|
|||
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАЙҚАУ КЕҢЕСІ БАРСтр 1 из 10Следующая ⇒ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАЙҚАУ КЕҢЕСІ БАР «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАНМЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМҚ
Дәрігер-интерн терапевттерге практикалық сабаққа арналған топтық-бағытталған оқыту әдісінің (TBL) әдістемелік нұсқауы Мамандығы: «Жалпы медицина» Пән: Ішкі аурулар Кафедра: «Интернатураның терапевттік бейіні мен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берукафедрасы» Курс: 6 (1 оқу жыл интерндері) Тақырыбы: Анафилактикалық шок.
Құрастырған: ассистент Аралбаева Л.С.
Ақтөбе 2016 жыл
Кафедра отырысында талқыланды « ___» ____________ 20__ж
Кафедра отырысында қабылданды
Хаттама № « ___» ____________ 20__ж
Кафедра жетекшісі, доцент Тоқбаева К.Қ.
«Аллергология» 1. Тақырыбы:Анафилактикалық шок. 2. Мақсаты: интерндерді анафилактикалық шокпен зардап шегетін науқастарға тексеру жүргізуге, дәлелдеу медицинасы талаптарына сәйкес және емдеу-тексеру технологиясының қазіргі жетістіктерін пайдалана отырып көмек көрсетуге, терапиялық пән негізінде науқастарға клиникалақ тексеру жүргізу дағдыларын игеруді үйрету. 3. Оқыту міндеттері: - анафилактикалық шокпен зардап шегетін науқастарды тексеру барысында науқастың шағымын сұрастыру, ауру тарихын жазуды және тәжірибелік дағдыларды үйренуді қалыптастыру; - анафилактикалық шокпен зардап шегетін науқастарды тексеру қағидасы бойынша дағдылар қалыптастыру; - анафилактикалық шокпензардап шегетін науқастарға қазіргі заманғы лабораторлық және аспаптық әдістер бойынша тексеру және талдау дағдыларын қалыптастыру; - ауру белгілері ұқсас сырқаттармен ажырату диагностикасын жүргізу ептілігін және дағдыларын қалыптастыру; - анафилактикалық шокпен зардап шегетін науқастарға ем тағайындау дағдыларын қалыптастыру. 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: - Анафилактикалық шок туралы түсінік. - Анафилактикалық шоктың этиологиясы мен клиникасы. - Анафилактикалық шокпен ауыратын науқастарды тексеру және диагноз қою. - Емдеу. - Анафилактикалық шоктың асқынуы. - Анафилактикалық шокқа медициналық-әлеуметтік экспертиза. - Анафилактикалық шоктың профилактикасы. 5.Оқу және оқыту әдістері: TBL әдісі бойынша:
|
|||
|