Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ыны тереңдік сораптармен пайдалану



7 Ұңғыны тереңдік сораптармен пайдалану

 

Терең сорапты қондырғымен пайдалану тәсілі.

Қондырғы (Сурет-7.1) поршенді сораптан-2, тербелмелі станоктан-15, плунжерды (поршенды) тербелмелі станокпен байланыстырып тұратын штангілер тізбегінен-4 және ұңғы ішіне құйылған сұйықты жер бетіне шығаратын (СКҚ-сорапты компрессорлы құбырлар) құбырлар тізбегінен-5 тұрады. Электроқозғалтқыш-14 редуктор-13 өсіне орнатылған кривошиптің-12 айналуына қызмет етеді және одан әрі балансир-10 шатунының-11 көмегімен арқанды алқа-9 арқылы балансирдің басына ілінген штангілер тізбегінің-4 тік бағытта жоғарылы-төменді жүріс қозғалысын тудырады. Плунжердің жоғары қарай жүрісі кезінде айдау клапаны-3 жабылады да, плунжер үстіндегі сұйық оның жүріс ұзындығы бойымен жоғары көтеріліп үш жақты құбыр-6 (тройник) арқылы жинау тораптарына түседі. Сораптың сорғыш клапаны-1 ашылады да, ұңғыдағы сұйық сораптың цилиндріне құйылады. Плунжер мен штангінің төмен қарай жүрісі кезінде сорғыш клапаны-1 жабылады да, сұйық бағанасының әсері құбырларға беріледі. Бұл кезде айдау клапаны-3 ашылады да ұңғыдағы өнім плунжер үстіндегі кеңістікке қарай ағады. Одан әрі жоғары қарай плунжер жүрісінің жаңа циклі басталады. Штангіні арқанды алқамен-9 жалғастыратын жылтыратылған штоктың-8 жоғарылы-төменді жүріс қозғалысы кезінде саға арматурасын саңылаусыздандыру (герметизациялау) үшін сальник-7 қарастырылған. Станоктағы күштердің теңсіздігін реттеу үшін тербелмелі-станок балансирлі-16 және роторлы-17 жүктермен теңгеріледі.

 

Сурет 7.1 Терең сорапты қондырғының схемасы

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.