Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Абайдың отыз үшінші қара сөзі



Егерде мал керек болса, қ олө нер ү йренбек керек. Мал жұ тайды, ө нер жұ тамайды. Алдау қ оспай адал ең бегін сатқ ан қ олө нерлі – қ азақ тың ә улиесі сол. Бірақ қ ұ дай тағ ала қ олына аз-маз ө нер берген қ азақ тардың кеселдері болады.

Ә уелі – бұ л ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жү ріп, кө ріп, біраз істес болып, ө нер арттырайын деп, тү зден ө нер іздемейді. Осы қ олындағ ы аз-мұ зына мақ танып, осы да болады деп, баяғ ы қ азақ тың талапсыздығ ына тартып, жатып алады.

Екінші – ерінбей істей беру керек қ ой. Бір-екі қ ара тапса, малғ а бө ге қ алғ ан кісімсіп, «мағ ан мал жоқ па? » дегендей қ ылып, еріншектік, салдау-салғ ырттық қ а, кербездікке салынады.

Ү шінші – «дарқ ансың ғ ой, ө нерлісің ғ ой, шырағ ым», немесе «ағ еке, нең кетеді, осы ғ анамды істеп бер! » дегенде «мағ ан да біреу жалынарлық қ а жеткен екенмін» деп мақ танып кетіп, пайдасыз алдауғ а, қ у тілге алданып, ө зінің уақ ытын ө ткізеді. Жә не анағ ан дү ниенің қ ызығ ы алдауды білген дегізіп, кө ң ілін де мақ тандырып кетеді.

Тө ртінші – тамыршылдау келеді. Бағ анағ ы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нә рсені берген болып, артынан ү йтемін-бү йтемін, қ арық қ ыламын дегенге мә з болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қ алыппын ғ ой деп, жә не жасынан іс істеп, ү йден шық пағ андық қ ылып, жоқ -барғ а тырысып, алдағ анды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе ө зінен қ осып, қ ылып бер дегенінің бә рін қ ылып беріп, кү ні ө тіп, ең бек қ ылар уақ ытынан айрылып, «жоғ ары шық қ а» қ арық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығ ып кетіп, енді олар қ ысқ ан кү ні біреудің малын бұ лдап қ арызғ а алады. Оны қ ылып берейін, мұ ны қ ылып берейін деп, соныменен табыс қ ұ ралмай, борышы асып, дауғ а айналып, адамшылық тан айрылып, қ ор болып кетеді. Осы несі екен. Қ азақ тың баласының ө зі алдағ ыш бола тұ рып жә не ө зі біреуге алдатқ ыш болатұ ғ ыны қ алай?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.