|
|||
Кен орнын геология-геофизикалық зерттеу және игеру тарихы1.2 Кен орнын геология-геофизикалық зерттеу және игеру тарихы
Жаңажол кен орнын көтеру 1960 жылы Ақтөбе геофизикалық экспедициясының сейсмикалық жұмыстарымен айқындалды. Бұл алаңда терең іздеуге бұрғылауды 1961 жылы бастады. Бұл Мұғаджар экспедициясыны” жанындағы ²Ақтөбемұнайбарлау² терең бұрғылау тресі болатын. 1976 жылы іздеу жұмыстарын Ақтөбелік, ал 1978 жылдан бастап Кеңқияқ мұнайбарлау экспедициясының бірлестігі ²Ақтөбемұнайгазгеоло-гия² жүргізді. Оны себебі геологтар мен мамандардың 2900 м тереңдікте және оданда терең жатқан тұздан төменгі жыныстарда мұнай бар деген болжауларынан басталды. Қазіргі кезде Жаңажол кен орнында жоғарғы және ортаңғы карбон шөгінділерімен байланысқан екі карбонаттың қалыңдығы КТ-I және КТ-II горизонттарынан мұнай алынуда. Жаңажол ауданында мұнай-газ өнімі бар және оның өндірістік болашағының зор екені ең бірінщі А.С.Зингердің 1:50000 масштабты геологиялық карталау кезіндегі гравиметриялық зерттеулер нәтижелері арқылы алынды. 1960-1961 жылдары осы ауданда сейсмобарлау жұмыстарының мәліметі бойынша Жаңажол күмбезі екі горизонттан құралғаны анықталды: П-карбон жабуы және К-кунгур жыныстарынан құралған табаны. 1961 жылы іздеу-барлау скважиналарын бұрғылау басталды, 152 м тереңдікте москва ярусының жыныстарын ашты. 3004-3056 м аралықтары зерттеліп, орта карбон қабатында сулы газдың шығуы білінді. Жаңажол кен орнында 1978 жылы бірінші карбонатты қабаттың (КТ-I) өнеркәсіптік мұнайлылығы анықталды. Бұл номері 4-ші скважинадан алынған өндірістік мұнай құйылысы болатын.1981 жылы 1-ші октябрьде құрылған ²Ақтөбемұнайгаз-геология² бірлестігінің көрсетуімен 1981 жылдан бастап Жаңажол кен орнында іздеу және барлау жұмыстары жүргізіле бастады. Осы жұмыстар нәтижесінде Жаңажол ауданының орта карбон қабаттарында мұнай кені орны ашылды.Қазіргі кезде Жаңажол кен орнында пайдалану және 5000м тереңдікте барлау скважиналары бұрғылануда. Олар москва және башкир ярустары қабаттарын зерттеуге арналған.Ашылған кен орнын пайдалануға даярлау кезінде болатын бүкіл өндірістік-техникалық шараларды басқару үшін 1984 жылдың май айында ²Ақтөбемұнай² өндірістік бірлестігі құрылды. ²Грозныймұнай², ²Краснодармұнай², ²Украинмұнай², ²Белорусьмұнай² бірлестіктерінің ұжымдары Ақтөбемұнай бірлестігінің барлық өндірістік-техникалық қызметтерін жұмысшылармен және инженер техникалық мамандармен қамтамасыз етуіне көмектесті.Кен орнын алғаш игеру 1983 жылы (КТ-I) бірінші карбонотты қабаттың өнімді қабатына бұрғылаудан басталды.1985 жылы (КТ-II) екінші карбонатты қабаттың мұнай, газ, конденсат және ілеспе бөліктерінің қоры есептеліп, бекіту жүргізілді (протокол ГКЗ СССР N 9895 25.12.85 г). Одан кейін 1986 жылы оңтүстік күмбездегі Дн-1 пачкасына КТ-II-ге игеру жүргізіле бастады. 1988 жылы КТ-II-нің солтүстік күмбезіндегі Д-III және Гн-III пачкалары игеруге енгізілді.Жаңажол кен орны негізінен ЦКР техникалық схемасы негізінде игеріледі.Техникалық схема келісімі бойынша өнімділікті 8 игеру объектісіне бөлген; үшеуі бірінші карбонатты қабатта КТ-I, А, Б, В+В пачкаларына тұралаған, және бесеуі екінші карбонатты КТ-II қабатындағы (Д-III,Дн-1,Дв-1) қабатшалар ,(пачкалар Д және Гв-III,Гн-III қабаттары) объектінің алғашқы карбонатты қабатын бұрғылау тең үшбұрышты сеткалы 500х500, КТ-II тең үшбұрышты сеткалы 700х700.