Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





СТАНДАРТТАЛҒАН ПАЦИЕНТПЕН ӨТКІЗІЛЕТІН



СТАНДАРТТАЛҒАН ПАЦИЕНТПЕН ӨТКІЗІЛЕТІН

КЛИНИКАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ (СЦЕНАРИЙ)

 

1. Стандартталған науқаспен өткізілетін №1 клиникалық қойылым.

2. Клиникалық қойылым атауы: «Анафилактикалық шок».

3. Қойылым түрі: әңгімелесу түрінде машықтану, анамнез жинау, физикалық қарау, коммуникативтік дағды, клиникалық дағдылар/енгізулер.

4. Науқастың Т.А.Ә.: Жұмабаева Айнұр Ахметовна, 21 жаста, Қ.Жұбанов университеті, 4 курс студенті, қазақ, әйел,.

5. Қоршаған орта: Ақтөбе облыстық аурухана науқас палатасы.

Науқас шағымдары:сол қолының қышынуы, ауырсынуы, әлсіздік, жүрек айну, ауа жетпеу, қорқыныш сезімі, көзінің қарауытуы, есінен тану.

Ауру анамнезі:Науқастың қасындағы досының айтуы бойынша: саябақта серуендеп жүргенде сол қолын жылан шаққан. Өзінің ауруын жылан шағуымен байланыстырады.Сол кезден бастап жоғарыдағы шағымдар мазалаған. Жедел жәрдем келмес бұрын алғашқы көрсетілген көмек жылан шаққан жерден жоғары жгут салынған. Жедел жәрдем адреналин мен преднизолон екпесін салды. Науқас шұғыл түрде облыстық аурухананың реанимация бөлімшесіне жатқызылды.
 Өмір анамнезі:Дамуы жасы мен жынысына сай.Туберкулез, Боткин,тері-венералогиялық аурулармен ауырмаған.Тұқымқуалаушылық анамнез өзгеріссіз. Досының айтуынша цитрусқа,антибиотикке аллергиясы бар.Жанұясында- бірінші бала.Жүкітілік,түсіктер болмаған.Зиянды әдеттері жоқ.Хирургиялық оталар,қан құюлар болмаған.

ФИЗИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ          

Бойы = 168 см., салмағы = 54 кг.ДМИ (ИМТ)-19 кг/м3.

Түскен кезде:Жалпы жағдайы ауыр. Санасы айқын емес, сұрақтарға қиын жауап береді. Төсектегі қалпы пассивті. Дене температурасы 36,7 °С, бетінің, мойнының және кеуденің айқын қызаруы анықталды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сүйек-буын жүйесі бойынша патология анықталмайды. Кеуде клеткасы нормостеникалық, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады. Пальпацияда кеуде клеткасы ауырсынусыз. Тыныс алуы шулы, беткей, ТАЖ 28 рет мин. (16-18 рет мин), аускультацияда өкпеде көптеген ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ритмді. АҚҚ 60/20 мм.с.б.б. Пульсі әлсіз 120 рет/мин.Тілі таза,құрғақ.Іші жұмсақ, ауырсынусыз.Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Екі жақ бел тұсында «Қағу» симптомы теріс мәнді. Зәр шығаруы қалыпты,ауырсынусыз. Үлкен дәреті қалыпты. Аяқ-қолда ісіктер жоқ.

Қойылым ережесі:

Дәрігер-интерн үшін:

1. Мединициналық қызметкерлер ережеге сай киімі мен негізгі қажетті заттары: таза, үтіктелген, ақ халат, барлық түймелері тағылған, ұзын халат сонымен қатар өзімен бірге стетофонендоскоп, тонометр, сантиметрлік лента, қағаз және қалам болуы шарт.

2. Дәрігер жақсы тәртіпте, адамгершілігі бар, жағымды, сенімді дауыспен науқаспен қарапайым қарым- қатынас орнатып оған мейірімді, ұқыпты болу шарт.

3. Палатaға кірер кезде дәрігер интерн науқасқа деген мейіріммен сабырлық көрсете білу керек. Ең бірінші дәрігер науқасты көрген кезде амандасу керек. Дәрігер сұрақтарды асықпай қоюы керек және науқасты өзіне қарата білу керек. Дәрігер науқастың қасына орындық алып отыруы қажет. Сосын паспорттық бөлімдерін дұыстап сұрастыру керек.

4. Дәрігер науқастың шағымдарын дұрыс білу үшін мынадай сұрақтар қою қажет:«Сізді не мазалайды?» немесе «Сіздің шағымдарыңыз?». Науқастың симптомдарын білу үшін басқа да сұрақтар қойылады.

5. Науқас ауру анамнезінде өмір анамнезін айтады. Тағамдық анамнез, зиянды әдеттерімен тұқымқулаушылық анамнезін айтады.

6. Әрі қарай дәрігер интерн науқаста қарау жүргізеді: тері жамылғыларымен көзге көрінетін кілегей қабаттары, ауыз қуысы. Перифериялық лимфа түйіндерін пальпациялайды. Өкпе, жүректің пальпациясын, перкуссиясын және аускультациясын жүргізеді. АҚҚ, тамыр соғысын, ЖСЖ өлшейді.

7. Іштің беткей және терең пальпациясын жасап, ауырсыну нүктесін анықтау. Бауыр және талақ перкуссиясын жасау. 

8. Алғашқы диагнозды негіздеу.  

9. Зерттеу жоспарын құрастыру.                                

10. Содан кейін интерн дәрігер қажет деп есептелетін қосымша зерттеу әдістерін сұрастырады. Берілген лабораторлы инструментальды көрсеткіштерге интерпритация жасау қажет. (интерн дәрігерге дайын лабораторлы инструментальды көрсеткіштері беріледі. ).

11. Клиникалық белгілері ұқсас аурулармен екшеу диагностикасын жүргізу.

12. Клиникалық диагнозды негіздеу.

13. Емдеу жоспарын құрастыру, препараттар тобын тағайындап, оларды негіздеу, рецепт жазу.

14. Сабақ соңында қорытынды жүргізу, қателермен жұмыс жасау және баға қою.

2. Науқас үшін:

1. Стандартталған науқас (интерн, волонтер) науқас сияқты көрінуі тиіс. Яғни, ауруханалық киім және аяқ киім, жеке гигиеналық қажетті заттар (тіс щеткасы , сабын, сүлгі, тарақ)

2. Стандартталған науқас (интерн, волонтер) ұшқалақ, қозған, қобалжыған немесе шаршаңқы болуы мүмкін.

3. Дайындалған сценарий бойынша қойылған сұрақтарға қатаң жауап беру керек, бірақ қосымша ақпарат бермеу керек.

4. Барлық сұрақтарға асықпай жауап беру және дәрігер интернді бөлмеу керек.

5. Науқас өзін шынайы ұстау керек, еркін, ым ишараға, мимикаға көңіл бөлу керек. Палпация кезінде ауырсынуды мимикамен және (ой-ой, ауырады!) сөзімен немесе дәрігер қолын аздап қағумен білдіреді.

6. Науқас қысқа жауап бермеу керек, яғни «Иә» немесе «Жоқ».

7. Дайындалған сценарийді жақсы білу керек.

3. Реквизиттер:

1. Стандарталған пациентке науқасына сай киім жейде, кең шалбар кию керек.

2. Негізгі ауруға сәйкес түр әлпетін әлсіз,болбыр көрсетуі керек.

3. Жеке туалет құралдары, сүлгі, аяқ-киім т.б болу қажет.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.