|
|||
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау3 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
Табиғатты қорғау қызметі кәсіпорынның қоршаған ортаға техногендік әсерін төмендетуге бағытталған. Кәсіпорынның табиғатты қорғау қызметінің негізгі міндеттері экологиялық заңнаманы сақтау, атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын төмендету, өндіріс қалдықтарын азайту, топырақ пен жер асты суларын ластанудан қорғау болып табылады. Еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсетілген міндеттері: қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау; қызметтік міндеттерін орындауда жарақат алудан сақтау; жеке басын қорғау құралдарының сапалық ерекшеліктерін әрдайым жақсартып отыру; қауіпті өндірістік нысандардағы апаттар деңгейін азайту; қызметкерлерге арналған өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы міндетті оқулардың сапасын жақсарту; аурулардың алдын-алу және қызметкерлерді сауықтыру; еңбек қорғау, өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өндірістік құрылымдық бөлімшелер басшыларының көсбасшылығын қалыптастыру; өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындауда қызметкерлердің жауапкершілігін қалыптастыру. Осы міндеттерді орындау үшін табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарлары, экологиялық бақылау бағдарламасы және өндірістік мониторинг бағдарламасы әзірленуде Өндірістік мониторинг бағдарламасына сәйкес келесі мониторинг түрлері жүргізілуде: атмосфера ауасы жағдайының мониторингісі; ағынды сулар сапасының мониторингісі; жер асты сулары жағдайының мониторингісі; топырақ мониторингісі; радиациялық қауіпсіздік мониторингісі. Кәсіпорында қоршаған орта объектілерінің жағдайына жоспарлы және жедел бақылау жүргізіледі, ол басқа аккредиттелген зертхананы тарта отырып, шарт талаптары негізінде жүзеге асырылады. Өндірістік мониторинг қоршаған ортаның барлық бағыттары бойынша орындалады: Атмосфера ауасы жағдайының мониторингісі. Санитарлық корғау аймағының маңынан атмосфералық ауадағы көмірсутегі, күкіртсутегі, фенол құрамы мөлшерін тексеру үшін, өнеркәсіптік алаңда атмосфералық ауадағы көмірсутегі, күкіртсутегі, бензол, толуол, ксилиол, көміртегі тотығы құрамы мөлшерін тексеру үшін сынамалар алынады. Жер асты сулары жағдайының мониторингісі Жер асты сулары жағдайын бақылау «Сарымсақ» жинауышы орналасқан аймақта, қатты қалдықтар жинауышының аймағында және кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағында жүзеге асырылады. Жер асты суларының сапасын бақылау кезінде мұнай өңдеу кәсіпорындарына тән ластаушы заттарды: сульфаттарды, сульфидтерді, хлоридтерді, фенолдарды, нитраттарды, нитриттерді, фосфаттарды, аммоний азотын және жер асты суларындағы мұнай өнімдерінің құрамын бақылауға баса назар аударылды. Радиациялық қауіпсіздік мониторингісі Кәсіпорында өнеркәсіп қалдықтары мен қатты қалдықтар жинауышының жағдайын дозиметрлік бақылау жүзеге асырылады. Кәсіпорында жыл сайын табиғат ресурстарын қорғау және оңтайлы пайдалану бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және орындалады. Барлық табиғатты қорғау іс-шаралары: • атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын төмендетуге; •жер асты суларын ластанудан қорғауға; • ағынды сулардың нормадан тыс ағуының алдын алуға; өндіріс қалдықтары жиналған кезде қоршаған ортаны қорғауға бағытталды. Кесектелген күкірттің жиналуына жол бермеу мақсатында кәсіпорында күкіртті түйіршіктеу қондырғысы жұмыс істейді. Түйіршіктелген күкірт қоршаған ортаны ластамайды, оны тасымалдау қауіпсіз және ыңғайлы болып келеді. «Актобе техно групп бурение» ЖШС-те өндіріс қалдықтарын азайту мақсатында мұнайқоқырларын өңдейтін Flottweg неміс фирмасының трикантер қондырғысы қолданылады. Мұнайқоқырларын өңдеу қондырғысын пайдалану кәсіпорынға: • оларды қоршаған ортаға жинамауға; • қалқып алынатын мұнайды технологиялық үдеріске қайтаруға; атмосфера ауасына шығарылатын тасталындар үшін төлемді және қалдықтардың қоршаған ортада орналасуын қысқартуға; атмосфера ауасына көмірсутектердің шығарылуын төмендетуге; тереңдетілген қоқыржинауыштарды пайдалану кезінде жер асты сулары мен топырақтың ластануына жол бермеуге мүмкіндік берді. Мұнай-газ кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінеді. Еңбекті қорғаудың негізгі бағыты жұмыстарды қауіпсіз орындауға қажетті профилактикалық және техникалық құралдар болып табылады. Еңбекті қорғау профилактикасы «Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне» (ЕҚБЖ) сәйкес жүргізіледі. Жүйенің негізгі қызметі мыналар: Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі шешімдерді дайындаудың және іске асырудың бірыңғай тәртібін белгілеу; Еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау; Еңбекті қорғау жағдайының көрсеткіштерін есепке алу, талдау және бағалау. Жүйенің негізгі міндеттері: Қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің еңбекті қорғау бөлігіндегі талаптарды сақтауын бақылау; еңбек жағдайларын жақсартумен байланысты іс-шаралар жоспарын әзірлей отырып, еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау; жұмыс істеушілерді қауіпсіз еңбек әдістеріне оқыту және еңбекті қорғауды насихаттау; • өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; • өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; • санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайларын қалыптандыру; • жұмыс істеушілерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету; жұмыс істеушілердің оңтайлы жұмыс тәртібі мен демалысын қамтамасыз ету; • жұмыс істеушілерге санитарлық –тұрмыстық қызмет көрсету; • жұмыс істеушілерді мамандықтар бойынша кәсіби іріктеу. Өндірістік бақылауды жүзеге асырған кезде келесі міндеттер шешіледі: заңдармен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген ӨҚ талаптарын сақтауды қамтамасыз ету және тұрақты бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына ықпал ететін бұзушылық жағдайлары мен себептерін айқындау; • қауіпті өндірістік объектілердегі ӨҚ жағдайын талдау; Өндірістік бақылау – бұл ӨҚБЖ құрамдас бөлігі, ол қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, осы объектілердегі апаттар мен жанжалдардың алдын алуға, апаттар мен жанжалдарды болдырмауға және олардың салдарларын жоюға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу арқылы жүзеге асырылады. ӨҚ талаптарының сақталуын тұрақты бақылау, кәсіпорынның ҚӨО тексеру жиілілігі мен жоспарлылығы өндірістік бақылаудың негізгі қағидаты болып табылады.
|
|||
|