|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
МАЗМҰНЫ. Кен орындарының геологиялық-физикалық сипаттамасы. Жанажол кен орны геологиялық-физикалық сипаттамасыСтр 1 из 15Следующая ⇒
МАЗМҰНЫ
1 Кен орындарының геологиялық-физикалық сипаттамасы 1.1 Жанажол кен орны геологиялық-физикалық сипаттамасы ЖШС “КНТО ТУ-ХА" Ақтөбе облысындағы техникалық қызмет көрсету, мұнай және газ өнімдерін барау және игеру,сондай-ақ геофизикалық әдістермен ұңғымалардың техникалық жай-күйін зерттеу бойынша жетекші компаниялардың бірі болып табылады. ЖШС “КНТО ТУ-ХА" Ақтөбе облысындағы Жанажол кен орынында барлау игеру,фонтанды әдіспен,газлифтілі тәсілмен өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Жаңажол кен орны Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінде, Орал маңы қыратының шегіндегі Мұғалжар тауы мен Ембі өзені аралығында орналасқан. Әкімшілік ауданы Ақтөбе обылысының Мұғалжар ауданының құрамына кіреді. Жаңажолдан 35 км қашықтықта солтүстік-батысқа қарай тұзүсті кешенінде мұнай кеніші игерілетін, Кеңқияқ кен орны орналасқан (төменгі бор, юра, пермотриас және тұзасты кешеніндегі төменгі пермь мен карбоннан мұнай көздері айқындалған). Ауданның ауа-райы құрғақ, қатал континентальды. Температураның жылдық және тәуліктік ауытқуы, едәуір төмен ылғалдылығымен сипатталады. Қыстық минимумы -40 °С, жаздық максимумы +40 °С -ге дейін жетеді. Ал орташа жылдық температура +10,4 °С-ді көрсетеді. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 140-200мм -ді құрайды. Жылдамдығы 28м/сек болатын солтүстік-шығыс бағыттағы күшті желдер жиірек болып тұрады. Топырақты” қыстағы қату тереңдігі 1,5-1,8 м-ді құрайды. Аудан көлемі аз қоныстанған. Кен орнынан солтүстік шығысқа қарай 15км қашықтықта Кеңқияқ мұнай өнеркәсібі орналасқан. Шамамен 100 км қашықтықтан Атырау-Орск мұнай тасымалдау құбыры өтіп жатыр. Ауданнан шығысқа қарай 100 км қашықтықтағы Орта Азия-Москва желісінде орналасқан. Ембі станциясы, ең жақын темір жол торабы болып табылады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|