|
|||
I. Ұйымдастыру кезеңі.I. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Алғашқы білімді текеру. - тест – 1 вариант. - интерндер екі топқа бөлінеді. Екі топқа тест сұрақтары беріледі(интерндер жеке жауап береді). II. Сол тест енді екі шағын топтарға беріледі. Топ жұмысының нәтижесі «Жедел жауап беру картасымен» тексеріліп бағаланады. III. Аппелляция. Мұнда екі топ лекция материалдары, қосымша әдебиет мағлұматтарын пайдаланып сабақ тақырыбын талқылайды. Талқылау барысында әрбір интерн өзінің рөлін атқарады. Мысалы: біреуі материал таңдаса , екіншісі оны тәртіпке келтіреді, үшіншісі қосымша мәліметтер дайындайды, сөйтіп әрқайсысы өзінің жеке үлесін топтың жұмысына қосады. Топтар талқылап болды-ау дегесін, өзінің жұмысын нәтижесін көрсетеді. Баяндайтын интернді оқытушының өзі топ ішінен таңдайды. IV. Тәжірибелік тапсырма. 1. Тақырыпқа сай интерндерге ситуациялық жағдай ұсынылып «мәтіні» экранға шығарылады. Интерндер танысқаннан кейін алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап беріп, жағдайды талқылайды. 2. Интерндер барлық алған білімдерін қорытындылау үшін клиникалық сценарий бойынша стандартталған науқасты талдайды. Оқу-клиникалық орталықтың симуляциялық палатасында стандартталған науқаспен жұмыс жалғасын табады. Сабақ соңында клиникалық жағдайды қорғау жүргізіледі.Қатысушылармен дебрифинг жүргізіледі. Әңгімелесу соңында интерндердің білімін бағалау үшін қорытынды баға қойылады. Сарапшы-интерн өз қорытындысын сараптау қағазына ескертпемен енгізеді. Стандартталған пациентпен эксперт-интерннің қорытындысын пайдалана отырып, оқытушы өз бағасын қояды. Сабақ соңында топтардың жұмыстарына жинаған балдары айтылады, әр топтың интерндерін жекеше бағалайды. Интерндерге кері байланыс парағы беріледі, олар өз жауабын береді.
|
|||
|