Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Анафилактикалық шок кезіндегі эпинефриннің тері астылық енгізу дозасы қандай?



7. Анафилактикалық шок кезіндегі эпинефриннің тері астылық енгізу дозасы қандай?

A. 0,5 мл 0,1% эпинефрин ерітіндісі;

B. 2,5 мл 1% эпинефрин ерітіндісі;

C. 0,5 мл 0,001% эпинефрин ерітіндісі;

D. 50 мл 0,1% эпинефрин ерітіндісі;

E. 0,5 мл 0,01% эпинефрин ерітіндісі;

 

 

8. Анафилактикалық шоктың асқынуларына жатады:

A. Тромбоэмболиялар;

B. Жылулық шогы;

C. Ауырсыну шогы;

D. Маниакальды-депрессивті синдром;

E. Д гипервитаминозы.

 

9. Гипогликемиялық команың анафилактикалық шоктан айырмашылығы қандай?

A. АҚҚ жоғарылайды

B. Тыныс бұзылмайды, АҚҚ шамалап төмендейді

C. Бозарғандық

D. Әлсіздік

E. Естен тану

10. Егер шок пенициллин инъекциясынан кейін дамыса қандай препарат енгізу керек?

A. Пенициллиназа енгізу

B. кромогликат натрия енгізу

C. Н2 гистаминоблокаторлар енгізу

D. Құрысуға қарсы препараттар енгізу

Е. Вирусқа қарсы препараттар енгізу

 

Тесттік тапсырмалардың жауап эталоны

  1. –D
  2. –B
  3. –С
  4. – А
  5. – Е
  6. – B
  7. – A
  8. – A
  9. – B
  10. – A

                                                      

Ситуациялық есеп.

Науқас В., 19 жаста, студент, қабылдау бөліміне келесі шағымдармен жеткізілді: дене қызу сезімі, құлағының шулауы, құрғақ жөтел. Науқасқа бір сағаттай бұрын новокаинмен жергілікті жансыздандыру арқылы тіс экстракциясы жасалған. Препаратты енгізгеннен кейін 5 – 7 минуттан кейін науқас тыныс алуының қиындауын, бетінің ісінуін, ішкі жайсыздықты және жалпы әлсіздікті сезінген. Науқасқа 0,5 мл 0,1% адреналин және 16 мг дексаметазон көктамырға енгізілген, бірақ та соған қарамастан науқаста жоғарыдағы шағымдары сақталған. Анамнезінен: балалық шағында жануарлармен жанасқанда терілік бөртпе және шаңға аллергиялық ринит түрінде аллергиялық реакциялар байқалған. Жанұялық анамнезінен: әкесінде – бронхиальды астма, анасында – созылмалы есекжем.

Объективті:жағдайы орташа ауырлықта, абыржыған. Дене қызуы 36,7 °С. Арқа, кеуде, иық терісінде уртикарлы бөрітпелер, ерін және бет аймағының ісінуі, аздаған акроцианоз байқалады. Тыныс шығаруы шулы, ысқырықты сырылдар ара – қашықтықтан естіледі. Кеуде клеткасы нормостеникалық, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады. Пальпацияда кеуде клеткасы ауырсынусыз. ТАЖ - 26 рет/мин. Салыстырмалы перкуссияда – анық өкпе дыбысы қорап реңді. Аускультацияда көптеген құрғақ, шашыранды, улкен дисконтты сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ритмді. Пульс - 130 рет/мин. АҚҚ - 90/60 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.