдісінің ішінде көбінесе, нұсқа ішінен су айдаудың қатарлы немесе блокты қатарлы және ұңғымалардың ауданды орналасу кестесі, сондай ақ нұсқа сыртымен су айдау әдісі қолданыс тапқан. Көбіне әсер етудің барлық жолдары мына екі мақсатта жұмыс жасайды: олар, қабат қысымын ұстау және мұнай бергіштік коэффицентін максималды шекке дейін жоғалту. әсер ету жолдарын қолдану масштабтары мұнай кенішінде өте үлкен. Қабаттан мұнайды өндірудің 85% -жуығы әсер ету жолдарымен іске асады. Қабат қысымын ұстаудағы аса орын алатыны- қабатқа су айдау болып табылады. Қабатқа әсер ету жолдарының келесі түрлері бар. Қабат қысымын қабатқа су айдау арқылы ұстау. Олардың қатарына кіретіндер: • контур сыртымен су айдау; • контур бойымен су айдау; • контур ішімен су айдау. Контур ішімен су айдау келесілерге бөлінеді: - кенішті түзу немесе дөңгелек қатардағы ұңғыларға су айдау арқылы бөлу -блокты су айдау; -шоғырлы су айдау; -таңдап су айдау; -аудандап су айдау.
Қабат қысымын газ айдау арқылы ұстау -Ауа айдау -Құрғақ газ айдау -Майлы газ айдау -Жақын және критикалық параметрлердегі газды айдау Жылу арқылы әсер ету -Қабатқа ыссы су айдау -Ыссы бу айдау -Қабатқа қозғалмалы жану фронтын айдау -Қабаттың түп зоналарын жылумен өңдеу Бұдан да басқа әсер етудің арнайы жолдары бар. Олардың қатарына: қабатқа әр түрлі қосылыстар айдау, карбонды сулар, көмірқышқыл газы, мицелярлы қосылыс, газогенераторлы газдар т.с.с. Қабат қысымын газ айдау арқылы ұстау. Кенішке жылумен әсер ету. Құрамында көпсазды материалдары бар өнімді колекторларда, оны тұщы сумен сулағанда олар ісінетіндіктен, бұндай қабатта қабат қысымын су айдау арқылы ұстау тиімсіз. Айдау ұңғыларының жұту қасиеттері төмен, судың арнайы өңдеуін талап етеді. Бірақ осы жағдайларда құрғақ көмірсутек газын айдауда жыныс коллекторларына олар аса байланыс көрсетпейді және ол біршама тиімді болуы мүмкін, себебі процесте техникалық келісімді шарттар болады, мысалы қысым және кеуектілік (приемистость). Энергетикалық тұрғыдан қарағанда қабат қысымын газ айдау арқылы су айдаумен салыстырғанда энергияны көп талап етеді. Бұл дегеніміз мұнай көлем бірлігін газ айдау арқылы ығыстырғанда энергия көп жұмсалады. Ол екі негізгі себеппен түсіндіріледі: 1.Суды айдағанда түп қысымы арқылы пайда болады, ол айдау ұңғысының сағасынан беріледі, сонымен бірге ұңғыдағы су бағанасының гидростатикалық қысымының үлкендігінен де болады. Газ айдағанда, оның тығыздығы судікінен айтарлықтай аз, газды бағананың гидростатикалық қысымы судікіне қарағанда 7-15 есе аз. Сондықтан қажетті түпкі қысымды алу үшін сағадағы қысымды үлкейту керек болады, соның салдарынан қабатқа газ айдаудағы энергия шығымы жоғары болады. 2. Газды айдағанда оның сығылмалы қасиетті болғандықтан, қажетті газ көлемін саға қысымына дейін сығу керек болады, олда көп энергия көлемін жұмсайды. Ал су айдағанда оның сығылу қасиеті болмағандықтан, сығылу энергиясы нольге тең. Сонымен бірге, кей айдалып жатқан көмірсутек газы қабат мұнайында ериді, соның нәтижесінде айдау газының көлемі үлкейе береді. Сондықтан қабат қысымын газ айдау арқылы ұстау кең қолданыс таппады және ол негізінен жұқарған мұнай кен орындарында, яғни қабат қысымы аз немесе терең емес кен орындарда қолданылады. Кенішке жылулық әсер ету. Жылу әдісімен әсер ету жоғарғы тұтқырлықты мұнай өндіруде пайдаланған тиімді болып табылады. Бірақ кей кен орындарында мұнай құрылысы және оның жиналу жағдайына өндірістік пайдалануға тек ғана жылу әдісі әсер ете алатындай кездер болады. Егер қабат температурасы ондағы парафиннің қабат жағдайына кристалдауына тең немесе жақын болса, онда мұнайды салқын сумен ығыстыру, қабат температурасын мұздатады. Мұздату мұнайды қоюландырады немесе ондағы еріген парафиндерді қатты фазаға айналдырып, қабатшалардағы мұнай қорын конференциялап тастауы мүмкін. Мұнай құрамының бұндай қасиеті және қабаттағы қабатшалардың біртексіздігіне байланысты аса тиімді нәтиже алу үшін- қабатқа жылу айдаған жөн. Бұл жағдайда ыстық су немесе бу айдалады, ол өткізгіштігі жақсы қабатшалармен тез қозғалып, үстінгі және астынғы қабатшаларды жылытады, соның нәтижесінде мұнайдың тұтқырлығы төмендеп және қорды біршама толық алуға мүмкіншілік береді.Қабатқа жылу беру арқылы әсер ету әдісі мұнай бергіштікті арттыру әдісі болып табылады.
|
|||
|