Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тапсырмаға қосымша: зерттеу тәсілдерінің нәтижесі №1 (А)



Тапсырмаға қосымша: зерттеу тәсілдерінің нәтижесі №1 (А)

1. Жалпы қан анализі: НЬ - 130 г/л, лейкоциттер - 7,8х109/л, эозинофилдер -10%, таяқшаядролы нейтрофилдер - 3%, сегментядролы нейтрофилдер -65%, лимфоциттер - 20%, моноциттер - 2%, СОЭ - 5 мм/сағ.

2. Кеуде қуысының рентгенографиясы: Өкпе алаңы мөлдір, жоғары ауалы, түбірі структуралы. Өкпеде ошақты және инфильтративті көлеңке анықталмайды. Диафрагма қозғалмалы. Өкпе синустары бос.

3. ЭКГ: синустіритм, ЖСЖ 114 рет 1 минутта. PQ 0,12 мс, QRS 0,08 мс.

Тапсырмаға сұрақ:

1. Алғашқы диагнозды құрастыр.

2. Анафилактикалық шок кезіндегі патологиялық реакциялардың даму механизмы қандай?

3. Анафилактикалық шоктың ауырлық дәрежесіне тән көріністерді ата.

4. Шокқа қарсы көмектің планын құр.

5. Анафилактикалық шок кезінде глюкокортикостероидтар қандай мақсатта тағайындалады?

 

 

№1 тапсырмаға жауап эталоны

  1. Анафилактикалық шоктың I дәрежесінде новокаинды көктамырға енгізу;

2. Анафилактикалық шок аллергенмен қайта жанасқан кезде сенсебилизацияланған организмнің жедел, жүйелі түрде дамитын I типті аллергиялық реакциясы (реагинді, аллергиялық реакцияның IgE- типі). Аллергендердің IgE- мен (кей жағдайларда IgG4) әрекеттесіп, базофильдер мен мес клеткаларының бетіне шөгуі осы клеткалардан аллергиялық реакция тудыратын (гистамин, серотонин) медиаторлардың бөлінуіне әкеледі. Гистаминнің физиологиялық және патологиялық эффекттері Н1- жіне Н2-типті мембрана рецепторлары арқылы жүреді: тамыр өткізгіштігінің артуы (венула аймағындағы эндотелийдің клеткааралық әсерінің әлсіреуінен), салалы бұлшық еттің жиырылуы, өкпелік вазоконстрикция, клеткаішілік цГМФ концентрациясының артуы, жоғарғы тыныс алу жолдарынан кілегей бөлінуінің артуы, эозинофильдер және нейтрофильдер хемотаксисінің артуы, Т-лимфоциттер активациясы, простагландиндер F2α, Е2, тромбоксан В2, лейкотриендер және т.б. бәлінуінің артуы. Серотонин артериолдардың және бронхтардың вазоконстрикциясынтудырады, ащы ішектің перстальтикасын реттеп отырады. Осы медиаторлардың аллергиялық әсері бара – бара ішкі мүшелердің салалы бұлшық етінің айқын спазмына, стазына, гемолизге, қанайналым жетіспеушілігіне, тамыр қабырғасының өткізгіштігінің күрт жоғарылап, тіндер мен мүшелердің ісінуіне әкеледі. Аллергиялық реакцияның бұл түрі комплемент қатысуынсыз жүреді.

3.Анафилактикалық шоктың ауырлық дәрежесі гемодинамикалық бұзылыстардың деңгейіне байланысты. I дәрежегегемодинамиканың аздаған бұзылыстары жатады: АҚҚ қалыптыдан 30-40 мм.с.б.б. төмендеуі. Ауру ізашар белгілерімен басталуы мүмкін: бөріту, тамағының қышынуы және т.б. Науқастың санасы анық, мазасыз, қозғыштық, депрессия, өлім қаупі, кейде кызыну сезімі, төс артының ауырсынуы, құлағының шулауы, сирек жағдайларда: есекжем, Квинке ісігі, жөтел т.б. көрініс беруі мумкін. Анафилактикалық шоктың I дәрежесі шокқа қарсы терапияға жақсы нәтиже береді.

4.Интенсивті терапия бөліміне госпитализациялау, шокқа қарсы терапияны жалғастыру (эпинефрин, преднизолон, коллоидты, крислаллоидты ерітінділер), мониторлау. Бөлімшеден шыққаннан кейін 6 -12 айдан кейін толық аллергологиялық тексерістен өту керек екенін науқасқа түсіндіру;

5.Глюкокортикоидтарды анафилактикалық шок кезінде анафилаксияны, әртүрлі локализациялы ісінулерді, бронхообструктивті синдромды жедел басу, симптомдардың айқындылық дәрежесін төмендету және қайталамалы ұстамалардың алдын – алу мақсатында қолданылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.