Әрбір игеру объектісі бойынша игерудің екі түрі қарастырылған. Бірінші карбонатты қабат КТ-I (А, Б, В+В) және объект бойынша екінші карбонатты қабат КТ-II (Гв-III, Гн-III, Д-III, Дв-I, Дн-I). КТ-I бірінші карбонатты қабатындағы А және Б пачкаларын ала жеті нүктелі аудандық су айдауды қарастырады.2-ші вариантта А және Б пачкасы бойынша барлық өнімді қабаттар барьерді су айдау бойынша игеріледі, ал В+В пачкасында барьерді су айдауы тек күмбезді” солтүстігіне қолдануды қарастырған. Оңтүстік күмбез бойынша бұнда су айдау артта қалып отыр, бұл мұнай жиегінің газ шапкасына төселіп, барлық аумаққа таралуына байланысты. В қабатын КТ-II карбонатты қабатының Д-III пачкасындағы қайтымды скважина қорынан, дара скважиналармен кезекті құрғату арқылы игеру ұсынылады. [3] Техсхемаға сәйкес Г пачкасына 4 игеру объектісі бөлінген; объект Г-I(оңтүстік алаңдағы) бірінші блокта, Г-II екінші блокта және Гн-III үшінші блокта. Д пачкасына игерудің үш объектісі бөлінген: жоғарғы Дв-1 және төменгі Дн-1(солтүстік алаңдағы) бірінші блокта. Гв-III, Гн-III, Дв-1, Дн-1 объектілері негізгі деп танылған, Г-1 объектісін скважинаның қайту қорымен игеруді қарастырған, Г-II және Д-III объектілерін төменгі коллекторлығына және онша көп емес қорына байланысты, уақытша тоқтату ұсынылған. [4] Техсхемадағы толықтыруда Гв-III және Гн-III кеніштерін Г-III пайдалану объектісіне біріктіруді ұсынған. Негізгі газоконденсатты кеніштерде ВНК және ГНК бар болуы, біртұтас гидродинамикалық жүйені коллекторлық белгілерімен және сұйықпен толтырылатын ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл жұмысты үш қатарлы жұмыс қатарына рұқсат етеді және суды газ шапкасының орталық аумағына айдаумен игеру варианты ұсынылады. Бұл вариантқа сәйкес мұнай газ шапкасындағы газбен ығысып, кейін сумен ығысады. сондықтан біртұтас ГНК жағдайында Гв-III және Гн-III кеніштерін мүмкіндігінше өндіруші скважинаны тең мөлшерлі сеткалармен ашу керек. Игерудің үшінші жұмысында аз өнімді объект ретіндегі Д-III кенішін уақытша консервациялау қарастырылған. пайдалану процесі кезінде жаңа деректер бойынша Д-III қабатының кеніші, екінші карбонатты қабаттармен салыстырғанда, өзінің жоғарғы өткізгіштігімен сипатталады. Сондықтан Д-III кенішін негізгі игеру объектілеріне кіргізу қарастырылған. Осындай сипатпен 10 пайдалану объектісі бөлінді. Бірінші карбонатты қабатқа 4 объекті бөлінді; Б, В+В юг және В+В север негізгі болып табылады, ал А объектісі қайтымды. Екінші карбонатты қабатта игерудің негізгі объектілері болып табылатын объектілер Г-III (Г-II объектісінің алаңымен бірге) Д-III, Дв-1 және Дн-1; Г-I объектісі қайтымды объект. [4] ұсынылып отырған вариант бұрынғы қабылданған технологиялық шешімдерге сүйене отырып, негізгі принцпиальды коррективтерді ұсынады: Осыған байланысты жобалау скважиналарының сандарын азайтып (мүмкіндігінше шекті қабатты үлкейту, бұрғылау үшін 8-ден 16 метрге дейін) және бұрғылау алаңдарын қысқарту; екінші карбонатты қабат объектілеріне 3 қатарлы су айдау жүйелерін енгізу; алғашқы су айдау есебінен КТ-I объектісі бойынша, жобаланатын әсер ету жүйесін күшейту.Г-III объектісіне барьерді су айдау 4-ші жұмыс вариантындағыдай ұсынылды.
|
|||
|